Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3078 0 пікір 7 Наурыз, 2012 сағат 07:16

Атырау облысындағы барлық өзендердің су деңгейлері көтеріледі деп күтіліп отыр

Мамандардың болжамдары бойынша, көктемде Атырау облысында тасқын сулар өткен жылмен салыстырғанда кем дегенде 40 пайызға көп болады деп күтілуде.

«Күзгі жаңбырлар мен қалың қар биылғы жылы Атырау облысы бойынша ағып өтетін өзендердің жоғары жақтарында ылғалдылықтың үлкен қорын жинақтады. Сондықтан биыл тасқын суларының көлемі өткен жылмен салыстырғанда кем дегенде 40 пайызға артық болады деп күтілуде - 9 текше шақырым деңгейінде. Егер күн күрт жылыса, көптеген жерлерді су басуы әбден мүмкін», - деп хабарлады Орал-Каспий су инспекциясының бастығы Бисен Қуанов.

Б.Қуановтың айтуынша, облыстың ең үлкен өзені - Жайықта ғана емес, Ойыл, Ембі, Сағыз, Қиғаш сияқты шағын өзендердің сулары да арналарынан асуы ықтимал.

Облыста болатын алдағы тасқынға дайындық жұмыстарын атқаратын комиссия құрылды.

kaz.gazeta.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2146
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2551
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2365
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661