Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2671 0 пікір 7 Наурыз, 2012 сағат 07:19

«Мемлекет қауіпсіздігінің маңызын базар басшылығы түсінбей ме?»

«Қолжетімді баспана-2020» бағ­­дарламасының жеке тұрғын үй құрылысы бағытында жыл сайын 3 миллион шаршы метрден астам үй салу жоспарланған. «Қолжетімді баспана-2020» бағдар­ла­ма­сы­ның бірінші бағыты бойынша 2014 жылдан бастап жыл сайын 35 миллиард теңгеден қаржы бөлу қарастырылған. Бағдарламаның бірінші бағытында жергілікті атқару­шы органдар тұрғын үй салып, оны Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі ар­қылы сатады. Бұл тетік 2011 жыл­дан бері іске асырылуда. Онда жер­гілікті атқарушы орган рес­пуб­ликалық бюджеттің несиелері ар­қы­лы тұрғын үй құрылысын ұйым­дас­тырады. Бұдан кейін Тұрғын­үй­құрылысжинақбанкі ел ішінен са­лымшылар тізімін қалыптас­ты­рып, әкімдік салған үйлерді алуға ниет білдірген салымшыларды несиелендірсе, банк салымшылары жергілікті атқарушы органмен алып-сату туралы келісімді бекітеді. Бұл мәселе Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің қатысуымен өткен Үкімет отырысында көтеріліп, «Егемен Қазақстан» басылымының бүгінгі санында «Бағдарлама бағыты таныстырылды» атты тақырыппен жарық көрді.

«Қолжетімді баспана-2020» бағ­­дарламасының жеке тұрғын үй құрылысы бағытында жыл сайын 3 миллион шаршы метрден астам үй салу жоспарланған. «Қолжетімді баспана-2020» бағдар­ла­ма­сы­ның бірінші бағыты бойынша 2014 жылдан бастап жыл сайын 35 миллиард теңгеден қаржы бөлу қарастырылған. Бағдарламаның бірінші бағытында жергілікті атқару­шы органдар тұрғын үй салып, оны Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі ар­қылы сатады. Бұл тетік 2011 жыл­дан бері іске асырылуда. Онда жер­гілікті атқарушы орган рес­пуб­ликалық бюджеттің несиелері ар­қы­лы тұрғын үй құрылысын ұйым­дас­тырады. Бұдан кейін Тұрғын­үй­құрылысжинақбанкі ел ішінен са­лымшылар тізімін қалыптас­ты­рып, әкімдік салған үйлерді алуға ниет білдірген салымшыларды несиелендірсе, банк салымшылары жергілікті атқарушы органмен алып-сату туралы келісімді бекітеді. Бұл мәселе Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің қатысуымен өткен Үкімет отырысында көтеріліп, «Егемен Қазақстан» басылымының бүгінгі санында «Бағдарлама бағыты таныстырылды» атты тақырыппен жарық көрді.

Сондай-ақ осы басылым бетінде «Маңызды мәселелер қаралды» атты мақала жарияланды. Аталмыш мақалаға кеше Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен қауіпсіздік Кеңесінің ағымдағы жылдағы бірінші отырысында көтерілген мәселелер арқау болған. Басылымның жазуынша, қазір әлемде ауыз су проблемасы энергетикалық ресурстар мәселесімен бір қатарға қойылған. Бүгінде 80-ге жуық ел ауыз судың жетіспеушілігін сезінуде, әлемдегі су қоры әр жыл сайын азая түсуде. Қазақстанда жер бетіндегі және жерасты су ресурстары қысқаруда. Сондықтан ауыз суды орынды пайдалану, өзімізде бар байлыққа ұқыпты қарау маңызды экономикалық және саяси міндетке айналды. Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында көтерілген осы және өзге де мәселелерді «Егемен Қазақстан» басылымының бүгінгі санынан оқисыздар.

***

«Айқын» басылымы бүгінгі санында «Көбейіп келеміз» атты мақала жариялап, ақжолтай жаңалықты жеткізді. Басылымның жазуынша, Ұлу жылының алғашқы айында еліміздің демографиялық өсімінде жақсы жаңалық орын алды. Статистика агенттгінің мәліметтерінше, 2012 жылдың 1 ақпанындағы көрсеткіштер бойынша, Қазақстан азаматтарының саны 24 мыңға көбейген. Енді елімізде 16 миллион 698 азамат бар.

Осы басылым бетінде Қазақстан Республикасының Заң шығару институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымының кандидаты, доцент Жамаледен Ибрагимовпен сұхбат жарияланды. Онда ғалым еліміздегі құқықтық саясат жөніндегі өзінің ойларымен бөліседі. Ғалымның пікірінше, салт-дәстүр әдеттік-құқықтық жүйенің жариялылық қағидаттарына негізделген қазақтың дәстүрлі құқығы өзінің реттеушілік мәнін біздің өмір сүріп отырған заманымыздың басына дейін жоғалтпай келді. Дәстүрлі қазақ құқығы халықтың тыныс-тіршілігінің өзегімен қисындас, халықтың жанынан жақын, тәндес, жалпы адам баласының рухани бітім-болмысына, талабына сәйкес болатын. Дәстүрлі қазақ құқығы - қазақ халқының және барлық көшпелі өркениеттің құнды мұраларының бірі. Сұхбат «Айқын» басылымының бүгінгі санында «Жолдауда құқықтық жүйенің тарихи сабақтастығы аңғарылады» атты тақырыппен берілген.

***

«Алаш айнасы» басылымының жазуынша, қазір базарға бара қалсаң, елдің жеңсік саналатын, жүзім, өрік, шие, алмұрт, алма, шабдалы секілді жеміс өнімдерінің бағасынан бас айналады. Тіпті олардың кейбірі сөреден мүлдем кездеспейді. Қыстың көзі қырауда жүзімнің бір келісіне қалтаңнан 800-1000 теңге шығын етуге тура келеді. Қалғаны да асау аттай жалына қол тигізбей тұрғаны анық. Алыпсатар қалтасының қалың болғанына мәз. Есесіне қарапайым халық одан зиян шегіп отыр. Шындығын айтқанда, екінің бірінің жеміс-жидекті күнделікті тұтынуға шамасы келе бермейді. Тіпті оларды айына тұтына алмайтын жұрттың қарасы біраз. Жер көлемі жөнінен әлемде тоғызыншы орында тұрақ тапқан Қазақстан үшін бұл өнімдерді сырттан тасымалдауы қалай болады? Бұл сауалдың жауабын «Алаш айнасы» басылымының бүгінгі санындағы «Жеміс-жидекті неге сырттан тасымалдаймыз?» атты мақаладан іздеңіз.

Сондай-ақ осы басылым «Дін туралы» заңға сәйкес, Қазақстан аумағында сараптамадан өтпеген, Дін істері басқармасының рұқсаты берілмеген діни материалдарды сатуға тыйым салынғандығы туралы жзады. Алайда еліміздің қай аймағында да қара базарларда рұқсат етілмеген діни материалдардың еркін сатылып жүргені әмбеге аян. Қазірше оларға «әй дейтін әже, қой дейтін қожа» болмай тұр. Ал сатушылар болса, бірі «рұқсат елу керек екенін білген жоқпын» деп ақталса, екіншісі «бүгін, ертең рұқсат алмақшы болып отыр едім» деп жалтарма жауаптан әріге бармайды. Ең, өкініштісі, оларды базардағы заңды бақылауы тиіс базар әкімшілігі мен күзетшілер қорғаштап жүр. Бұл мәселе жөнінде «Алаш айнасы» басылымының бүгінгі санындағы «Мемлекет қауіпсіздігінің маңызын базар басшылығы түсінбей ме?» атты мақаладан оқыңыздар.

***

«1999 жылдан бері биылғы жылдың ақпан айындағыдай төменгі инфляция елімізде болған емес. Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко журналистермен болған баспасөз мәслихатын осындай мәлімдемемен бастады»,-деп жазады «Казахстанская правда» басылымы. Ұлттық банк төрағасының еліміздің Статистика агентігінің ресми деректеріне сүйене отырып келтірген мәліметтеріне

қарағанда, өткен айда инфляция деңгейі 0,4 пайызды, ал жылдық мөлшерлемемен алғанда, 4,7 пайызды құрап отыр. Салыстырмалы түрде алғанда 2011 жылы жылдық инфляцияның көлемі 7,4 пайызды құраған. Ақпан айында инфляцияның төмендеуін Г.Марченко азық-түлікке деген бағаның төмендеуімен түсіндірді. Бұл мәселе жөнінде толығырық білгіңіз келсе «Казахстанская правда» басылымының бүгінгі санындағы «В управляемом русле. Инфляция и ревальвация теңге, - тенденций минувшего февраля» атты мақаланы қараңыз.

kaz.gazeta.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2145
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2550
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2360
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1660