Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2987 0 пікір 7 Наурыз, 2012 сағат 07:21

Елімізде мұсылмандарға арналған сайт ашылды

«Nikyah.kz» деп аталатын бұл жолғы әлеуметтік желі шариғат талаптарына сай жастардың танысып, тілдесуіне мүмкіндік бермек. Әсіресе, отбасын құруға ниеттілер үшін. Ашылғанына небәрі 6 күн өткен желіге қазірдің өзінде 154 адам тіркеліп үлгеріпті.

Десе де, бұл сайтқа кім көрінгенің кіріп, бейберекет тіркеле беруіне жол жабық. Және қызметі де әдеттегі әлеуметтік таныстық желілеріндегідей оңай емес. Өйткені өтініш қабылданбас бұрын танысуға ниетті жан алдымен  күрделі 50 сауалдан құралған анкетаны толтыру міндет. Ал бұл сұрақтарға діни сауатыңыз таяз болса, бірден жауап қатуыңыз мүмкін емес. Сайт Алматыдағы Орталық мешіт әлеуметтік желісіне күнделікті жолданатын ұсыныстардан кейін, ерікті топтың бастамасымен қолға алынған.

Нұрмұхамед Иминов, Алматы орталық мешітінің наиб-имамы:

- Өздеріңіз білесіздер, отбасын құру бұл өте маңызды мәселелердің бірі, адам өмірінде. Бірақ бүгінде жастар бір-бірімен қалай танысады? Мысалы, көшеде: «Сізбен танысуға бола ма?» деп мұсылмандарда айтуға болмайды. Солай ғой. Ал енді мына сайт олардың танысуына мүмкіндік беретін болса, үлкен бір пайда болады деп ойлаймыз.

kaz.gazeta.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2143
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2549
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2349
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1656