Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4055 0 пікір 5 Наурыз, 2012 сағат 06:10

Тұрсынбек Әлиұлы. Сырдың суынан жаңа теңіз жасасақ...

Көктем келіп еді, оңтүстік тағы да шу ете қалды. Баяғы проблема - су алып кетті, су шайып кетті. Көктемде жер-көкті алып кететін осы мол суың жазда қасқалдықтың қанындай таптырмайтыны-ай...

Арал проблемасын дүниежүзі біледі десе де болады. Оны тағы да қайталап айтып, жұрттың басын ауыртпай-ақ қояйық. Бір таң қаларлығы оның тез құрғап келе жатқандығы. Мына суретте ол анық көрінеді:

Міне, осы Аралдың солтүстік бөлігін қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқаны белгілі. Бұл Көкарал деп аталатын теңіздің солтүстік бөлігі бұрынғы Аралдың оннан бір бөлігі ғана. Сондықтан ол қалпына келтірілгенмен де аймақтағы экологиялық мәселені толық шеше алмайды.

Жалпы, Арал теңізіне келетін судың жетпіс бес пайызын Амудария әкеледі. Сырдарияның үлесі жиырма бес пайыз ғана. Оның өзі қыс айларында ғана ағады. Жазда жерге сіңіп, буға айналып, теңізге толық жетпейді. Қаншама су Шардарадан кейін тектен текке Өзбекстан жеріндегі Айдаркөлге ағызылып келді. Мұндағы мақсат - су көп келген уақытта Сырдың төменгі жағындағы елді-мекендерді су алып кетуден қорғау. Сөйтіп, жыл сайынғы ағызылатын судан Шардараның өзінен 5-6 есе үлкен Айдаркөл су қоймасы пайда болды.

Осындайда не істеу керек деген сұраққа бас қатырған қазақ үкіметі Елбасының тапсырмасымен Көксарай су қоймасын салды. Бұл бір жағынан дұрыс болғанымен, екінші жағынан алып қарағанда, Көксарайдың көлемі шағын ғана. Ол тек көктем уақытында, су тасу маусымында ғана керек. Меніңше, Сырды осы жерде мәңгілікке буған дұрыс еді. Түркістаннан төмен Қызылқұмға дейін бөгет салғанда жаңа теңіз пайда болатын еді. Рас, бұл өте көп қаржыны қажет ететін жоба. Бөгеттің өзінің ұзындығы екі жүз-үш жүз шақырымдай болады. Есесіне Түркістан теңіз жағасындағы қалаға айналады. Жаңа теңіздің көлемі де бұрынғы Арал теңізінің көлемінен кем болмас еді. Аталған ауданда халық та мол шоғырланған. Оңтүстіктің ауа-райының ыстық екенін білеміз. Бұл жаз айларында туризмнің дамуына үлкен ықпал етеді. Балық шаруашылығы дамып, халықтың әл-ауқаты көтеріледі. Қызылорда облысындағы экологияның нашарлығынан халықтың жағдайы да, денсаулығы да нашарлап бара жатқаны рас. Оларды, қазақтың жері кең, жері шүйгін, суы мол, таза аймақтарға көшірген абзал. Жарты миллион деген не тәйірі, Қазақстанда қаншама ауылдар қаңырап бос тұр.

Егер де бұл жоба болмаса, екінші вариант бар. Ол - Сырды Шиелінің тұсынан оңға бұрып жіберу. Сонда Қаратаудың солтүстігінде, Бетпақдалада Шу, Сарысу өзендері құйып жатқан ойпатта тағы бір теңіз пайда болар еді. Оны Бетпақдала теңізі деп атаған дұрыс. Теңіз тез толады. Өйткені Сыр көп жерден ағып өтіп, жерге сіңіп, буға айналып, рәсуа болмайды. Бұрын Сыр осы жерден Аралға жеткенше мыңдаған тармақтарға бөлініп, жерге сіңіп, бу боп ұшып, шаруашылыққа жаратылып, өзінің шамасын азайтып алатын еді. Енді ол болмайды. Сондықтан теңіз тез толады. Көлемі де әжептеуір. Бұрынғы толық Аралдың жетпіс-сексен пайызындай болады.

Арал, Арал деп шулай бергенмен енді Арал оңалмайды. Арал қалпына келуі үшін Түркіменстан, Өзбекстан, Қазақстан оның суын пайдалануды қоюы керек. Ал бұл болмайтын нәрсе. Сондықтан амал жоқ, бастан құлақ садақа дейміз де.

Сырдарияның ұзындығы 2212 шақырым. Өзеннің бойында Қырғызстанның Нарын, Жалалабад, Ош облыстары, Тәжікстанның Соғды облысы, Өзбекстанның Андижан, Наманган, Ферғана, Жизақ, Ташкент, Сырдария облыстары, Қазақстанның Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары жатыр. Сырдария бассейнінің көлемі 219 000 шаршы шақырым.

Сыр бойында бірнеше су қоймасы салынған. Тоқтағұл (19,5 текше шақырым, Қырғызстан), Қайраққұм (4,2 текше шақырым, Тәжікстан) және Шардара (5,7 текше шақырым, Қазақстан, Көксарай 3,0 текше шақырым, Қазақстан)

Осыған мамандар не айтады екен?..

Тұрсынбек Әлиұлы,

ҚР Журналистер одағының мүшесі

Астана

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2145
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2549
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2355
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1659