Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3054 1 пікір 15 Қаңтар, 2021 сағат 14:15

Балаим Кесебаева мен Павел Казанцев Мәжіліс Төрағасының орынбасарлары қызметтеріне сайланды

Бүгін Мәжілістің VII шақырылым депутаттары жалпы отырыста Мәжіліс Төрағасы орынбасарлары қызметіне Балаим Кесебаева мен Павел Казанцевты сайлады.

«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға сәйкес, Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Палатаның вице-спикерлері қызметіне Балаим Кесебаева мен Павел Казанцевтың кандидатураларын талқылауға ұсынды.

Мәжіліс депутаттары кандидаттарды бірауыздан қолдады.

Балаим Кесебаева - заңгер, Әділет министрлігінде қызмет атқарған. Маңғыстау және Қызылорда облыстарындағы Әділет департаменттерін басқарған. Сонымен қатар, Мәжілістің VI шақырымында Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі болды.

Павел Казанцев – Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің құрамында болды. «Nur Otan» партиясы жанындағы Партиялық бақылау комитетін басқарады. Сондай-ақ, П.Казанцевтің әкімшілік және партиялық жұмыста үлкен тәжірибесі бар.

Abai.kz

1 пікір