Сенбі, 18 Мамыр 2024
2118 0 пікір 6 Қаңтар, 2021 сағат 18:07

Депутаттыққа үміткерлер дәрігерлермен кездесу өткізді

2020 жылы 6 қаңтар күні сағат 10:00-де аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер – Р.Абилова, Г.Ақжолтаева, А.Иманбековтың Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасы қызметкерлерімен кездесуі өткізілді.

Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасы қызметкерлері, барлығы 30 адам қатысты.

Кездесу барысында сөз алған үміткерлер «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарымен таныстырып, облыс, ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, соның ішінде денсаулық сақтау, өндіріс, кәсіпкерлік, жастардың әлеуметтік өмірдегі белсенділіктері бойынша алдағы 5 жылда атқарылатын жұмыстар нақты жоспарланғаны, сондай-ақ өзекті проблемаларды шешу жоспары партияның сайлауалды бағдарламасында анық көрсетілгені жайлы айтты.

Кездесу соңында үміткерлер Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасы қызметкерлеріне 10 қаңтар күні сайлау учаскесіне келіп, «Nur Otan» партиясына дауыс беріп, қолдау көрсету жайлы айтты. Ұжым атынан сөз алған бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары А.Қалиев елдің жарқын болашағы үшін бірауыздан «Nur Otan» партиясына дауыс береміз деген тілегін білдірді.

Ескерту: Материалдың ақысы «Nur Otan» партиясының Алматы облысы Іле аудандық филиалының сайлау қорынан төленді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2134
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2542
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2303
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1646