Жұма, 26 Сәуір 2024
Талқы 5297 32 пікір 11 Қаңтар, 2021 сағат 00:25

EXIT POLL: Қай партия қанша дауыс жинады?

Бүгінгі сайлаудың (Мәжіліс пен мәслихат сайлауы) алдын ала немесе болжамды қорытындысы жарияланыпты. Алдын ала есептеуді (Еxit poll) «Қоғамдық пікір» зерттеу институты жүргізген екен.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аталған институт директоры Айнұр Мажитова Еxit poll есебін жариялапты. Ол бойынша Мәжіліске үш саяси партия өткен.

Олар:

«Nur Otan» партиясы – 71,97 пайыз,

«Ақ жол» партиясы – 10,18 пайыз,

«Қазақстан Халық» партиясы – 9,03 пайыз.

Сайлауға қатысқан тағы екі партия 7 пайыз дауыс жинамаған.  Олар:

«Ауыл» партиясы – 5,75 пайыз,

«Адал» партиясы – 3,07 пайыз.

Бүгін тағы бір Exit poll жарияланды. Екінші есепті «Демократия институты» ғылыми-зерттеу ассоциациясы жүргізіпті. Оның қорытындылары «КТК» арнасмының эфирінде айтылды.

Ол бойынша:

«Nur Otan» партиясы – 72,01 пайыз,

«Ақ жол» партиясы – 10,27 пайыз,

«Қазақстан Халық» партиясы – 9,54 пайыз,

«Ауыл» партиясы – 4,93 пайыз,

«Адал» партиясы – 3,25 пайыз дауыс жинаған.

ЕСКЕРТУ! Бұл сайлаудың ресми қорытындысы емес. Ресми есепті ҚР Орталық сайлау комиссиясы жариялайды.

Айтпақшы, осыған дейін ОСК Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауына электораттың 63,3 пайызы келіп қатысты деп мәлімдеген.

Abai.kz

32 пікір