Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
1844 3 пікір 5 Қаңтар, 2021 сағат 15:36

Шетелдік банктер Қазақстанда филиалдарын аша алады

Шетелдік банктер Қазақстанда «бір өтініш» қағидаты бойынша өз филиалдарын аша алады.

Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру кезінде қабылданған міндеттемелерді іске асыру аясында 2020 жылдың 16 желтоқсанынан бастап Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің филиалдарын ашуға рұқсат берілді.

Қазақстан Республикасының аумағында қызметін бастау үшін шетелдік қаржы ұйымы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде филиал ашуға рұқсат алуға тиіс, одан кейін филиал Агенттіктің тиісті лицензиясын алады.

Шетелдік қаржы ұйымына филиал ашу және қызметін бастау үшін мынадай талаптар қойылатын болады:

резиденттік елінің аумағында банктің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға қолданыстағы лицензиясы бар;

филиал тарапынан міндеттемелер орындалмаған жағдайларда, міндеттемелерді сөзсіз және дереу орындау туралы жазбаша міндеттеме ұсынды;

шетелдік банк активтерінің ең аз көлемі 20 млрд АҚШ долларын құрайды;

шетелдік сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы активтерінің ең аз көлемі 5 млрд АҚШ долларын құрайды, бұл ретте жұмыс тәжірибесі 10 жылдан кем болмауға тиіс. Шетелдік ұйым филиалдарының басшы қызметкерлері ретінде тағайындалатын кандидаттар үшін – жоғары білімнің, іскерлік беделінің мінсіз (өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болмауы), халықаралық қаржы ұйымдарындағы еңбек өтілінің болуы міндетті.

Бұл ретте шетелдік қаржы ұйымының филиалы басшы қызметкерлерінің құрамында ҚР кемінде 2 азаматы болуға тиіс. Шетелдік банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің филиалдары үшін де қазақстандық қаржы ұйымдарына қатысты қолданылатын реттеу талаптары қолданылады.

Осыған байланысты шетелдік қаржы ұйымдарының филиалдары пруденциялық нормативтердің және банктер мен сақтандыру ұйымдарына қойылатын сақталуы міндетті өзге де талаптардың толық тізбесін сақтауға тиіс.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2175
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2576
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2471
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1672