Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4040 0 пікір 5 Наурыз, 2012 сағат 07:44

Нұрлан Дулатбеков. Алаштың Айдарханы

Кешегі Алаш қозғалысы және оның жандануы мен әлеуметтік-саяси маңызының артып отыруына қызмет еткен ұлт ұлдары тарихымыздың халқымыз азаттықты көксеген парақтарына таңбаланып қалды. Десек те, алып империяның отары болған біздер кешегіні бүгін ұмыттық, Алаш қозғалысы тарихы мен оның жай-жапсары, ұстанған идеялары мен көтерген мәселелері туралы мағлұматымыз әлі де аз. Ендеше, ұлт зиялыларының неге бола жанын шүберекке түйгені, өз-өздерін құрбандыққа қиғаны қазірде заң маманын ғана емес, кез келген ұлтжанды азаматты да бей-жай қалдырмасы анық. Әрине, оларды елі үшін туған ер еді, ел мүддесі үшін басын бәйгеге тікті деген сияқты әдеттегі қара жаяу сипаттар арқылы да ақтап алуға, төбемізге көтеруге болады, сонысы үшін, тіпті, теңдесі жоқ кемеңгер танысақ та жарасады. Ал «олар нақты немен айналысты, нені сөз етті, қашан және қай жерде, қандай жағдайда?» деген сұрақтарға жауап іздеу және табылған мәліметтерді көпшіліктің назарына ұсынып отырудың жөні басқаша болса керек, яғни кіші буынның, сондай-ақ келер ұрпақтың кемел келешегі үшін насихаттай жүрудің пайдасы мол деп есептейміз.

Аталған бағытта іздену барысында қолымызға тиген мұрағаттық материалдардың Райымжан Мәрсеков, Жақып Ақбаев, Жиһанша және Жансұлтан Сейдалиндерге қатыстыларын бұған дейін сөз еткен едік.

Кешегі Алаш қозғалысы және оның жандануы мен әлеуметтік-саяси маңызының артып отыруына қызмет еткен ұлт ұлдары тарихымыздың халқымыз азаттықты көксеген парақтарына таңбаланып қалды. Десек те, алып империяның отары болған біздер кешегіні бүгін ұмыттық, Алаш қозғалысы тарихы мен оның жай-жапсары, ұстанған идеялары мен көтерген мәселелері туралы мағлұматымыз әлі де аз. Ендеше, ұлт зиялыларының неге бола жанын шүберекке түйгені, өз-өздерін құрбандыққа қиғаны қазірде заң маманын ғана емес, кез келген ұлтжанды азаматты да бей-жай қалдырмасы анық. Әрине, оларды елі үшін туған ер еді, ел мүддесі үшін басын бәйгеге тікті деген сияқты әдеттегі қара жаяу сипаттар арқылы да ақтап алуға, төбемізге көтеруге болады, сонысы үшін, тіпті, теңдесі жоқ кемеңгер танысақ та жарасады. Ал «олар нақты немен айналысты, нені сөз етті, қашан және қай жерде, қандай жағдайда?» деген сұрақтарға жауап іздеу және табылған мәліметтерді көпшіліктің назарына ұсынып отырудың жөні басқаша болса керек, яғни кіші буынның, сондай-ақ келер ұрпақтың кемел келешегі үшін насихаттай жүрудің пайдасы мол деп есептейміз.

Аталған бағытта іздену барысында қолымызға тиген мұрағаттық материалдардың Райымжан Мәрсеков, Жақып Ақбаев, Жиһанша және Жансұлтан Сейдалиндерге қатыстыларын бұған дейін сөз еткен едік.

Сонымен, ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Санкт-Петербург университетінде оқыған қазақ жастарының саны жиырманың үстінде. Солардың бірі - А.Тұрлыбаев. Яғни қазақ зиялыларының басым көпшілігі ол кездерде Ресейдің ірі деген қалаларындағы оқу орындарынан білім алып, саяси әрекеттерге алғаш сол жақтарда араласып, қоғамдық-саяси көзқарастарын қалыптастыра бастаған. Ал адамның тұлға ретіндегі қоғамдық-саяси көзқарасының қалыптасуына оқыған оқу орнының ықпалы қашан да жоғары дәрежеде болатыны айтпаса да түсінікті.

Санкт-Петербург университеті кезінде талай ірі тұлғаның қоғамдық-саяси ойы мен мәдениетінің дамуында айрықша рөл ойнады. Мұнда утопиялық социализм өкілі М.В.Буташевич-Петрашевский, сыншы әрі ойшыл Д.И.Писарев, демократ, жазушы философ Ф.Г.Чернышевский, танымал саяси қайраткерлерден П.А.Кропоткин, Д.Благоев, П.А.Столыпин, А.Ф.Керенский, П.Б.Струве және т.б. білім алған. Патшалық дәуірде ел дамуының тоқырауда болғандығын халық көре бастаған қиын кезеңде, Ресей үшін ауыр уақыттарда қоғамдық сананы оятуға көбіне-көп университет студенттері мен оқытушылары атсалысып отырған. Осы ретте профессорлардан В.И.Вернадский мен С.Ф.Ольденбургті де атап өтуге болады.

Университеттік ортада ой еркіндігі кең қанат жайып, талай түлектері Ресейдің ғана емес, сондай-ақ қазақ елінің де қайнаған қоғамдық өміріне белсене араласқан.

Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері Айдархан Тұрлыбаев Ақмола облысы Көкшетау уезінің Мезгіл болысында туған.

Санкт-Петербург мұрағатында Тұрлыбаев Айдарханға қатысты материалдар №14, №3, №34, №521 істерде жинақталған. 1897 жылы Омбы гимназиясын тәмамдаған ол 1897-1902 жылдар аралығында Санкт-Петербург университетінің заң факультетінде оқиды.

Омбы гимназиясында 8 жыл (1889-1897) оқып шыққан соң, А.Тұрлыбаевқа оны үздік бітіргендігі туралы №249 кәмелеттік аттестат беріледі. Мәтіні: «Бұл аттестат Омбы гимназиясында 8 жыл (1889-1897) оқыған және ҮІІІ сыныпта бір жыл болған, мұсылман дініндегі, қырғыздың он тоғыз жастағы ұлы Тұрлыбаев Айдарханға берілді, біріншіден, Омбы гимназиясында оқыған уақыт бойы жүргізілген бақылауға алу негізі бойынша, тәртібі өте жақсы, сабаққа қатынасуы және дайындығы, сондай-ақ жазба жұмыстарды орындаудағы ұқыптылығы үлгі тұтарлықтай, ыждаһаттылығында мін жоқ, барлық пәндерге деген білімқұмарлығы тең дәрежеде болды», - деп келеді (Санкт-Петербург ОМТМ. Қор.14. Тіз.3. Іс.34521. парақ.28.).

Кейін Императорлық университетке түсіп, Дала генерал-губернатордың бұйрығы бойынша жыл сайын Ақмола облысының шәкіртақысын (400 рубль) алып отырады. Ол туралы мағлұмат мына құжатта келтірілген: «Кеңсе Университет Кеңсесінің Заң Факультетінің 2-курс студенті, Ақмола облысының шәкіртақысын алушы Айдархан Тұрлыбаевқа оқу құралдары мен қажетті заттарын алуы үшін 35 рубль көлемінде жәрдемақы сұрай жазған өтінімінің Дала өлкесі Бас Бастығының тарапынан қанағаттандырылмағандығын, яғни оқу құралдары мен қажетті заттарын Тұрлыбаевтың жылына берілетін 400 рубль шәкіртақысы есебінен алуы тиіс екендігін мәлімдеуін сұрайды. 24 қазан 1898 жыл» (Санкт-Петербург ОМТМ. Қор.14. Тіз.3. Іс.34521. парақ.34.).

Және университеттің өзге түлектеріндей, А.Тұрлыбаев та бірнеше пәннен дәріс тыңдап, барлығын бірдей меңгеріп шығады. Оқыған пәндері бойынша сақталған куәлігі бар:

КУӘЛІК

Ұсынушы Айдархан Тұрлыбаев - мұсылман дінінде, қырғыздың ұлы, 1877 жылдың 25 тамызында дүниеге келген. Омбы гимназиясының кәмелеттік аттестаты бойынша 1897 жылдың тамызында С.-Петербург ИМПЕРАТОРЛЫҚ университетінің студенті болып қабылданып, заң факультетіне алынып, онда мынадай курстар тыңдады: Рим құқығы тарихы, Рим құқығы догмасы, Орыс құқығы тарихы, Мемлекеттік құқық, Шіркеу құқығы, Полицей құқығы, Саяси экономика, Статистика, Азаматтық құқық және сот ісін жүргізу, Сауда құқығы және сот ісін жүргізу, Қылмыстық құқық және сот ісін жүргізу, Қаржы құқығы, Халықаралық құқық, Құқық энциклопедиясы, Құқық философиясы тарихы; оқу бағдарламасымен бекітілген практикалық сабақтарға қатысып, ...және жартыжылдық сынақ жөнінде талап етілетін ережелерге сай сегіз сынақтың барлық шартын орындауға қатысты.

Ресей ИМПЕРАТОРЛЫҚ университеттерінің 1884 жылдың 23 тамызындағы Жалпы Жарғысының 77-бабы негізінде аталғандарды куәландыру үшін тиісті талап бойынша университет мөрі мен қол қойылып, 1902 жылдың сәуірінде С.-Петербург Императорлық университетінің заң факультетінен осы №771 куәлік берілді.

Бұл куәліктің бір жерде тұруға белгі қағаз ретінде күші жоқ.

С.-Петербург Императорлық университеті Заң факультетінің деканы

Заң факультетінің хатшысы

Кеңес хатшысы (Санкт-Петербург ОМТМ. Қор.14. Тіз.3. Іс.34521. парақ.26.).

А.Тұрлыбаев университетте кейін Алаш зиялыларының көрнекті тұлғалары болған Р.Мәрсеков, Ж.Ақбаевтармен бірге оқыған. Р.Мәрсековпен курстас, ал Ж.Ақбаевтан бір курс жоғары оқиды. Бірақ Жақыппен жақсы қарым-қатынаста болады. Ж.Ақбаевқа қатысты істердегі мәлімет бойынша, екеуінің археологиялық институтқа түсуге берген өтініштері бір күнде жазылған. Және екеуі де бір мекен-жайда - Александровск даңғылы (кезінде Ресей астанасының негізгі көшелерінің бірі саналғандықтан, онда, негізінен, оқымысты-ғалым, бай-көпес, қала шенеуніктері тұратын болған) бойындағы 7-үй, 3-пәтерде - тұрған. Осыған қарап олардың дос болғандығына болжам жасауға болады. Оқу істерін былай қойғанда, театрларға да бірге барып жүрген. Тарихтан белгілі, Жақып вальсті жетік билеген. Император әйелінің сарайында Гүлбағар (жары) екеуінің тамаша вальс билеп, І орын алғаны, сөйтіп, император әйелінің көзіне түскендігі туралы ел аузында сақталған әңгімелер бар. Осының барлығында да Айдархан мен Жақып бірге жүрген болса керек.

Айдархан туралы ел аузындағы осындай әңгімелерде оның балуан Қажымұқанмен өте жақын дос болғандығы айтылады. Айдарханның басына күн туып қамауда отырған кездерінде, жақын-жуық, ағайын-туыс бой тасалап кетеді. Тар қапаста жалғыздықтан жабыққан сол бір уақыттарда тек Қажымұқан ғана іздеп келсе керек. Тағы бір ғажабы - Қажымұқан өзінің ұлына Айдарханның есімін берген.

Сондай-ақ Айдархан өте білімді болған. Бірнеше шет тілін меңгерген, өлі латын, грек тілдерінде сөйлеген. Французша ән айтқанда, жұрт ұйып тыңдайды екен. Жұбайы Сағида Мұхамет-Рахымқызымен тату ғұмыр кешкен. Ресей мұрағаттарынан алынған жеке ісіндегі құжаттар бойынша, әкесі - Тұрлыбай да, шешесінің аты - Алтын.

Диплом алғаннан кейін Айдархан Омбы палатасы сот хатшысының көмекшісі ретінде Омбыға кетеді. 1902-1917 жылдары Омбының заң орындарында адвокат болып қызмет етіп, «присяжный поверенный» болады. Оның заң ғылымдарының жетік маманы, іскер жан екендігі туралы 1917 жылы «Қазақ» газеті де жазған болатын.

Төңкеріс жылдары қазақ қоғамындағы қоғамдық-саяси қозғалысқа белсене араласып, ел келешегі үшін маңызды істер атқарған. Соның бірі - 1917 жылы 25 сәуір мен 5 мамыр аралығында Омбы қаласында өткен Ақмола облыстық қазақ сиезіне төрағалық етуі.

Бұл сиезде де, әдеттегідей, әр өңірден келген 150-ге жуық делегат бұрынғы жергілікті билікті тарату, земство енгізу, ана тілінде оқыту және жалпы білім беруді тегін жүргізу, дін мәселесін, әсіресе жер мәселесін (жер бөлінісі, яғни бірінші кезекте қазақтардың қамтамасыз етілуі және олардан тартылып алынған жерлердің қайтарылып берілуі), басты тақырып етіп, жан-жақты қарастырады. Ал ел ағаларының басын қосып, ел қамын талқыға салуға, игі жақсылардың кеңесуіне бола ұйымдастырылған Ақмола облысы қазақтарының ІІ сиезіне, өкінішке орай, ел басшыларымен бірге әр тараптан ақын, өлеңші, жыршы сияқты өнер адамдары да жіберіледі. Сөйтіп, сиез қызықпен өтеді. Сиездің қызық үшін ұйымдастырылмайтындығы жөнінде «Қазақ» газетінде сөз болып, мұны кезінде Айдархан да өткір сынға алады. Сиездің той емес, бата оқыр еместігін айта келген ол - елдің ойын айтатын адамдардың келмегеніне, керісінше ойын-сауық қуған өлеңші, әнші, ақындардың жиналғанына өкініш білдіреді.

1917 жылы Алаш партиясы құрылатын (І сиез) және Алаш автономиясы жарияланатын (ІІ сиез) жалпықазақ сиездерінің ұйымдастыру, өткізу ісіне белсене араласқан Айдархан Тұрлыбаев Алашорда үкіметі төрағасы сайланған сол ІІ сиезде төрағалыққа лайық деп танылған 3 адамның қатарында болады. Үшіншісі - Бақтыгерей Құлманов. Дауыс нәтижесі бойынша төрағалыққа Әлихан Бөкейхановтың сайланғаны тарихтан белгілі, ал Айдархан екінші орынға шыққан.

А.Тұрлыбаев Алаш милициясын ұйымдастыруға да белсене атсалысып, Семейде бір Алаш полкін құруға Х.Ғаббасов, М.Тынышбаев, Б.Мәметовтермен бірге жұмыла кіріскен.

1918 жылдың 18 қарашасында Омбыдағы дирекция құлап, үкімет билігі адмирал Колчакқа өткен кезде, Алашорда үкіметі онымен келіссөз жүргізбек болады. Содан Колчак үкіметі ішкі істер министрінің орынбасары П.Ф.Коропачинскийдің төрағалығымен 1919 жылдың 11 ақпанында Омбы қаласында өткен «Қазақ-қырғыз халқының әкімшілік-шаруашылық құрылымы туралы мәселе» бойынша ведомствоаралық құрылым жөніндегі мәжіліске Алашорда үкіметінің төрағасы Ә.Бөкейхановпен бірге оның мүшелері ретінде А.Тұрлыбаев пен У.Танашев да барады.

А.Тұрлыбаев Императорлық университетті тәмамдаған уақыттан Омбы, Тобыл аймақтық сотында әр түрлі лауазымда қызмет еткен: сот қызметіне кіші кандидат, азаматтық департамент хатшысының көмекшісі, коллеждік хатшы, сот қызметіне жоғарғы кандидат, дәрежелі кеңесші, сот коллеждік асессоры, сот алқа кеңесшісі, Омбы аймақтық сотының мүшесі болады. Оның қызметі туралы деректер Омбы мұрағатында сақталған. 1911 жылдың қараша айында басталған жеке іс қағазында, мынадай мәлімет бар: «Мировой Судья 3 участка г.Омска, округа Омского Окружного Суда, надворный Советник Айдархан Турлыбаевич Турлыбаев родился 25 августа 1877 г., вероисповедания магометанского, знаков отличия не имеет. Содержание получает в год: жалование 1200 р., добавочных 300 р., квартирных 500 р., столовых 500 р. Итого 2500 р.» («ТМ» ББ. Қор.10, Тіз.1. Іс.1338. парақ.6-9.).

Айдархан 1934 жылы абақтыға жабылып, онда 6 ай отырады. 1937 жылы 14 маусымда қайта қамауға алынып, «ұлтшыл», «ұлттық буржуазия өкілдерінің сойылын соғушы» ретінде айыпталып, оған сол жылдың 17 қарашасында Омбы ІІХК ату жазасын (№7396 іспен қаралады) үкім етеді. Үкімет тарапынан тек 1957 жылы ғана ақталады. Қазірде Омбы облысы федералдық қауіпсіздік қызметі мұрағатында «кеңес өкіметіне қарсы саяси-төңкерістік әрекеті үшін» деген жалған айыппен атылған А.Тұрлыбаев пен оның серіктестеріне қатысты том-том істер сақтаулы тұр.

Айдархан Тұрлыбаевтың Жақып Ақбаевпен қатар оқып, бір пәтерде жатқандығын жоғарыда айтқан болатынбыз. Студент кездерінен өзара жақын достасып кеткен олардың дипломдық жетекшілері де бір адам болған. Адольф Христианович Гольмстен (1848-1920) - азаматтық құқық саласында бірқатар салмақты еңбектер жазып қалдырған ғалым. 1899-1903 жылдары аталмыш университеттің ректоры болған. Міне, сол ректор болып тұрған кезінде Айдарханның «Брачное право киргизъ» тақырыбындағы дипломдық жұмысына, бір жылдан кейін Жақыптың жұмысына жетекшілік етеді. Университет ректорының екеуіне бірдей жетекшілік етуіне қарағанда, оның назарына қатар іліккені, яғни жұптары жазылмаған дос болғандығы тағы да аңғарылады.

Бір айта кетерлігі - Айдарханнан бір жыл кейін қорғаған Жақыптың дипломдық жұмысының тақырыбы да осы өзектес. Алайда Айдархан өз жұмысында қазақ әдет-ғұрып заңдарының сипатын, оның көшпенді қазақ жұртында алатын ролін, жеке нормаларының айшықты тұстарын анықтауға ден қойса, Жақып Еуропа елдеріндегі құқық жүйесімен салыстыру арқылы онан әрі дамыта түседі. Көшпенді қазақ елінің қалыптасқан неке және отбасы құқығының феноменін аша отырып, құқық жүйесінің өзін өркениетті деп түсінген елдерден кем еместігін тереңдете дәлелдеп, жетелеріне жеткізеді. (оқырмандар тарапынан екіұдай ой қалыптаспасы үшін, Жақыптың жұмысы мазмұнымен арнайы салыстыра қарап шықтық. - Н.Д.). Жақып дипломдық жұмысына Әл-Хазнийдің (ХІІ ғасыр жазушысы): «Когда простые люди слышат от естествоиспытателей, что золото есть тело, которое достигло до совершенства зрелости, последней полноты, они твердо верят, что это есть нечто, постепенно достигающее этого совершенства, проходя через формы всех других металлических тел, так что по их мнению, золото было сначало свинцом, потом сделалось жестью, далее медью, серебром и наконец достигло развития золота: они не знают, что говоря это, естествоиспытатели думают только нечто подобное тому, что они думают, говоря о человеке и приписывая ему полноту и равновесие в природе и сложении - не то, что человек был некогда быком, а потом переменялся в осла, затем в лошадь, после того в обезьяну и, наконец стал человеком», (Мемлекет және құқық тарихынан хрестоматия (2-кітап) /Құраст. Н.Дулатбеков, Ж.Артықбаев, З.Тайшыбаев. - Алматы: Жеті жарғы, 1998. - Б. 86.) - деген сөзін эпиграф етсе, Айдарған: «Задача настоящего заключается в изучений прошедшего», - дегенді қолданған болатын.

Жұмысты жазу барысында Айдархан үлкен ізденістер жасайды. Санкт-Петербург мұрағатында оның өз қолымен жазған нұсқасы сақталыпты. Көлемі жағынан 75 беттен тұратын дипломдық жұмыстың бірінші бетінде А.Х.Гольмстеннің «весьма удовлетворительно» (қазіргіше - «өте жақсы» деген баға) деген жазуы мен қолы бар.

Енді осы дипломдық жұмыс мәтінінен үзінділер келтіріп көрейік (автордың стилі мен баяндау мәнерін сақтау мақсатында түпнұсқаны аудармасыз ұсынып отырмыз. - Н.Д.). Некелесуге тыйым салынатын бірқатар жағдайларды баяндай келе мынадай жайтқа да назар аудартқан Айдархан: «В боковых линиях брак воспрещается только до 3 степени, лишь бы жених и невеста не были «емшекдес», т.е. вскормлены одной и той же женщиной (влияние шариата)», - деп қыз алысуға тыйым салынатын шарт пен 7 ата мәселесін келтіреді (Санкт-Петербург ОМТМ. Қор.14. Тіз.8. Іс.1609. парақ.3 келесі беті, 4.).

Онан әрі: «Киргизы главным образом ценят ее родовитость, т.е. происхождение от хороших родителей: «көрып алган көрыктыден көрмей алган текты артык» - лучше женится на девице из хорошего рода не видавшей, чем видавшей на красавице, или еще: «аягына карап асын ыш, шешесыне карап кызын ал» - глядя на чашку (в которой подают кушание) принимай пищу, глядя на мать женись на ее дочери», - деу арқылы қазақ халқының тек мәселесіне соншалықты мән бергендігін аңғартады (Сонда, 7 келесі беті, 8.). Сонымен бірге ұрпақ жалғастыратын әр ер-азамат үшін «қан», «ата жұрт» дегендердің де қастерлі ұғым болғандығына және бола беретіндігіне назар аударту мақсатында: «Бывает в степи еще такой случай. Жених, не имея родственников поступает под главенство тестя, присоединив свой скот к стаду последнего, и после смерти тестя наследует на правах одного из средних сыновей. Этот обычай, известный под именем: «куш-куйеу» не пользуется симпатией киргиза: «кайндагы куйеуден каргысы жок ит артык» - собака находящиеся на свободе лучше, чем зять, проживающий у тестя», - дейді (Сонда, 15 келесі беті, 16.).

Неке және отбасы хұқығының дала заңындағы қалыптасқан үлгілерін сипаттай келе қызға қырық үйден тыю берген қазақ халқының әйел затын тәрбиелеу ғұрпына орайластырылған қағидаларынан да айналып өтпеген. Және мұнысы арқылы әмеңгерлік институтының жетістіктері де айқындала түскен: «Юридическое значение обычая «урын-келю» заключается в следующем:

Если жених откажется после «урын-келю» от невесты, он теряет все, что перешло к тестю от него в виде калыма или в виде подарков и т.д., в том только случаи, если его отказ немотивированный, но если он отказался от невесты вследствие того, что она при «урын-келю» оказалась лишенной девственности, о чем он должен немедленно заявить свахам, то калым ему возвращается, а невесту может взять даром или же дается ему вместо калыма еще одна невинная девушка; так киргизы ценили прежде чистоту и порочность девушки.

Если отказ последует со стороны отца невесты, то он возвращает калым, да плюс штраф до 3 тогузов.

Если невеста умрет после «урын-келю» ему предлагают женится на младшей ее сестре с приплатой 5-6 скотин «балдыз-калын» (калым за младшую сестру невесты), если жених откажется от этого предложения, то ему из калыма ничего не возвращается, и дается ему приданое его бывшей невесты, да еще лошадь ему под верх.

Если умрет жених, то невеста его должна выйти за брата или ближайшего родственника жениха по истечений траурного года (аза)» (Сонда, 24-24 келесі беті, 25.).

Некенің бұзылуы жөнінде үш рет талақ етуден басқа да шарттары туралы былай дейді: «Брак расторгается по неспособности одного из супругов к брачному сожитию, засвидительствовавшей очевидцами после произведенного испытания жены или мужа.

Если неспособность мужа обнаружилась при урын-келю, то ждет год, думая, что неспособность могла прозойдти от обстановки, при которой совершалось первое свидание жениха с невестой, «сильно сконфузился» - «жер-коркак» - не посмел - и т.д. Если по истечении года он окажется импотентным, то ему возвращается уплаченный его отцом калым. Если неспособность мужа обнаружится впоследсвий после вступления в супружество, то ждут 3 года. Если по истечений этого времени муж не вылечится, то его жена переходит к одному из его братьев или ближайшему родственнику, преимущественно холостому. Если неспособной оказалась жена, то она возвращается со своим приданым к своим родителям, которые должны возвратить жениху полученный калым. Случаи неспособности жены, служащие поводом для расторжения брака следующие: 1) «бтеу» или «такта» - отсутствие всякого отверстия; 2) гермафродитизм «кыз-теке» - двуснастье жены; 3) «шыжың» - абсолютное недержание мочи.

Брак расторгается также вследствие доказанного 4 свидительскими показаниями прелюбодеяния жены, пойманной in flagranti «кылышты кынында корсе», т.е. в положений невынутой из ножны сабли. В этом случае она отсылается в «төркүн» к своим родителям, у которых остается уплаченной за нее калым, а приданое - у мужа.

Смерть жены прекращает всякие отношения и обязывает только мужа возвратить родителям жены ее «саукеле» (головной убор) 4 часть приданого. По смерти же мужа вдова, выждав траурный год «аза», должна выйти замуж за деверя или за одного из ближайших родственников мужа. Если у нее есть дети, то она может остаться вдовой, но при условий остаться навсегда вдовой. Она при малолетстве своих детей, управляет имуществом, оставшимся после смерти мужа. Если же она бездетна, то должна выйти замуж за деверя или ближайшего родственника «ага ольсе, жеңге - мирас, ат ольсе - сауры мирас», т.е. если умрет брат, то снаха - наследство, если подохнет лошадь, то шкура - наследство. Если она не хочет выти за деверя или за ближайшего родственника мужа, то ей предлагают выбрать себе в мужья одного любого из целого рода, к которому принадлежит ее покойный муж «ерден кетсе де, ельден кетпейды» (если от мужа уйдет, то от народа, т.е. рода не уйдет). Это вполне естественно, если мы вспомним, что жена является достоянием целого рода, к которому принадлежит ее муж, так точно род ее родителей, считая ее своей костью, заступается за нее, что влечет за собою родовую вражду и барамту между этими родами, пока не придут к соглашению» (Сонда, 34-34 келесі беті, 35-35 келесі беті, 36-36 келесі беті.).

Айдархан Тұрлыбаевтың дипломдық жұмысынан келтірілген бұл үзінділерден оның Алаш қозғалысының белсенді қайраткері ретіндегі қыры ғана емес, сонымен бірге, сол заманда «Қазақ» газетінде жазылғандай, заң ісіне жетік маман екендігі де байқалады. Оның үстіне, неке тақырыбын қазақы әдет-ғұрып заңдары негізінде қарастыру, біздіңше, Гольмстенді де қызықтырса керек. Қалай дегенде де, дипломдық жұмысты жазу, қорғау барысында дала заңындағы әдет-ғұрыптардың құқықтық күшін дәлелдеп беру қазақтың қаршадай баласы үшін оңайға соқпағаны анық.

Ең бастысы, Айдархан Тұрлыбаевтың дипломдық жұмысында сөз болған ғұрыптарды бүгінгі күннің неке мәселесімен салыстыра қарауда жатыр. Бірді айтып, бірге кетті демеңіздер, осы мақаланы жазу барысында бір мәселеге ден қойдық: белгілі болған мәліметтер бойынша, көршілес алып айдаһар мемлекетте әр отбасынан бір бала ғана өсу керек болғандықтан, тек ұлдар ғана туылып, қазірде 18-ге толмаған ер балалар саны 40 миллионға жуықтапты. Ал Қазақстандағы әйел затының саны, соңғы деректер бойынша, ерлерден 80 мыңдай артық. Егер сол 40 миллионның 1%-ы елімізге өтсе, олардың саны 400 мың болады екен. Қазақтың тек қазақтан ғана туатынын ескерсек, айдаһар мемлекет азаматтарынан еш уақытта да қазақ тумасы өзінен-өзі түсінікті. Мәселеге осы қырынан келгенде, А.Тұрлыбаевтың ұлттық дәстүр туралы мұраларын зерттеудің маңыздылығы арта түседі. Бұл бізге ұлттық тектік қорымызды (генофонд) сақтау үшін керек. Қара көз қыздарымыздың жат жұртқа тұрмысқа шыққанынан өз ұлтымызға жар болғаны дұрыс екеніне саналы адам дау айтпас. Орайы келгенде айта кету қажет - қазірде екі әйел алған адамды мәдениетке жат қылық жасаушы ретінде қабылдайды, ал ұлтты сақтау мәселесі тұрғысынан келгенде, мұның тиімді әрі аса қажет мәселе екендігін екінің бірі ескере бермейді. Еуроцентристік көзқарастағы қоғамымыз жесірді қаңғытпау дегенді де жабайылық санайды. Ал біздей аз халық үшін әрбір қара көз қыз бен ұл тағдыры ешқайсымызды да бей-жай қалдырмауға тиіс. Етек-жеңімізді жиып, өзіміздің өсуімізді алдыңғы орынға шығаруымыз қажет. Түптеп келгенде, халқымыздың тектік қоры бұзылып, ұлттық қасиетінен біржола айырылғаны дұрыс па, әлде осы қос әйел алушылыққа басқаша көзбен қарағанымыз дұрыс па? Қалай десек те, Айдархан Тұрлыбаевтың дипломдық жұмысына арқау болған кей ғұрыптарымызды тағылықтың көрінісі деп қарамай, қайта жаңа қырынан тану керектігі, заңымызда көрініс беруі қажеттігі байқалатындай. Осы тұста Айдарханның да бұл аталғандарды қазақтың ұлт ретіндегі өзіндік құндылықтары деп танумен оң пікірде жазғанын естен шығаруға болмайды.

Екіншіден, елімізде ер адам жетіспеуі салдарынан тұрмыс құрмай балалы болып отыған әйел заты қаншама. Бұл - мәселенің бірінші жағы. Екінші жағы - сол балалардың тегін танымай өсуі. «Жеті атасын білмеген - жетесіздің белгісі» деген баба ұрпағының алдағы күнгі шығар белесінің биіктігін осыдан-ақ шамалауға болатындай.

Еліміз тәуелсіздік алғалы, жоғымыз түгенделіп, жыртығымыздың бүтінделгені рас. Ата заңымызды қабылдадық. Біздіңше, сол заңдарды қабылдағанда, ең алдымен, мемлекет атын иемденіп отырған халықтың тарихындағы талай ғасырлық тәжірибеден өткен, талай ұрпақ мақұлдаған және сол арқылы демографиялық мәселелерін ретке келтіріп отырған заңдарды да ескерудің маңызы ерекше. Халық әдет-ғұрпының заңдық күші және кейінгі заңдарды солармен сабақтастыра отыру туралы кезінде С.Зиманов сынды ағаларымыз, алдыңғы буын заңгерер де айтып кеткен болатын. Сондықтан атадан қалған мұра, жәдігерлердің осындай жағдайлар үшін ауадай қажет екендігі ұлт жанашырларының қай-қайсысын да толғандырса керек. Қарқынды түрде етек алған жаһандану үдерісінің ағынымен кетіп, баба мұраларын жандандырмасақ (Бұл - үлкен тақырып, кейін тоқталуға тырысамыз. - Н.Д.), А.Тұрлыбаевтың ғана емес, оның арғысы мен бергісіндегі жақсылардың да аманатына дұрыс қарамағандық болады деп есептейміз.

Сонымен, жоғарыда келтірілгендерді саралай отырып, Айдархан Тұрлыбаевтың Алаш қозғалысына белсене араласқан ірі тұлға, ұлт жоқшысы болғандығына көз жеткіземіз. Сонымен бірге бабадан қалған мирасқа асқан сауаттылықпен қарап, халықтың демографиялық жағдайы үшін әдет-ғұрпымыздағы құндылықтарды сақтап қалу керектігі туралы көрегенділік танытуы арқылы да ел мүддесін ойлаған азамат екендігі айқындала түседі.

Айдархан Тұрлыбаевтың ғұмырнамалық жолы, сондай-ақ ұлтымыздың жарқын болашағы үшін көтерген жасампаз идеялары, бастысы, сол бағытта атқарған ерен еңбектері жөнінде жасалған шағын шолуымыздан жеткіншек ұрпақ, яғни ұл-қыздарымыз байыбына барып, тағылым алса, қажетіне жаратса дейміз. Ендеше бұларды зерттеу, артық-кемін екшеп ел игілігіне жарату - алдағы күндері де жалғаса беретін келелі іс.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2146
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2551
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2364
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661