Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3349 0 пікір 5 Наурыз, 2012 сағат 13:49

Түркияда Әлихан мен Мұстафа атындағы шәкіртақы тағайындалады

ЫСТАМБҰЛ. 5 наурыз. BAQ.KZ - Түрік елінде оқып жатқан қазақ жастары арасынан ең үздік екі студентке жақын күндері Алаш ардақтылары - Әлихан Бөкейхан мен Мұстафа Шоқай атындағы шәкіртақы тағайындалатын болады. Бұл туралы Түркиядағы қазақ жастарының «Сана» интеллектуалдық клубының жетекшісі Ержан Қалымбайұлы мәлімдеді.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, жақында Ыстамбұлда қазақ жастарының ұйымдастыруымен "Сана" атты интелактуалдық клуб құрылған болатын. Клубтың басты мақсаты студенттер арасында байланысты күшейту, сапалы білім алуларына жағдай жасау болып табылады. Клуб төрағалығына қазірде Түркияда білім алып жатқан қазақстандық журналист Ержан Қалымбай сайланған.

Аталған клуб жақында Әлихан Бөкейханның туған күні қарсаңында келелі кеңес өткізіп, сол жиында өткен ғасырдың басында қазақтың есіктегі басын төрге сүйреген Алаштың текті ұлдары туралы терең һәм тағлымды әңгіме қозғалды.

Кешті қорытындылаған Түркиядағы қазақ жастарының «Сана» интеллектуалдық клубының жетекшісі Ержан Қалымбайұлы «Қазір түрік елінде оқып жатқан қазақ студентерінің арасынан ең үздік екеуін анықтап, оларға арнайы шәкіртақы тағайындау жайын қарастырып жатырмыз. Оның бірі - Алаш ардақтысы Әлихан Бөкейхан атындағы, екіншісі-Мұстафа Шоқай атындағы шәкіртақы болады» деді.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2145
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2549
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2355
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1658