Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3989 0 пікір 2 Наурыз, 2012 сағат 06:52

Ақберен Елгезек. Жоконданың жұмбағы

Ақберен Елгезек. Джоконданың жұмбағы

Егер Жаратқан Ием адамның рухани кемелденуіне пайғамбарлар мен әулиелер жіберген болса, Өзі жаратқан тылсым да сұлу табиғаттың сыры мен нұрын паш ететін тұлғаларды да қоса жіберетін секілді.

Алла Тағалам мұндай тұлғаларды әр ұлттан жаратқанмен, олар күллі адамзаттың өсіп-өркендеуіне бар өмірін арнайтыны заңдылық. Жаратушының әмірімен арнайы жаратылған сондай һас шеберлердің бірі де бірегейі - Леонардо  да Винчи. Ұлы Леонардо ғылымның әр саласында еңбек еткенімен, оның есімі тарихта ең алдымен ұлы суретші ретінде қалды.

Тума таланттың қыл қаламынан адам көзі еш тоймайтын ғажайып суреттер дүние есігін ашты. Оның әрқайсысы шеберліктің қайталанбас үлгісі, әр өрнегі өмірдің өзіндей тірі, мәңгілік қозғалыста. Да Винчидің қарашығына ғана көрінетін жаратылыстың тылсым сәттері, құпия көріністері көкірегі соқыр пенделер үшін қашанда жабық. Оның суреттерін түйсіну үшін адам рухани бай, жан көзі ашылған болуы тиіс. Леонардоның кенепке түскен кескіндері сондықтан да жұмбаққа толы, сондықтан да өміршең.

Леонардо да Винчи суретші шеберлігінің шырқау шегі деп әлем сұлулығы мен адамның көркемдігін үйлестіре беру деп есептеген. Яғни, қанша уақыт өтсе де, кенептен көрермен қауым сол сәттегі өмірдің тынысын айқын сезініп, сомдалған тұлғаның тірі кейпін анық көруі қажет. Сонда ғана суретшінің шеберлігі кемел болып саналмақ. Бұл қиын да қызықты жұмыс. Оған түйсік пен адам болмысында ашылмай жатқан ғаламат жаратушы сезімдер жұмылдырылу керек шығар. Өмірдің әр сәтін бүгінгі таңда фотоаппарат та толық бере алмайды. Ал, мұндай мүмкіндік осыдан алты жүз жыл бұрын Леонардоның бағына бұйырды.

Бүгінгі және ертеңгі ұрпақ үшін ең әйгілі шедевр болып Леонардоның әйгілі Мона Лизасы қала береді. Ол заңды да. Себебі, бұл суретте Леонардоның үздіккен демі мен саусақтарының әлсіз дірілі қалып қойған. Интернеттегі Мона Лизаның суретіне ұзақ қарап отырсаңыз, оны өзіңіз терең сезінесіз.

Ұлы суретші бұл жауһар шығармасына «Жоконда» деген атау берген болатын. «Жоконда» итальян тілінде «ойнақы, көңілді» деген мағына береді екен. Леонардо да Винчи бұл суретті сомдауға жарты өмірін арнаған деседі.

Арада алты ғасыр өткенмен, осы картинаға қатысты дау түгесілер емес. Мәселе аты шулы суреттегі әдемі келіншектің жымиысында болып отыр. Бір нүктеге қарап тұрғаныңызда, ол бір сәтте әнтек жымиса, келесі бір сызықта ол мұңая қалады. Суреттегі әйел құдды тірі секілді, эмоциясы үнемі құбылып тұрады. Неге, қалай? Бұл әзірге шешуге адамның ақылы жетпейтін жұмбақ болып отыр. Және ең қызықты сауал - тарихта мәңгі тірі қалу құрметі қандай әйелге көрсетілген екен?

Біз осы кішігірім мақаламызда атақты картинада кім сомдалған деген сұраққа ғана жауап іздеп көреміз. Себебі, Леонардоның суретті салу техникасы туралы айтуға мақаланың көлемі көтермейді. Сонымен, аталған мәселе туралы өнертану ғылымы не дейді екен? Бізге белгілі 4 жорамалды оқырман назарына ұсыналық.

Бірінші жорамал. Бұл ресми жорамал. Ол жорамал бойынша кенепте Франческо де Жокондо деген бір флорентийлік азаматтың зайыбы Мона Лизаның бейнесі сомдалған. Сондықтан картинаның ресми атауы - Мона Лиза болып табылады.

Екінші жорамал. Бұл жорамал бойынша суреттегі әйел - Леонардо да Винчидің Катерина атты сүйікті анасы деген де ұсыныс айтылады.

Үшінші жорамал. 1957 жылы тағы бір жорамал пайда болды. Ол бойынша суреттегі әйел - Папа Римскийдің інісі Джулиано Медичидің нақсүйері,күлегеш Пачифик Брандано деген сұлу ару екен-мыс.

Төртінші жорамал. Бұл жорамал тіпті қызық. Аталған жорамал картинада Леонардо да Винчидің өз автопортреті дегенді тұспалдайды. Яғни, әйел болмысына ұлы суретші өзінің бейнесін жасырған-мыс. Әйелдің жымиысы ұлы суретшінің болашақ ұрпаққа қалдырған құпия хабарды білдіреді. Адамның ішіндегі Тәңіри таза әлемі мен нәпсісі арасындағы үздіксіз соғыс, табиғат пен адамның үйлесімділігі мен мәңгілік бірлігі дегенді білдіруі мүмкін. Бұл жымиыс арқылы да Винчи әлі күнге дейін бізге де, келер ұрпаққа да «иә, сонымен бұл суреттегі кім болды? Таба алдындар ма, балақайлар?» - деп тұрғандай...

Леонардо да Винчи атақты картинасы біткенде: «Мен шын мәнінде аса құдыретті, таңғажайып туындыны дүниеге әкелдім!» - деген екен. Ұлы суретшінің өзіне берген бұл бағасымен келіспеске біздің ешқандай шарамыз жоқ. 

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1463
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1312
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1066
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1118