Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3817 1 пікір 10 Ақпан, 2021 сағат 13:02

«Қазақстан интеграциялық бірлестіктердің барлық жұмыс органдарында өкілдік етуі тиіс»

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин интеграциялық бірлестіктердің жұмыс органдарында Қазақстанның біркелкі өкілдік ету қағидатының сақталуына қатысты пікір білдірді.  

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің Біріккен алқасы туралы шартқа ратификациялық түзетулерді қарау барысында депутаттар 10 жұмыс тобының ішінен түрлі бағыттар бойынша біріккен әріптестік шеңберінде тек біреуін қазақстандық тарап, ал 9-ын Ресей өкілдері басқаратынына назар аударды.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин бұл мәселенің Қазақстанның мүддесін қорғау үшін маңыздылығын айтып, депутаттар барлық парламенттік интеграциялық бірлестіктердегі жұмыс тәсілдерін өзгерту үшін көптеген шараларды қолға алып келе жатқанына назар аударды.

Н.Нығматулиннің пікірінше, осындай қадамдарды жұмыс органдарында да жасау керек.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1574
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1463
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1212
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1193