Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3024 0 пікір 1 Наурыз, 2012 сағат 09:51

Дос Көшім. Мәскеуліктермен біргеміз!

Жақында «Московский комсомолец» газетінде Ресей астанасының «Братеево» метро станциясы жанындағы тұрғындардың «Егер станцияға «Алма-Ата» деген ат беретін болса Москва мэриінің алдында пикет жасаймыз» деген мәлімдемелері жарық көрді. Шын мәнінде, бұл бастаманы (метроның станциясына Қазақ жерінде жоқ «Алма-Ата» атын беру) қазақстан жағы көтергені де көзі қарақты азаматтарға белгілі болар деп ойлаймын. Мемлекет пен халықтардың арасындағы достықты тек қана жасанды интернационализм тәсілімен жасап үйренген басшылар бұрынғы Кеңес одағы кезіндегі жолдан таймағандарын тағы бір дәлелдеп отыр. Бірақ оны қарапайым халық қолдар емес. Жергілікті тұрғындардың қарыслығын Аудандық ардагерлер кеңесі, Қалалық топонимика комиссиясы мен Орыс география қоғамы да қолдап отыр (Шіркін -ай, қазақ халқының сүйегіне таңба болып тұрған Павлодар мен Петропавлдың атын өзгертуді республикалық Ономастика комиссиясы мен Ардагерлар кеңесі, Географиялық қоғам қолдаса ғой!).  Ұлттық құндылықтарды сақтау, оны саяси ойынға айналдырмау жөнінде унитарлық Қазақ елі федеративті Ресейден үлгі алуға тура келетін сияқты.

Өз басым, мәскеуліктерді қос қолымды көтере қолдаймын. Біріншіден, мемлекет аралық «туысқандық пен достықтың» белгісі ретінде Қазақ жерінде қолданылудан шығарылып тасталған «Алма-Ата» деген атауды алудың өзі барып тұрған арандатушылық деп білемін. Мойындауымыз керек, тарихи жағынан алғанда, бұл атауды бір қазақ большевигі  (Әулие ата», «Қошқар ата» дегенге ұқсатып қойды деген мәлімет бар, бірақ саяси тұрғыдан Кеңестік заманды аңсайтын жандар мен орыстың ұлы державалық шовинизмінен арыла алмай жүрген бейшаралар «Алма-Атаны» атауын Ресей үстемдігінің белгісіндей көретіні бәрімізге белгілі. Сол атауды Қазақ жағының ұсынуы - не саяси соқырлық, не нақты арандатушылық. Түптеп келгенде, екі елдің арасына сына қағушылық деп білемін. Егер бір станцияға тарихи жағынан бір атауды беру керек деп тапса, Панфилов пен Бауыржан Момышұлының аттары дайын тұр емес пе?

Екіншіден, егер Мәскеуде бір «Алма-Ата» атауы қойылса, Қазақ жерінде жүз «Москва» атының орын алатыны тағы да шындық. Бұл атау сол науқанға дәлел ретінде қолданылатын тәсіл ғана. Мәскеудегі Абайдың жалғыз ескерткіші Қазақ жеріндегі жүздеген Пушкинге тірек болып тұр (Былтыр Павлодар қаласында Павел Васильев деген ақынға ақынға ескерткіш қойды. Қоймай көр, «Анау Мәскеудің төрінде Абайдың ескерткіші де тұр ғой» деп бұлтартпайтын дәлелді алдыңа көлденең тартады).  Қысқасы, біздің жақтың бастамасы Ресей тарихындағы қазақтың үлесін қорғап қалу емес, кейіннен Алматының метросына ешқандай да қатысы жоқ Мәскеудің атын беру деп ойлаймын. Сондықтанда да өз жерлерінің тарихи атын қорғауда біздерге үлгі болып тұрған  «Братеево» станциясының тұрғындарын қолдаймын!

Дос Көшім

«Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1406
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1238
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 995
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1067