Сенбі, 27 Сәуір 2024
Біртуар 4381 14 пікір 4 Қаңтар, 2021 сағат 13:21

Ұлы билеушінің портреті...

Өткен жылдың ең жағымды жаңалығы Қазақ хандығын құрған Жәнібек сұлтанның бас сүйегінің қалпына келтіріліп, алаш жұртымен қауышуы болды. Игорь Прохоровтың Казправдаға шыққан «Великого правителя портрет» атты мақаласында Ақмола облысы Қорғалжын ауданындағы Жәнібек хан мавзолейін зерттеу бойынша қолға алған жобаның нәтижесі кеңінен сөз етіледі.

Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры әм мавзолей аумағында археологиялық жұмыстар жүргізуге жетекшілік еткен Қуаныш Шақшақовтың айтуынша: «Ресейлік антрополог Алексей Нечволода Жәнібек хан иеміздің тірі кезіндегі бейнесін қалпына келтіре алған.

Отандық ғалымдар шындыққа көз жеткізу үшін Ұлыбританияның Белфаст қаласындағы Chrono-14 және Швецияның Уппсала шаһарындағы зертханаларында аналық жақтан мтДНК-сы мен әкелік жақтан Y-хромосомалары сараптамадан өткізген екен.

Қуаныш Шақшақов хан иеміз жерлеген жер тек қана тарихи сенсация ғана емес, шетелдік туристерден бөлек, әлемге тарыдай шашылған қазақ баласы тәу ететін қасиетті орынға айналады деп сөзін уәждайды. 

Мақала авторы өз пікірін: «Научное и практическое значение новых открытий в мавзолее хана Жанибека переоценить сложно: теперь ученым необходимо расширять источниковую базу по истории средневекового Казахстана, углубленно изучать памятники этого периода, чтобы воссоздать полномасштабную историческую картину степной Евразии в XIV–XVI веках. Поскольку письменных источников, целостно отражающих исторические процессы на севере средневековой Сарыарки, не хватает, новые находки в мавзолее Жанибека получают важнейшее значение для реконструкции исторического прошлого нашей страны»,- деп аяқтайды.

Әбіл-Серік Әлиакбар

Abai.kz

14 пікір