Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3414 0 пікір 1 Наурыз, 2012 сағат 09:11

Нұрлан Геройхан. Қазақ пен Латыш: Біздің арман, оларда заң

Латыш үкіметі мемлекет пен оның құндылықтарын құрметтемейтін жоғарғы сынып оқушыларын мектептен шығаруды көздейтін заң жобасын мақұлдапты.

Заң бойынша, мектеп оқушылары Латвия мемлекетіне оның Ата заңына, тарихы мен қоғамына және Латвия рәміздері мен латыш тіліне құрметпен қарауы тиіс. Заң талаптары орындалмаған жағдайда оқушы мектептен қуылады. Бұл аз десеңіз, заңға сәйкес, оқушылар мұғалімдердің құқын бұзбауға және оны сақтауға міндетті әрі зорлық-зомбылық жасаудан аулақ болуы керек.

Ал, біздегі ерке оқушылар тапа-тал түсте мұғаліміне жала жауып, «Сабаққа кедергі келтірмей, тыныш отыр», деп ескерту жасағаны үшін туған-туыстарын ертіп келіп, мектепте, оқушылардың көзінше мұғалімді көкала қойдай ғып сабап тастайды. (http://www.masa.kz/article/view/id/3127) Міне, зорлық-зомбылықтың көкесі!

Мемлекеттік тілге деген құрмет туралы айтсақ, көз жасымыз көл болады. Мысалы, біздегі заң бойынша, ҰБТ-дан өтетін кезде мемлекеттік тіл - қазақ тілінен алған балыңыз мүлдем есепке кірмейді. 0 алсаңда өте бересің. Міне, сізге мемлекетке оның тіліне деген құрметтің әкесі!

Аралас мектептер мен орыс мектептеріндегі мемлекетке оның тарихына, рәміздеріне, тілге деген құрметі былай тұрсын, көзқарасының өзінен адам шошиды. Айғақ: Керекулік мұғалім Давид Ганелин мемлекеттік әнұранды Камасутраға теңейді. (http://www.masa.kz/article/view/id/3058) Оған Білім және ғылым министрлігінен бастап, ешбір мемлекеттік жауапты орындар ләм демейді. Демек, олар Ганелиннің қорлауына көндігіп, біржола келіскен деген сөз. Ал, Ганелинді сүттен ақ, судан таза қылып көрсеткен орыс баспасөзі аузына келгенін айтып жатса да оған ешкім қой демейді. Ал, баршаға ортақ ең басты заң - Ата заңда: «9-бап: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері - Туы, Елтаңбасы және Гимні бар. Олардың сипаттамасы және ресми пайдаланылу тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді. 34-бап: Әркім Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті». Ал, Ганелин мемлекеттің ең асыл дүниелерін қорлап отырса да, оған заң жоқ. Себебі, ұлтаралық татулықты сақтау керек. Татулықтың жолында мемлекет пен оның құндылықтары, рәміздері, Ата заңы - құрбандық.

Осыдан кейін, Латыштардың тірлігі бізге қайдан арман болмайды, айтыңызшы а?

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1461
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1309
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1063
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1115