Сейсенбі, 19 Қаңтар 2021
747 1 пікір 10 Қаңтар, 2021 сағат 15:34

Тоқаев: Капитолийді басып алу - заңсыздық пен экстремизм

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонда наразылық білдірушілердің Капитолийді басып алуына қатысты пікірін білдірді. 

Оның айтуынша, Байденнің тұжырымымен келісу керек, ал Капитолийді басып алу - заңсыздық пен экстремизм.

«Қазақстан да бүкіл әлем сияқты Америка Құрама Штаттарында болып жатқан жағдайды мұқият бақылап отыр. АҚШ-тың таңдаулы президенті Джо Байден жасаған тұжырыммен келісу керек деп санаймын, Капитолийді басып алу - америкалық демократияның қамалы - бұл сөзсіз заңсыздық, экстремизм және заңсыздық пен экстремизмге қатысты тиісті шаралар қабылдануы керек», - деді Тоқаев.

Айта кетейік, 6 қаңтар күні АҚШ Конгресі қарашада өткен Президент сайлауының қорытындысын ресми түрде бекітетін сәтте, президент Доналд Трамптың жақтастары Конгресс ғимаратына басып кірді.

Бұған қатысты сайлау нәтижесі бойынша жеңіске жеткен Джо Байден:

«Сайланған үкіметке қауіп төндіру - наразылық емес. Бұл бүлік. Әлем не болып жатқанын бақылап отыр. Басқа көптеген американдықтар сияқты мен де ұзақ уақыттан бері демократияның нұры мен үміті болып келген ұлтымыздың осындай сұмдық сәтке тап болғанына қатты таңдандым және қайғырдым», - деп үндей жариялады.

Abai.kz

1 пікір