Сенбі, 27 Сәуір 2024
3529 0 пікір 11 Қаңтар, 2021 сағат 09:05

COVID-19: Ақмола мен Атырау облысы «қызыл» аймақта

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 11 қаңтардағы ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.

10 қаңтар күні «қызыл» аймақта Ақмола мен Павлодар облыстары болған еді.

Бүгінгі бағалау матрицасына сәйкес, «қызыл» аймақта Ақмола, Атырау облыстары орналасқан. Павлодар облысы «сары» аймаққа ауысты.

Сондай-ақ, «сары» аймақта Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстары, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары бар.

Қалған өңірлердің барлығы - «жасыл» аймақта.

Жалпы Қазақстан аумағы коронавирус бойынша «сары» аймаққа енгізілген.

Abai.kz

0 пікір