Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3428 0 пікір 9 Наурыз, 2012 сағат 07:21

Сырым Дат. Казлото қашан Қазлото болады?

Елде Қаржы министрлігінен рұқсат алып, лото ойынының көрігін қыздырып отырған аз ғана серіктестіктер бар. Олардың барлығы дерлік  - орыстілді бизнесмендер, бірақ лотоқұмар негізінен - қазақтілді жұртшылық. Оның өзіндік себебі бар. Мұндай жеңіл ойынмен пайда табу психологиясы негізінен бизнеске бейімі аз әлеуметтік топтарға тән көрінеді. Ал, қазақтілді азаматтарды бизнеске икемдейтін шара болмады десек, қателеспейміз. Себебі, соңғы 20 жыл ішінде экономика мен бизнес тақырыбы тек қана орыс тіліндегі идеологияға негізделген. Бизнес мектептері мен курстары, толған қауымдастықтар тек қана орыс тілді аудиторияға бағытталған шаралар мен қызмет етуді дағдыға айналдырған. Тіпті, мемлекет басшысы да экономика турасына көшкенде Ресейдің мемлекет тіліне ауысатыны рас.

Назарға түсіп отырған мына лотопарақтарды «Милан KZ» ЖШС 2007 жылғы 3 тамызда ҚР Қаржы министрлігіне қарасты комитеттің рұқсатын алып кіріскелі бірнеше жыл болыпты. Басқасын қойғанда, осы парақтардағы негізгі ойын беті орыс тілінде толтырылған. Ал, қазақша беттерінің қарыптары да ұсақ, реңсіз, көрнексіз. Бұған қоса аталған ойынның арнайы порталы тек қана Ресей федерациясының мемлекеттік тілінде ғана қызмет етеді, ақпарат береді, қараңыз:  http://kazloto.kz/.

Әрине, бұндай жолмен кімге болса да тиісуге болады, себебі, қазақтілді азаматтардың құқы шектеліп, оларға менсінбей қарау орын алып отыр. Алайда, мұндай басыну неге тоқталмайды? Себебі, қазақтілді азаматтардың  құқығын жүйелі де тұрақты қорғайтын қоғамдық ұйымдар мен тұлғалар жоқ және оған шағынатын азаматтардың белсенділігі төмен. Айталық, әлгі қыруар фирмалардың жүздеген сайттарын бақылайтын, тәртіпке келтіретін прокуратура жүйесінің қауқары аз, қызметкерлері шектеулі. Олар оның бәрін қамтый алмайды, тек қана мемлекеттік құқық аяққа басылғанда, ал азаматтардың құқығы шағымдалғанда ғана тексеруге негізделген. Бұдан бірнеше жыл бұрын «Рух» клубы басшылары Ұлттық лотереяны сотқа тартып, жеңген еді, бірақ жағдай одан өзгермеді. Себеп: ол бірен-саран инсидент қана, жүйе емес, қоғамдық жаппай белсенім нәтижесі емес.

Біздің қазақтілді ортада «құқық қорғау» деген ұғым жоқ! Тек қана «Құқық күзету» ұғымы бар. Құқықты күзету прокуратураның міндеті болғанмен, құқықты қорғау тек қана сол құқыққа «шабуыл жасалғанда» ғана, соның нәтижесінде шағым түскенде ғана қорғалатынын қазақтілді орта әлі игерген емес. Бұл ұғым мен саланы қазақтілді лингвистика да меңгермей отыр. Аталған «қорғау» мен «күзетуді» бір ғана «Құқық қорғау органдары» деген тіркеспен беріп жүргені сондықтан. Ал, орыс тілінде бұл ұғымдар «правохранительные органы» және «правозащитные организаций» деген тіркестермен аталады және екі ұғым да, оған қызмет ететін ұйымдар да әр түрлі. Құқықты қорғайтын негізінен қоғамдық ұйымдар, оны құратын азаматтар қазақтілді болмаса, сол ортаны қорғайтын да күш жоқ деген сөз! Міне, қазақ тілінің де, оның ортасының да иесіз қалып отыруы осыдан! Одан арғы ойды патша көңілді оқырманның өзі жалғастырсын.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2145
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2550
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2362
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1660