Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2641 0 пікір 6 Наурыз, 2012 сағат 08:00

Серік Аханов. Қаржы секторының қалыптасуы және Еуразиялық одақ

Саяси тәуелсіздіктен кейінгі, мемлекеттің ең мықты іргетасы ол - экономикалық және қаржылық тәуелсіздігі. Қаржылық тәуелсіздік дегеніміз -- өзіміздің Қаржы министрлігімізді, Ұлттық Банкімізді және жекеменшік қаржы институтттарымызды құру, олардың жүйелі жұмыс жасауын қамтамасыз ету. Қаржылық тәуелсіздік, сонымен қатар, Ұлттық Банк тарапынан дербес қаржы-несиелік саясат жүргізу, ал Қаржы министрлігі тарапынан - дербес салық-бюджеті саясатын жүргізу екенін атап өту керек. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары бұндай дербестікке ешкімде дайын болған жоқ, техникалық жағынан дайындық болған жоқ, ал саяси және моральдық жағынан барлығымыз дайын болдық. Сол уақытта, өте қысқа мерзімде, Мемлекет басшысының тапсырмасымен шұғыл түрде, Қаржы министрлігі, Ұлттық Банк институттары құрылды, сонымен бірге, жеке, шағын қаржы институттары да құрылған болатын. Құрылған қаржы құрылымдары жұмыстарын тез бастап кетті, себебі, бастысы, талпыныс болды, барлығымыз бұған саяси, моральдық және интеллектуальдық жағынан алдағы тартыстарға дайын болатынбыз. Аталмыш жұмыс бағыттары Елбасының жариялаған Қазақстанның стратегиялық дамуы бағдарламасына сәйкес жүргізілді. Бағдарламада қаржы және экономикалық жүйелерді дамыту туралы арнайы бөлім бар.

Саяси тәуелсіздіктен кейінгі, мемлекеттің ең мықты іргетасы ол - экономикалық және қаржылық тәуелсіздігі. Қаржылық тәуелсіздік дегеніміз -- өзіміздің Қаржы министрлігімізді, Ұлттық Банкімізді және жекеменшік қаржы институтттарымызды құру, олардың жүйелі жұмыс жасауын қамтамасыз ету. Қаржылық тәуелсіздік, сонымен қатар, Ұлттық Банк тарапынан дербес қаржы-несиелік саясат жүргізу, ал Қаржы министрлігі тарапынан - дербес салық-бюджеті саясатын жүргізу екенін атап өту керек. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары бұндай дербестікке ешкімде дайын болған жоқ, техникалық жағынан дайындық болған жоқ, ал саяси және моральдық жағынан барлығымыз дайын болдық. Сол уақытта, өте қысқа мерзімде, Мемлекет басшысының тапсырмасымен шұғыл түрде, Қаржы министрлігі, Ұлттық Банк институттары құрылды, сонымен бірге, жеке, шағын қаржы институттары да құрылған болатын. Құрылған қаржы құрылымдары жұмыстарын тез бастап кетті, себебі, бастысы, талпыныс болды, барлығымыз бұған саяси, моральдық және интеллектуальдық жағынан алдағы тартыстарға дайын болатынбыз. Аталмыш жұмыс бағыттары Елбасының жариялаған Қазақстанның стратегиялық дамуы бағдарламасына сәйкес жүргізілді. Бағдарламада қаржы және экономикалық жүйелерді дамыту туралы арнайы бөлім бар.

Кеңес Одағы ыдырап, құлаған кезде және рубль зонасы жойыла бастаған уақытта, бізді қаржы тәуелсіздігі туралы сұрақ қатты алаңдата бастады, ол негізі сұраққа айналды, себебі, өзіміздің ұлттық валютамызсыз, дербес, тәуелсіз саясат жүргізу туралы әңгіме қозғаудың өзі қиын болатын. Сол кезде, Президенттің жетекшілігімен өз валютамызды енгізу бойынша мұқиятты түрде әрі қиын, жүйелі жұмыстар жүргізілді. Қазақстан Республикасы өзінің төл валютасы -- теңгені енгізген 1993-ші жылдың 15-ші қарашасынан бастап, шынымен де дербес экономикалық, монетарлық және бюджетті-салықтық саясат жүргізе бастады. Бастысы, бұл өзіміздікі, мәселе осында. Бұл мемлекетіміздің дамуының сәтті алғышарты болды десем, артық айтпағаным шығар.

Қаржы жүйесінің іргетасы қаланғаннан кейін, секторды одан әрі дамыту үшін экономикалық реформалар жүзеге асырыла бастады. Жүргізілген реформалардың басты мақсаты бұл: банктердің, сақтандыру компанияларының, зейнетақы қорларының, инвестициялық компаниялардың бәсекелестікке сай болуын қамтамасыз ететін орта жасау болатын. Реформалардың арқасында, қысқа мерзім ішінде банктер экономиканы несиелендіруді бастады, кәсіпорындар арасындағы қаржы ағымдарына қызмет ете бастады. Бұл маңызды істер бір-екі жылдың ішінде іске асырылды. Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жетекшілігімен елімізде банк реформалары жүргізіліп, отандық банк жүйесі халықаралық стандарттар деңгейіне жетті, бұл секторда халықаралық тәжірибенің ең озық тәжірибелері енгізіліп, қолданыла бастады. Нәтижесінде, бүгін бізде - дамыған қаржы секторы қалыптасып отыр.

Асулы кезеңнің маңызды бір бөлімі ретінде - қаржы секторы дамуының, қаржы институттарының, экономикалық және қаржы органдарының мықты стратегиясы жасалды. Ұлттық Банк тәуелсіз, дербес ұйым болып жасақталды, ол өзіндік саясат жүргізіп, ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз етті. Бюджеттік реформаның басты мақсаттарының бірі де бірегейі бұл - халықаралық стандарттарға көшу, мемлекеттік бюджетті қалыптастыру мен құруды халықаралық стандарттарға сәйкестендіру, жалпы алғанда, сектор жұмысын жаңа принциптерге сай жүргізу болып табылды. Аталмыш мемлекеттік бюджет бастапқы кезеңнен бастап, әлеуметтік бағдарлы бюджет болды. Қаржы секторы барлығынан бір мезетте өте шықты деуге болмайды, жүйе қиын-қыстау кезеңдермен көптеген қиындықтарды өткерді, 1991-1994 жылдардағы жүйелі дағдарысты, одақтың ыдырауы және т.б. оңай емес кезеңдерді өткеріп шықты. Ал 1997-1998 жылдары Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі қаржы дағдарысы Ресейге тікелей әсер етіп, бізге сыртқы шок, соққы ретінде тиіп, теңгенің құнсыздануы болды, бұл өз тарапынан қаржы және несие жүргізу саясатын негізді түрде қаталдандыруға алып келді. Қалай дегенмен де, Қазақстан бұл қиындықтан да лайықты түрде бас имей шықты. Соңғы 2007-2009 жылдары болған дағдарысты, біз аз шығынмен өткеріп шықтық. Мүмкін, басқа мемлекеттермен салыстырғанда, ІЖӨ-ді төмендетпеген жалғыз ел біз шығармыз, тіпті, дағдарыстың ең қиын уақытында да біздің ІЖӨ-міз позитивті деңгейде болды.

Жалпы алғанда, осы 20 жылдың ішінде қаржы секторымыз үш сынақтан өтті. Сынақтармен қиындықтардан тізе бүкпей шығуымыз, Елбасының салмақты, прагматикалық, данагөй және рационалды бастамаларымен қабылдаған шешімдеріне тікелей байланысты. Мысал ретінде, Ұлттық қорды алайық, ел басына қиын күн туғанда, қорды құру туралы саяси шешім қабылдаған Президент еді ғой. Елбасы қабылдаған саяси шешімнің арқасында, қор құрылып, қор резерві соңғы үшінші дағдарысты  ауыртпалықсыз өтуге үлкен қолдау болды. Осыдан 10 жыл бұрын Президенттің салиқалы шешімі арқылы дағдарысқа қарсы механизм жасалып қойылған болатын.

Қазақстанның экономика және қаржы секторларындағы даму моделдерінде азиялық және еуропалық моделдердің принциптері синтезделген. Осы арқылы еуразиялық синтез қалыптасып отыр.  Американдық, азиялық және еуропалық моделдердің ең жақсы деген, позитивті тәжірибелері қазақстандық жағдайға орайластырып, қолданылып, экономикалық құрылымдауға, қаржы институттары секторына, халықтың менталитетімен менеджементтің кәсібилілігіне сәйкестендіріліп, қолданылып келеді. Осы кезге дейін, басқа бір де бір елден, Еуропамен Азияның қосындысын байланыстырған тәжірибені көре алмай отырмыз.

Әрине, осындай салмағы ауыр, келелі реформалармен жұмыстар бір жылда және бір адамның еңбегімен жасалмайтыны белгілі. Бұл орайда, қаржы секторымен экономиканың дамуы, аяққа тұруы Президент жасаған стратегиялық тұжырымдарға сүйене отыра жүзеге асырылғаны белгілі. Күрделі реформалар банк, сақтандыру және зейнетақы секторларында жүргізілді. Біздің қаржы секторымыз, өзінің өнімін сыртқа шығаратын бірден бір сектор болып келеді. Біздің қаржы өнімдеріміз алыс-жақын шет елдерде кеңінен қолданылуда. Бұл отандық қаржыгерлердің, бірінші кезекте банкирлердің жоғары интеллектуалдық деңгейімен жасаған еңбектерінің бағасы.

Отандық қаржы секторының қалыптасуына және белсенді дамуына қомақты үлес қосқан Дәулет Хамитұлы Сембаевты, Ораз Әлиұлы Жандосовты, Григорий Марченконы және басқа да көптеген азаматтарды  ерекше атап өту керек. Осы азаматтар қаржы секторының қалыптасуы мен құрылуында практикалық түрде белсенді
ат салысты. Ал, бүгінгі күнде қаржы секторында сәтті, әрі нәтижелі жұмыс жасап жатырған  жетекші топ-мамандардың ішінен Бахыт Байсейітовті, Нина Жүсіпованы, Владислав Лиді, Әнуар Сәйденовті, Үміт Шаяхметованы және басқа да мықты мамандарды ерекше атап өткім келеді. Бұл мамандар біздің менталитетімізбен ішкі нарық құрылымын жақсы біледі және де бұлар корпоративті ортада үлкен құрмет пен беделге ие тұлғалар. Алғашқы кезде қаржы секторының алдына қойылған үлкен келелі талаппен мақсаттың бірі, бұл - бәсекеге сай болып, шетелдік қаржы ұйымдарымен тайталасу болатын: біздің қаржы институттарымыз бұл сыннан сүрінбей өтті. Осы жылдардағы қойылған жоғары мақсаттың бірі бұл - клиенттерге сапалы қызмет көрсету талабы болды. Қазірде отандық қаржы секторына жылдан жылға сенім артып келеді, бұні біз банк секторындағы депозит салымдарымен сақтандыру көлемінің артуымен және де төлемақылардың өсімінен байқай аламыз. Сонымен бірге, бұл көрсеткіштің тағы бір нышаны еліміздің азаматтарының жартысынан көбі зейнетақы жүйесімен қамтамасыз етілгені болып отыр. Дәл бүгін, секторда негізгі бағыттың бірі болып сапа инновация мәселелері шығып отыр.

Еуразиялық экономикалық кеңістік

КСРО тарағаннан кейін, бұрынғы одақтас елдердің заңдарымен заңнамалары күрделі өзгеріске ұшырады. Өткен 90-шы жылдардың орта шеніне жақын уақытта, Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ломоносов атындағы ММУ-де алғаш рет Еуразиялық одақ туралы бастама көтерген болатын. Көп жылдардан кейін бұл бастама Кеден одағы форматында нақты түрде өмірге еніп отыр. Ал, 2012-ші жылдың 1-ші қаңтарынан бастап Бірыңғай экономикалық кеңістік күшіне енді, келешекте толыққанды Еуразиялық одақ жұмысын бастайды деп ойлаймын. Бұлай болу үшін, осы экономикалық одақты құрған үш мемлекет өз заңнамаларымен заңдарын максималды түрде біркелкілендіріп, жүйелендірді. Еліміз Кеден одағымен БЭК-тен позитивті экономикалық пайда алатынын айта кету керек, сонымен қатар, бұдан келетін пайданы тек қана бүгінгі күнмен ғана емес, орта кезеңмен ұзақ мерзімді аспектіде қарастырған абзал. Барлық жағынан қарастыра отыра, тек қана экономикалық, қаржылай жағынан қарамай, сонымен бірге геосаяси және мәдени аспектілерін де назардан шығармаған жөн болар. Әлемде экономикалық одақ құрып жатқан тек қана біз емес, қазіргі кезде дүние жүзінде бірнеше қаржы-экономикалық орталықтар қалыптасып, құрылып жатыр. Жапонияда, Қытайда, АҚШ-та, Еуропамен Оңтүстік Америка елдері де бұл үрдістен кенде қалып жатқан жоқ, яғни, әр континентте қайсібір мемлекеттер өздерінің экономикалық және қаржы орталықтарын құрып жатыр деген сөз. Бұл орайда, Еуропамен Азияның ортасында да экономикалық кеңістік қалыптасуы табиғи нәрсе, уақтылы құбылыс, осы жағдайда ғана, ғаламдық жаһандануда еларалалық бәскекелестікке нақты төтеп беруге үлкен мүмкіндік туындап отыр.

Жалпы алғанда, қаржы секторы басқа секторлармен салыстырғанда, өзінің дүниежүзілік шаруашылыққа нық, терең енуімен, әлемдік нарықпен өте тығыз байланысымен және халықаралық қаржы институттарымен бәскелес болуымен ерекшеленеді. Бұл орайда, қазақ кәсіпкерлеріне үлкен нарық кеңістігі ашылып отыр, оның ішінде Ресей мен Беларусияның тұтыну нарығы деп қадап айтқанымыз жөн болар. Жасалып отырған мүмкіндікті тиімді пайдалану қажет, технологияны импорттап және серіктестеріміздің жақсы тәжірибелерімен бөлісіп, оны өзімізге ендіре отыра, отандық ішкі нарықтың әлеуетін одан әрі жақсартуға талпынуымыз керек.

«Абай-ақпарат»

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2144
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2549
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2349
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1657