Жұма, 26 Сәуір 2024
Әзіл-шыны аралас 3299 2 пікір 11 Қаңтар, 2021 сағат 13:26

Cайлау. Әлеуметтік желідегі жұрттың әңгімесі

Кеше Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы өткенін білесіздер. Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы ресми қорытындыларды әлі жариялаған жоқ.

Алайда, екі бірдей «Exit poll» сайлаудың болжамды қорытындыларын жариялады. Ол бойынша Мәжіліске үш саяси партия өткен. Олар: «Нұр Отан» партиясы, «Ақ жол» партиясы және бұрынғы коммунистік партия (Қазақстанның Халық партиясы).

Сайлаудың бұл қорытындылары көптің көңілінен шыққан жоқ. Оны желідегі жұрттың сөз ауанынан аңғаруға болады. Біз әлеуметтік желідегі халықтың әзіл-шыны аралас әңгімелерін бір шолып шықтық. Сонымен, жұрт не дейді?

Ринат Рафхат:

«Ауыл мен ADAL-ға қайғырып көңіл айтамын. Бекем болыңыздар! Бог дал, Бог взял...».

Нұрбек Түсіпхан:

«Саяси оқиғасы аз, саяси белсенділігі төмен Қазақстанда сайлаушылардың 63 пайызы дауыс беріпті. Орталық Азияда саяси талас-тартысы күшті, халқының көбі саясатшы Қырғызстанда 38 пайыз бопты».

Ербол Азанбек:

«Шымылдық. Көрермен үнсіз тарауда. Әртістер де гримді сүртіп, киім ауыстыруға асығып бара жатыр...».

Алмас Тоқабаев:

«Ең жаман нәрсе - Қытайда оппозиция болу. Вроде саған 5-6 млн адам дауыс береді, бірақ жинағаның 1% те болмайды...».

Серік Жолдасбай:

«Адал партиясын арам қатырыпты. Негізі тәп тәуір дауыс алып еді. Шіркін, коммунистерді өткізбей ақ қойса екен деп ем. Амал қанша».

Мұхтар Тайжан:

«Америкада сайлаудың нәтижесін алғаш кім жариялайды? ЦИК емес, БАҚтар! Неге? Өйткені әр үлкен телеарна, газет, өз дербес exit poll қызметін ұстайды. Ал бізде тәуелсіз exit poll-дарға , әлеуметтік зерттеулерге тыйым салынған. Сол себептен ЦИК-тің ресми нәтижелері шын ба өтірік пе ешкім тексіре алмайды».

Өміржан Әбдіхалықұлы

«Советского Союза нет, но советский человек живет. Коммунизм - это болезнь, вирус и эта болезнь возвращается снова и снова. Светлана Алексиевич.

Тоқтап қалған уақыттың улы цифлары. Ауада ауыр қарсылық бар. Бес жылға бірден қартайдыңыз, бес жылыңыз бір сәтте ұрланды».

Жарқын Түсіпбекұлы:

«Декорация өзгермей театрда мазмұн болмайды».

Қайрат Жолдыбайұлы:

«Халық» деп атауын өзгерткен кешегі коммунистік партияның 9,03 % алғанына кім сенеді? «Ауыл» мен «Адалдың» өтпей қалғаны да күмәнді. Бұлар саяси қойылымның өзін де тігісін жатқызып, ептей алмайды».

Сағындық Бекұлан:

«Сайлаудағы басты жаңалық: Ермахан мен ADAL. Екеуінде де халыққа қарауға бет жоқ».

Думан Бықай:

«Мәшһүр Жүсіп атамызда жазық жоқ. Нұр Отанның алдында о кісі де қауқарсыз».

Ескерту! Бұл сайлаудың ресми қорытындысы емес. Ресми есепті ҚР Орталық сайлау комиссиясы жариялайды. Онымен келісу я келіспеу әркімнің өз таңдауы. Ал шындығына келгенде, ОСК-ның да қорытындысы осы есептің төңірегінде болатынын өздеріңізде біліп отырсыздар...

Abai.kz

2 пікір