Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
3141 1 пікір 5 Қаңтар, 2021 сағат 15:59

«Ұстаз» деректі фильмі эфирге шығады

Бүгін ағартушы, ұстаз Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен рухани мұрасына арнап түсірген  «Ұстаз» деректі фильмі эфирге шығады. Бұл туралы «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы мәлімдеді. 

Фильм авторлары Орынбор шекара комиссиясының мұрағатынан патша үкіметінің қазақтарды шоқындыру саясаты қалай басталғанын көрсететін материалдарды тапты. Оқиға Ыбырай Алтынсарин мен орыс миссионері Ильминскийдің кездесуін көрсете отырып баяндалады. Фильмде Алтынсариннің және Ильминскийдің хаттары - Ильминскийдің 1869 жылы ағарту министрі Д.А. Толстойға, Алтынсариннің 1889 жылы В.В. Катаринскийге жазған хаты зерттеліп, христиан миссионерлерінің шынайы пиғылын ашатын үзінділер келтіріледі.

Жобада сонымен бірге Ы.Алтынсариннің 1884 жылы шыққан «Мұсылманшылықтың тұтқасы» атты еңбегінің жарық көру тарихы, Троицк қаласында медресе ашылғанда Алтынсариннің оның салынуына өз қалтасынан қаржылай көмек бергені баяндалды. Мұның бәрі ұлы ұстаздың тек қазақтың емес, барша түркі халықтарының орасан зор қайраткері екенін көрсетеді.

Жоба авторы – журналист Дархан Әбдік. Деректі туынды «Qazaqstan» арнасынан бүгін 20:35-те эфирге шығады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2165
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2567
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2444
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1669