Сенбі, 18 Мамыр 2024
2157 0 пікір 6 Қаңтар, 2021 сағат 19:37

«Nur Otan»-дықтар Депо ұжымымен кездесті

Ақсу аудандық партия филиалының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Бейбіт Сүлейменов, Элдар Самбетов, Балташ Кулчанов, Марат Естібаев Матай ауылдық округінде "СКД7" мекемесінде Депо ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында жиналғандарға партияның сайлауалды бағдарламасы егжей-тегжейлі түсіндіріліп, үнпарақтар тараттылды. Мекеме қызметкерлері де  өз көкейінде жүрген мәселелерді ортаға салып, талап-тілектерін тілге тиек етті. Кандидаттар жұмысшылардың сұрақтарына толыққанды жауап берді. Партиялық бағдарламада халықтың тыныс-тіршілігі, еңбегі, денсаулығы, білім, әл-ауқаты, құқығының қорғалуы басты назарға алынғанын жеткізіп, осы бағыттар бойынша көптеген жобалар жасалып, жүзеге асуына «Nur Otan» партиясы барынша ықпал ететінін жеткізді. Білім беру мен медицина саласында атқарылатын басты жұмыстар атап көрсетілді.  Алдағы уақытта басқа да  сайлауалды үгіт-насихат жиындары жоспарға сай өткізілетін болады. Депутаттыққа үміткерлер көптеген ұйымдар мен шаруа қожалықтарының ұжымдарымен жолығып, халық көп шоғырланған орындарда да кездесулер өткізді.

Біздің  мақсатымыз – әрбір тұрғынның өмір сүру деңгейін жақсарту. Сондықтан әрбір қазақстандықты алдағы сайлауда дұрыс таңдау жасап, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырамыз. Өйткені  біздің болашағымыз – біздің дауысымызға байланысты.

Ескерту. Материал «Nur Otan» партиясы Ақсу аудандық сайлау қорының қаражатынан төленді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2134
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2542
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2303
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1646