Сенбі, 18 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2623 0 пікір 7 Наурыз, 2012 сағат 07:22

20 жастағы жігітті мүгедек қылған тәртіп сақшылары қызметтерінен қуылды

Солтүстік Қазақстан облысында 6 бірдей тәртіп сақшысы лауазымдарымен қош айтысты. Арасында Есіл аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Асқар Ибраев пен оның бірінші орынбасары да бар. Қос басшы қарамағындағы қызметкерлердің заңсыз әрекеттерінің кесірінен жұмыстан айрылыпты.

Полицейлердің қызметтерінен қуылуына себеп болған оқиға осыдан бір ай бұрын орын алған. Теріскейдегі Ясновка орта мектебінің 20 жастағы лаборанты Иван Рожновты полиция қызметкерлері «компьютер ұрлады»  деп айыптаған болатын. Қылмысты мойындату үшін тәртіп сақшылары оны өлімші етіп сабапты. Бұған төзбеген жігіт орманда жасырынып жүріп, саршұнақ аязда екі аяғын үсітіп алған еді. Тепсе темір үзетін жігіттің екі аяғын тізеден кесіп тастауға тура келді. Иванның туыстары прокуратураға арызданған соң, екі тәртіп сақшысы қамауға алынған болатын. Бірақ артынша ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жіберілді. Қазір бұл оқиғаға байланысты қозғалған қылмыстық іс әлі тергелу үстінде. Десе де «өз ісіне жауапсыз қараған» бөлім бастығы, орынбасары мен 4 қызметкері Ішкі істер министрінің бұйрығымен қызметтерінен босатылды. 
kaz.gazeta.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2142
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2547
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2340
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1654