Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2887 0 пікір 6 Наурыз, 2012 сағат 07:55

Айтқанынан қайтпайтын ғана емес, көптің сөзіне тоқтайтын да - азамат

Қазақстан демократиялық күштерінің жетекшілері

Болат Әбілев пен Әміржан Қосановқа зиялы қауымнан хат

Құрметті Болат, Әміржан!

2011 жылдың 16-17 желтоқсаны күндері Жаңаөзен мен Шетпеде орын алған қанды қырғын Қазақстандағы елім, ұлтым деген әрбір азаматтың жүрегінде өшпес, ұмытылмас із қалдыратыны анық.

Осындай тосын жағдайды болдырмас үшін өздеріңнің бірнеше мәрте Жаңаөзенге барып, қоғам мен билікке Маңғыстау мұнайшыларының мұңды тіршілігі, олардың әділ талаптары туралы айтып, талай рет батыл-батыл сұрақ қойғандарыңды дүйім қазақ жұртшылығы жақсы біледі. Шенеуніктердің дарақылығы, менмендігі, дер кезінде шара қолданбай, ушығып тұрған мәселені жасырып, ақыры халықтық, ұлттық қасіретке айналдырғанын да халық білмейді емес, біледі!

Жаңаөзендегі жағдайдан кейін екеуің де нағыз қазақ азаматы мен патриоттарына лайықты жұмыс істедіңдер. Дәл бүгінгідей заманда шындықты айту, ақты-ақ, қараны-қара деп айтудың өзі шенеуніктер тұрғысынан «мемлекеттік қылмысқа» теңеліп отырған кезеңде сендер халықпен бірге болып, оның наразылығы мен нақты ұстанымдарын билікке ашып көрсете білдіңдер. Бұл адамнан қайтпаса да, Құдайдан қайтатын қажетті, сауапты тіршілік.

Болып жатқан жағдайды жұрт естісін, білсін, ұлттық қасіретке жол берген, ел азаматтарына оқ атқан, сес көрсеткен қылмыскерлер тиісті жазасын алсын, мәселенің мән-жайы толыққанды зерттелсін деген талаптармен азаматтарды Алматының ғана емес, еліміздің басқа да қалаларының көшелері мен алаңдарына шығардыңдар. Сол үшін біреуің -18 күн, екіншің -15 күн түрмеде отырып та шықтыңдар. Соған қарамастан тағы да осындай талпыныс жасамақ түгілі, жай ғана ниет танытқандарың үшін тағы да ұсталып, жазықсыз жабылғандарыңды естіп қапаланып отырған жайымыз бар. Осындай әділетсіздікке наразылық танытып екеуіңнің де аштық жариялағандарыңды естідік және соған қатты алаңдап отырмыз.

Болат! Әміржан!

Аштық жариялау - саяси күрестің ең ауыр түрінің бірі. Оның да өз кезі, өз уақыты болатын шығар, бәлкім. Бірақ, дәл қазіргі кезде демократиялық күштердің  өздерің сынды жетекшілерінің қапаста немесе ауруханада емес, ел ішінде аман-сау жүргені әлдеқайда тиімді көрінеді бізге. Бүгінгі күні қазақ демократиялық күштері артына ерген жұртшылықты айбатқа емес, ақылға, салқынқандылыққа, парасатқа шақыруы керек деп санаймыз. Саяси күрестеріңді қолдаймыз, оның жаңа, тың түрлерін, жолдарын тауып, мемлекетіміздің демократиялық, ұлттық жаңғыруын қамтамасыз ететін сындарлы саясатты іске асырған абзал. Ол үшін екеуіңнің де бас амандықтарың қажет!

Сондықтан да ел азаматтары ретінде сендерді сабырға шақырып, араша түскіміз келіп отыр. Ер азамат екендеріңе ешкімнің де дауы жоқ. Ал ер азаматтар тек айтқанынан қайтпайтындар ғана емес, көптің сөзіне тоқтайтындар емес пе? Жариялаған аштықтарыңды тоқтатыңдар! Осы айтқандарымызды жерге қалдырмайды деп сенеміз.

Сендерге деген құрметпен:

Қ.Жұмаділов, С.Сматаев, О.Сәрсенбай,  Ғ.Қабышұлы, М.Шаханов, М.Әуезов, Т.Жұртбай, Т.Медетбек, Ж.Шаштайұлы, М.Жүнісова, Б.Дәлденбаев,  Б.Қарабеков,  С.Тұрғынбеков,  Н.Қанафияұлы.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2145
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2549
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2355
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1658