Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3382 0 пікір 1 Шілде, 2009 сағат 20:21

Қызмет көрсету сапасы нашар болып тұрған кезде шетелде демалушылардан патриотизм талап етуіміз дұрыс па?

Әлемдік дағдарыс жағдайында туризмі айрықша дамыған елдер баға саясатын өзгертуге мәжбүр. Оған қоса қызмет сапасын жақсарту, туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағын да мықтап қолға алды. Алысқа бармай-ақ қояйық, қырғыз ағайындар көктем шықпай жатып туризм мәселесін майшаммен қарап тастады. Соның нәтижесінде туристік агенттіктер қызмет көрсету құнын 20-50 пайызға дейін төмендеткен. Өткен жылмен салыстырғанда, биылғы жылдың бірінші тоқсанында Қырғызстанда демалушылар саны 30 пайызға артқан көрінеді. Сервис жағынан Еуропадан кем түспейтін Түркия да бағаны арзандатты. Ал жаз айларында біздің азаматтар, негізінен, осы екі елге бағыт алады. Себебі белгілі - өзімізде баға удай қымбат, қызмет көрсету деңгейі төмен. Солай бола тұра, шетелде демалғысы келетіндерден отандық туризмді қолдауын талап етуіміз дұрыс па?

011113

Светлана ЖАЛМАҒАМБЕТОВА, сенатор:

Әлемдік дағдарыс жағдайында туризмі айрықша дамыған елдер баға саясатын өзгертуге мәжбүр. Оған қоса қызмет сапасын жақсарту, туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағын да мықтап қолға алды. Алысқа бармай-ақ қояйық, қырғыз ағайындар көктем шықпай жатып туризм мәселесін майшаммен қарап тастады. Соның нәтижесінде туристік агенттіктер қызмет көрсету құнын 20-50 пайызға дейін төмендеткен. Өткен жылмен салыстырғанда, биылғы жылдың бірінші тоқсанында Қырғызстанда демалушылар саны 30 пайызға артқан көрінеді. Сервис жағынан Еуропадан кем түспейтін Түркия да бағаны арзандатты. Ал жаз айларында біздің азаматтар, негізінен, осы екі елге бағыт алады. Себебі белгілі - өзімізде баға удай қымбат, қызмет көрсету деңгейі төмен. Солай бола тұра, шетелде демалғысы келетіндерден отандық туризмді қолдауын талап етуіміз дұрыс па?

011113

Светлана ЖАЛМАҒАМБЕТОВА, сенатор:

Иә
- Әрине, туризм дамысын-дамымасын, патриоттық ұран болу керек. Бірақ ол екі ұғым бір-бірімен байланысты емес. Туризм экономиканың бір бөлшегі болғандықтан, экономиканың дамуына үлкен ықпал ететіні сөзсіз. Өкінішке қарай, елімізде туризм баяу дамып келеді. Бірақ оған да уақыт керек шығар. Ол үшін алдымен инфрақұрылым жағын қолға алған жөн. Мәселен, шетелге демалуға барғандар тек теңізге шомылып қайту үшін бармайды ғой. Тарихи орындарды аралау, су астындағы балықтарды тамашалау, аквапаркке балаларын апару, міне, соның бәрі - инфрақұрылым. Бізде ол жағына қаржы жетпейді. Ал инвесторлардың бұл салаға қаржы салуға құлқы жоқ. Олар мұнай немесе газ сияқты тез табыс әкелетін салаға құйғанды тәуір көреді.

Сол себепті біздегі туризм кенже қалып отыр. Әйтсе де, бірқатар шаралар қолға алынды. Бурабай курорт аймағын салу туралы Үкімет арнайы қаулы қабылдады. Бурабайға апаратын жол, демалыс үйлері салынуда. Әрине, жергілікті демалыс орындарындағы баға қымбат дегеніңіз дұрыс. Неге олай? Себебі туристік компаниялардың бәсекеге қабілеттілігі жоқ. Жалпы, бізде қысқы туризмнен гөрі жазғы туризм жолға қойылған. Жазда ақшаны жинап алып, қыста бос отырады. Жыл бойы жұмыс істесе, қыста шаңғы теуіп дегендей, жұрт барар еді. Бірақ бәсеке жоқ. Ал нарық болған соң бәсеке болу керек. Демалғысы келген адам енді қайтсе де барады. Ақшасы аз болса, таңдауға мәжбүр. Мысалы, Ыстықкөлмен екі арадағы қысқа жолды салып бітірсе, ол жаққа көбірек барар еді. Қазір 500 шақырым жолдың шығынын кез келгеннің қалтасы көтере бермейді. Алыс шетелде де демалыс орындарындағы бағаны арзандатып жатыр. Мәселен, Түркияны алатын болсақ, бұл елде туризм әбден жолға қойылған, инфрақұрылымы да жақсы. Дағдарыс кезінде олар бағаны арзандатып, демалушылардың санын көбейту арқылы пайда тапқысы келеді. Сөйтіп, сан жағынан да, сапа жағынан да ұтады. Былтырғы жылмен салыстырғанда, Түркияда туристерге қызмет көрсету 15-20 пайыз арзандаған. Барып-келу арзанға түседі. Бізде демалыс орнын салуға қыруар ақша салынады да, соны жылдам қайтарғысы келеді. Нарықтық экономикада ешкім тегін жұмыс істемейді. Бірақ оның өз пайдасы мен демалушының пайдасы сәйкес келуі тиіс. Әрине, ақша өзімізде қалғаны дұрыс болар еді. Мәселен, Сарыағашта қалталы адамдарға арналған сауықтыру орны бар деп естідім. Одан гөрі бағасы төмен, 2-3 есе арзанға түсетін орын да бар. Бірақ су біреу ғой. Қайсысын қалтасы көтереді, соған барады. Барлық жерде осы секілді таңдау болуы қажет.

02224

Сейдахмет Құттықадам, саясаттанушы:

Жоқ
- Шыны керек, біздің адамдар шетелде амал жоқтықтан демалады. Қарапайым халық не үшін жарамсыз жерде демалуы тиіс? Ең әуелі шенеуніктердің өзі патриотизмін көрсетсін.
Жалпы, бұл мәселеге екіжақты қараған жөн. Біріншіден, елімізде шұрайлы жер көп. Тек Көкше емес, Алматы, Ақтау, Атырау дейсің бе, тізе берсек, небір керемет жерлер көп. Сондықтан туризмді дамыту әлі де кеш емес. Әсіресе экологиялық туризм қызықты. Бізде құм да, тау да, шөл де, шөлейт те бар. Бір өкініштісі, шұрайлы жерлерді құртып жатыр. Анау Көкшетауға қайдағы бір нәрселерді салып тастады. 1000 жылдық көне ағаштар бар еді, оның бәрін құртты. Балқаштың жағдайын өзіңіз білесіз. Арал, Каспий... Сол себепті шенеуніктердің санасын көтеру керек.

Біздің адамдар амалдың жоқтығынан нашар, қызмет сапасы төмен демалыс орындарына баруға мәжбүр. Ал сапасыз демалысқа ақша жұмсаудың қажеті не? Кез келген адам барған жерінің көңілінен шыққанын қалайды. Сол үшін демалыс орындарының деңгейін көтеру қажет. Қазір халықта ақша аз. Демалысқа бармаса да, тапқан-таянғанын елдің ішінде қайда болса да жұмсайды, бәрібір жаратады. Туризмді дамыту үшін не істеу керек? Әлемдік туризмнің мақсаты - шетелден туристерді көптеп тарту. Біз де сырттан ақша тартуға ұмтылуымыз керек емес пе?

Түйенің үстіне отырғызу, көкпар шапқызу, киіз үйде тұрғызу сияқты неше түрлі шетелдіктер үшін таңсық нәрселерді ұсынуға болады. Бірақ ол да жеткіліксіз. Шетелдіктер екі нәрсені талап етеді. Біріншіден, тамақ жағы дұрыс болу керек. Өйткені, тамақ дұрыс болмаса, екінші рет ол қайтып келмейді. Уланып қалам деп қорқады. Екіншіден, тазалық жағына қатты мән береді. Соған сәйкес жағдай жасау керек. Біз басқа елден кембіз бе? Туризмді дамыту үшін әлемдік тәжірибені зерттеп алған дұрыс. Әншейінде ақшамыз көп деп мақтанамыз. Ақша көп болса, неге осы туризм саласын дамытпасқа. Ең бастысы, қажетті нысаналарды салып тастаса, бастапқы кезде ғана шығын көп болады. Бір жолға қойып алған соң, жыл сайын он пайыз ғана шығын шығады. Қолдағы қаражатты ұқсатып жұмсау қажет. Бізде өндіріс жоқ, ал туризмді дамытса, елге қыруар қаржы әкелер еді. Кипр, Испания, Түркия осылайша туризмнен көп пайда тауып отыр ғой. Ал біздің шенеуніктер бөлінген қаржының 60 пайызын қалтасына салады да, тек 40 пайызын жұмсайды. Содан кейін туризмді де дамыта алмай отырмыз. Міне, осындай жемқорлықтың кесірінен неліктен жұрт қызмет көрсету сапасы төмен орындарға барып демалуы тиіс?

Түйін
Елімізде туризмді дамыту үшін 2007-2011 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарлама қабылданған болатын. Оны жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 59318221 мың теңге бөлінуі тиіс. Оның ішінде:
2007 жылы - 2329668 мың теңге;
2008 жылы - 20637405 мың теңге;
2009 жылы - 30635357 мың теңге;
2009 жылы - 30635357 мың теңге;
2010 жылы - 2774656 мың теңге;
2011 жылы 2941135 мың теңге жұмсалады деп бекітілді (жыл сайын бюджетке сәйкес өзгертулер енгізіледі).
Алайда туризм саласындағы түйін тек қаржыға тіреліп тұрған жоқ. Жергілікті тұрғындардың өз елінде демалуы үшін ең алдымен инфрақұрылымды жақсарту қажет. Мамандардың да, қарапайым халықтың да пікірі осындай.

 


Әзірлеген Гүлнар АХМЕТОВА

«Алаш айнасы» газеті 1 шілде 2009 жыл

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2091
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2506
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2171
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1617