Сейсенбі, 7 Мамыр 2024
Ауыс-түйіс 14016 11 пікір 8 Қаңтар, 2021 сағат 15:15

Жетпістегі Есімов енді қайда барады?

Ахметжан Есімов «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ кетуі мүмкін. Бұл туралы Ербол Еділов telegram каналында жазды.

Ұлттық әл-ауқат қорын 4 жылдан бері басқарып келе жатқан оның не себепті және қайда кететіні туралы нақты ақпарат әзірге жоқ. Дегенмен, Есімов 2020 жылы 4 рет Тоқаевтың қабылдауында болып, қор жұмысы туралы есеп берген.

7 ақпан. 2020 жыл.

Есімов бұл қабылдауды Президентке 2019 жылғы жұмыстарының нәтижелері туралы баяндапты. Айтуынша, қордың кіріс көлемі 2018 жылғы 10,1 триллион теңгеден 2019 жылы 10,7 триллион теңгеге артып, таза пайда 2018 жылы 1,1 триллион теңге, ал 2019 жылы 1,2 триллион теңге болған. Қордың активтері 10 пайызға артып, 26,5 триллион теңгеге жетті.

Ал, 27 мамыр күні ол Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамына енген. Сөйтіп, экономикалық өсімді қалпына келтіру туралы ұсыныстар әзірлеуге міндеттелген.

28 мамыр. 2020 жыл

Кездесуде Ахметжан Есімов Қасым-Жомарт Тоқаевқа жекешелендіру бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы есеп берді. Одан бөлек, қор жұмысы арқылы сыртқы қарызды 8 миллиард долларға азайтқанын айтқан. Сондай-ақ, көлемі 1 миллиард доллар болатын күрделі әрі операциялық шығындар оңтайландырылыпты.

7 тамыз. 2020 жыл

Кездесу барысында Есімов Мемлекет басшысына «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының» пандемиямен күрес кезіндегі қызметі жайында баяндаған. Сондай-ақ, «Самұрық-Қазына» қорына қарасты компаниялар биыл Үкіметке 120 миллиард теңге көлемінде дивиденд төлейтінін айтты. Бұған дейін «Самұрық-Қазына» Ұлттық қорға 50 миллиард теңге қаржыны мерзімінен бұрын аударыпты.

28 қазан. 2020 жыл 

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» компаниялар тобының 9 айдағы жұмысының қорытындылары туралы есеп берілді.

Есімовтің мәліметінше, есептік кезеңдегі таза табыс жоспарланған 167 млрд теңгеден 2,6 есеге асып, 436 млрд теңгеге жеткен. Үкіметке 120 млрд теңге көлемінде дивидендтер төленді.

2020 жылдағы 9 айдың қорытындысы бойынша Қордың сатып алулар жүйесіндегі жергілікті өнім үлесі 66%-ды құрады. Бәсекелестік ортаға 819 млрд теңгеге сатып алулар шығарылған. Бизнестің 17 мың субъектісі Қордың сатып алуларына қатысуға мүмкіндік алған. 2020 жылдың басынан бері компаниялар тобы 2,4 трлн теңгеге отандық бизнеспен шарттар жасасып, жергілікті кәсіпорындарға 12 мың тапсырыс берілген. Аталған кәсіпорындарда 280 мың адам жұмыс істейді. Есеп бойынша мемлекеттік бюджетке 170 млрд теңге көлемінде салық төлемдері түсуі тиіс екенін баяндапты.

Талқы: 2020 жылдың 15-желтоқсанында 70-ке толған Есімов бұған дейін бірқатар лауазымды қызметтер атқарған. Кейбір БАҚ оны экс-президент Назарбаевтың жиені деп те жазады. Ал, 2008-2015 жылдары ол Алматы қаласының әкімі болды. Алайда, көпшілік оның әкім болып тұрған сол жеті жыл ішінде Тәуелсіздік күніне бір рет те тәу етпегенін сынға алады...

Ал, 2017 жылы ол «АСТАНА ЭКСПО-2017» АҚ-ын басқарды. Одан соң, еліміздегі ең ірі холдинг «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ тізгінін ұстады.

Сонымен, жасы 70-ке жеткен Есімов енді зейнетке шыға ма, әлде басқа қызметке отыра ма? Сіз қалай ойлайсыз?

Нұрбике Бексұлтанқызы

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1619
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1522
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1270
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1236