Сенбі, 18 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3288 0 пікір 7 Наурыз, 2012 сағат 08:04

Қатынымен ұрысып қалған қызылордалық азамат бір млн. гүл сатып алмақ

Ақпарат көздерінен осындай бір ірі «жаңалықты» көзіміз шалып қалды. Сосын біздің оқырман да біле берсін деп жазып отырмыз.

Рас, жұбайымен 8 наурыз - әйелдер мерекесі күнінің қарсаңында қатты ренжісіп қалған қызылордалық бір мырза бір миллион алқызыл раушан гүліне тапсырыс беріпті. Сөйтіп сүйіктісінің алдынан өтіп, кешірімін алмақ көрінеді. Zakon.kz  сайтының жазуына қарағанда, тапсырыс қабылдаған гүлсататын дүкенннің иесі бұрын-соңды бұндай кереметті көрмегенін айтады.

- Ілгеріде бізге дәл осындай тапсырыс берген жан болған емес, - дейді гүл сатушы, - тапсырыс иесінің талғамы сондай - алқызыл раушан гүлдерінің дестесі бірдей және бәрі  голландық болуы керек.

Бір ғана гүл сатушының дүкенінде емес, жалпы Қызылорда қаласының гүлзарларында бір миллион түп раушан гүлі мерекелердің ешбірінде сатылымға түсіп көрмегенге ұқсайды. Аяқ асты орасан зор көлемде тапсырыс алған сатушы қатты абдырап отырғанымен гүлдердің голландық гүлдер болатынына сенімді. Ал, Қызылордаға гүлдер тек Алматыдан келеді. Алматы гүлдерді «әлмисақтан бергі әріптесі» Қытайдан алады екен.

«Бүгінгі сауда-саттықтағы гүлдердің 10 пайызы ғана қазақ жерінде өсетін гүлдер», - дейді мамандар. Мамандардан сұрап біле отырып мынандай бір ғажайыпқа кенелдік: қызылордалық бай-мырза тапсырыс беріп, әйелінің көңілін таппақ болып жатқан голландық гүлдердің негізгі отаны -- қазақ жері екен! Бұл және ешқандай қыңыр қисын емес, ғылми дәлелденген жайт болып шықты. Голландықтар алқызыл раушан гүлін өсіреді, гүлден бизнес жасайды. Ал, раушан гүлдер қазақ даласында ешкім күтіп баптамай-ақ  уақыты келгенде қара жердің бетіне жайнап шыға келеді. Тағы бір қызығы раушан гүлдердің Нидерланды өлкесіне қазақ даласынан келгенін сол нидерландиялық, яғни голландық ғалымдар анықтапты. Сөйтсек, раушан гүлдер бір кездегі Жібек жолы керуенімен ілесіп  қазіргі Голландияға барған. Сол жерге тұқымын шашқан. Міне, керемет! Бірақ бұл керемтке өзге сенсе де қазақ сенбейді. Әсіресе, анау Қызылорданың қатынжанды мырзасы сенбейтін шығар. Егер ол сенетін болса, әр талы 500-ден 1000 теңгеге дейін ұшынып тұрған раушан гүлдерді өз отанында өсіріп жалпының ризашылығына бөленер еді ғой...

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2142
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2547
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2336
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1653