Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2819 0 пікір 5 Наурыз, 2012 сағат 13:51

Қарашығанақ жобасының оннан бір бөлігі орындалды

АСТАНА. 5 наурыз. Бүгінгі күнге дейін Қарашығанақ жобасынан алынған шикізат көлемі кен орнының жалпы есептелген геологиялық қорының шамамен 10 пайызын ғана құрайды. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің Үкімет сағатында Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті.

Министрдің айтуынша, Үкімет соңғы 2,5 жылда Қарашығанақ консорциумымен бірқатар даулы мәселелер бойынша келіссөздер жүргізді. 2011 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстанмен мердігер компаниялар арасында даулы мәселелерді реттеу бойынша келісім жасалды. Келісімге сәйкес даулы мәселелерді реттеу есебінен мердігер компания Қазақстанға жобадағы үлестің 5 пайызын береді. Бұдан бөлек тағы 5 пайызын 1 млрд. долларға сататын болады.

«Қазіргі сәтте тараптар негізінен келісімнің кейінге қалдырылған бірқатар шарттарын іске асырумен шұғылдануда. Бұл жұмыс 30 маусымға дейін аяқталуы тиіс. Тараптар кейінге қалдырған шарттардың барлығын ортақ келісіммен орындаған жағдайда реттеу туралы келісім күшіне енетін болады», - деді С. Мыңбаев.

ҚазАқпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2146
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2551
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2364
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661