Дүйсенбі, 13 Мамыр 2024
2802 1 пікір 9 Ақпан, 2021 сағат 13:26

ҚР қаржы вице-министрі қызметінен босатылды

Руслан Бекетаев ҚР қаржы вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің ресми сайты хабарлады. 

«ҚР Үкіметінің Қаулысымен Руслан Бақытжанұлы Бекетаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі қызметінен босатылды», - делінген хабарламада.

Руслан Бекетаев 1975 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Әр жылдары ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының, ҚР Ұлттық банкінің, ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің құрылымдарында, сондай-ақ қаржы полициясы мен Қаржы министрлігінің құрылымдарында түрлі лауазымдар атқарды. 2014 жылғы шілдеден қазіргі уақытқа дейін ҚР қаржы вице-министрі болды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1969
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2326
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1906
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1562