Сенбі, 27 Сәуір 2024
3936 6 пікір 25 Қаңтар, 2021 сағат 11:39

Қазақстанда жаңа банк пайда болды

Қазақстанда жаңа банк пайда болды. Енді Kassa Nova банкі Freedom Finance Kazakhstan деп аталады. Бұл туралы LS мәлімдеді. 

Биржаның хабарлауынша, шешім 2021 жылы 15 қаңтарда Kassa Nova акционерлерінің жалпы жиналысында қабылданған.

«Күн тәртібінде Kassa Nova банктің атауын Freedom Finance Kazakhstan банкі етіп өзгерту туралы мәселе қаралды. Ұсыныс мақұлданды», - деп мәлімдеді KASE.

Сонымен қатар, мәжіліс Freedom Finance Kazakhstan банкінің жаңа редакциясының жарғысын мақұлдады.

Бұған дейін Freedom Holding Corp.Kassa Nova Bank-ті сатып алуды аяқтағанын хабарлаған. Холдингтің жалпы құны 52,9 миллион долларды құрады. Ал, Freedom Finance таза кірісі жеті еседен астам өсті.

Abai.kz

6 пікір