Жексенбі, 19 Мамыр 2024
3523 1 пікір 1 Ақпан, 2021 сағат 12:32

Өзбекстанда вирустың британдық штамы анықталды

Өзбекстанда коронавирустың британиялық штамын жұқтырған науқас тіркелді. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, жаңа штамм 10 жасар қыздан анықталған. Ол 23 қаңтар күні туыстарымен бірге Дубайдан оралған.

"Әуежайда жасалған экспресс-тест оң нәтиже көрсетіп, ол [қыз] инфекциялық ауруханаға жіберілді. Сол күні функционалды-клиникалық тексеру жүргізіліп, симптомсыз өтіп жатқан Covid ауруы диагнозы қойылды" делінген министрлік хабарламасында.

Хабарламада науқастың туыстарынан коронавирус анықталмағаны, олардың үй карантинінде жатқаны айтылған.

Министрлік науқастың жағдайы қанағаттанарлық, ешқандай шағымы жоқ деді.

Өзбекстан денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-гигиеналық ережелерді орындауға, қоғамдық орындарда маска тағып, қашықтық ұстануға шақырды.

"Қажеттілік болмаса, шетелге шықпауға шақырамыз" делінген хабарламада.

Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, Өзбекстанда барлығы 78,7 мың Covid науқасы тіркелген. Оның ішінде 621 науқас қайтыс болған.

Орталық Азияның өзге елдеріндегідей Өзбекстан ресми дерегіне күмән келтіретіндер де бар.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2150
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2557
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2387
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661