Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2978 0 пікір 1 Шілде, 2009 сағат 20:30

Әділжан ҮМБЕТ. Судың ақшасы «суға» кетті

Сыр бойының бас шаһары - Қызылорда қаласының су және кәріз жүйелері әбден көнеріп, әлеуметті әрі-сәрі күйге түсіріп келеді. Обалы кәне, бұл түйткілдің түйінін тарқатуға мемлекет тарапынан қомақты қаржы қаралып, жергілікті жұрт қуанысып қалған еді. Алайда 2006-2008 жылдар аралығында облыс орталығында осы бағытта атқарылған жұмыстардың ақаулығы қала тұрғындарының ренішін туғызып отырған жайы бар.

Қазына қазанынан үш жыл көлемінде 3 млрд теңгеден астам қаржы аталған мәселені шешуге бөлінген. Алайда республикалық және облыстық бюджеттен қаралған ақшаның тең жарымына жуығы тиімсіз жұмсалыпты. Осының салдарынан түпкілікті нәтижеге қол жеткен жоқ. Жақында ақшаның жұмсалу барысын бақылаған облыстық мәслихаттың тексеру комиссиясы осындай қорытындыға келіп отыр.

Халық қалаулылары нені байқады? Облыс орталығымен іргелес қонған Тасбөгет кентін ауызсумен толық және жергілікті қамтамасыз ету үшін салынған бас су өндіру қоймасы 2007 жылы балансқа алынған екен. Өкінішке қарай, ол арада екі жылдай уақыт өтсе де, әлі күнге дейін жұрттың кәдесіне жарамай тұр. Тасбөгет тұрғындары залалсыздандырылмаған суды пайдалануға мәжбүр. Бір қызығы, сол кездегі қала басшылары аталған жоба негізінде бірқатар жайларды назардан тыс қалдырған көрінеді. Айналып келгенде, бұл келеңсіздіктен кенттегі «Наурыз» және «Тасарық» шағын аудандарындағы насостық стансалар қайта жаңғыртылмады. Мәселен, бұл аумақтардағы екі қабатты үйлердің өжірелері лас суға толып тұр. Айтпақшы, ондағы тұрғындар орталықтандырылған жылу жүйелерінің кесіліп тасталуы салдарынан қыстың көзі қырауда кәдімгі пешке от жағып, бой жылытуға мәжбүр.

Екі жыл көлемінде қала аумағында жасалған жұмыстың біразы сапасыз орындалған. «Қызылорда су жүйесі» мемлекеттік кәсіпорны өз жұмысына немқұрайды қарайды десек те болады. Өйткені қаладағы №4 насос стансасында жаңғырту жұмыстары жүргізілген. Әйтсе де онда ауызсу мен шаруашылық қажеттілігіне жарайтын су желісі қаралмаған болып шықты. Осының салдарынан қаншама қаржы жұмсалған жұмыс толық қуатында іске қосылмай тұр.

Бір сөзбен айтқанда, қазына қазанынан қаралған қаржының біраз бөлігі желге ұшты. Оған жауапты сала мамандары өз жұмысына жауапкершілік таныта алмай отырғаны өкінішті-ақ. Өркениетке қадам басамыз деп өрекпіген тұста баяғы әдетіне басып, жартыкеш жұмыс істеуден арыға аса алмай жүргендер Қызылорданың көсегесін жақын арада көгерте ала ма? Қайдам?..

Облыстық мәслихат тексеру комиссиясының төрағасы Жарылқасын Шәріповтің айтуынша, бұл мәселелер салаға жетекшілік жасайтын қала әкімінің орынбасары және басқа да мамандарға ескертілген. Әйтсе де суға бөлініп, «суға» кеткен қаржының қайтарымын кімнен сұраймыз?

Әділжан ҮМБЕТ, Қызылорда қаласы

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2097
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2514
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2194
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1620