Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3901 4 пікір 2 Наурыз, 2012 сағат 07:30

Талғат Қатауов. Төл теңгемізден ұлт тұлғалары неге жоғалды?

1993 жылы 12 қарашада Президенттің «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» жарлығы шығып, 15 қарашада ұлттық валюта - теңгеміз айналымға түсті. Бұл - еліміз жылнамасындағы ең маңызды оқиғалардың бірі. Ол жас мемлекетіміз үшін шын мәнінде бетбұрысты кезең және тәуелсіздікті нығайту жолындағы түбегейлі әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізу үшін қажетті тарихи қадам болды. Ең алғаш түрлі-түсті банкноттың беткі және сыртқы жағында ұлт тұлғаларының бейнелері орналасқан, қазақтың ұлттық ою-өрнегі кестеленген және Қазақ елінің әсем де сұлу жерлері (Алатаудың, Оқжетпес көрінісі) салынған төл теңгемізді қолға ұстағанымызда балаша мәз болып қуанып, бөркімізді аспанға атқан едік. Өйткені, біріншіден, еліміз экономикалық және қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізді. Екіншіден, тұңғыш ұлттық нышанда айшықталған ақшамыз айналымға түсті. Сол ұлттық валютамызда орналасқан ұлы ойшыл әл-Фарабидің, халық ақыны Сүйінбайдың, халық композиторы Құрманғазының, қазақтың ғалымы Шоқан Уәлихановтың, ұлы ақын Абайдың және Әбілқайыр ханның суреттері кімге кедергі жасағанын, кімнің тақиясына тар келгенін білмеймін. Әйтеуір, уақыт өте теңгемізден ұлт перзенттерінің біртіндеп мүлде жойылуы қуанышымызды су сепкендей басты.

Қазақ даналарын ұмыттыру кімге қажет болды екен? Әлде ұлтымыздың қалыптасуына ерен еңбек еткен ардақтылардың бейнесі шенеуніктердің шамына тиді ме екен? Оларды алып тастағанда теңгеміздің қорғаныс қабілеті күшейіп, қаржы айналымда құндылығы артып, дағдарысқа тоқтау салды ма екен? Оның себебі туралы осы салаға қатысты лауазымды басшылар жұмған ауыздарын ашпады. Қазіргі қазақ теңгесіне қайыр сұрап, алақанын ашқан қол мен ешқандай ұлттық ерешеліктері жоқ мұнара т.б. көрер көге қораш дүниелер жайғасты. Кейін бастапқы үлкен купюрлер «2000», «5000» теңгелерде көзге айрықша көрінетін «ҚР Ұлттық банқі» деген қателер орын алды. Оған зиялы қауым мен бұрын қаржы саласында абыройлы қызмет еткен ел  ағалары сын-пікірлерін айтып, ауыстыру туралы  ұсыныстарын жасады. Ал, күндерін әрең көріп, тіршілігімен арпалысқан жұрт  қолдарына ақша тигеніне мәз болып, қатені сезбей де қалды. Сонда шұбырған шенеуніктер мен олардың толған орынбасарлары, көмекшілері және кеңесшілері, арнайы құрылған комиссия, Үкімет пен Президент әкімшілігінде отырған сарапшылар мен тіл мамандарының біреуі де - мемлекет рәмізінің бірі болып табылатын  теңгеміздегі бадырайып жазылған «Банқі» деген қатені көрмей қалғаны ма? Шынында, қомақты айлық алатын олардың бәрі қайда қараған? Кемшілік жібергендердің біреуі де жазаға тартылмады. «Теңгеміздегі ұлыларымыздың суреттері қайда кетті, неге қате жаздыңдар?» деп бірде-бір Парламент депутатының  сұрау салмағаны көңілге кірбің салады.  Ауыл әкімі мен мектеп директорының өзі маңызды құжатқа қол қою үшін, оны жан-жақты сүзгіден өткізеді. Мемлекеттік валютаның эскизін Елбасына көрсету үшін жүздеген лауазымды адамдардың алдынан өтетіні белгілі. Мұның бәрі де, яғни, «төл теңгемізден ұлт ардақтыларының жоғалуы және сөздің қате жазылуы  билік басында отырған жағымпаздар мен рухсыздардың қолдан жасаған істері емес пе екен» деген ойлар маза бермейді

Төл валютамыздың айналымға енгеніне 20 жыл толу қарсаңында теңгемізден ұлт асылдарының портреттерін қайта көргіміз келеді. Қазір осыған атсалыспай, 10 жылдан кейін ғана кейбір ұпай жинамақшы болған адамдар «қайыр сұраған алақан менталитетімізге жат, елдігімізге сын, ауыстыру қажет»  деп ақпарат құралдары  алдында аяқасты ұлтжанды болып шыға келмесіне кім кепіл. Ендеше, осы мәселені көтеріп, үн қосайық!

Орал қаласы

«Абай-ақпарат»

4 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1430
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1270
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1030
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1084