Жексенбі, 19 Мамыр 2024
2795 0 пікір 29 Желтоқсан, 2020 сағат 14:47

Қазақстан әскері Ливандағы миссияға дайындалып жатыр

Қазақстандық бітімгершілік полкіне қарасты оқу орталығының базасында Ливан Республикасындағы миссияны орындау үшін бесінші қосалқы бітімгершілік ротаның әскери қызметшілерін оқытуда. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі мәлімдеді.

Аталған миссияның мандатына сәйкес бітімгершілік даярлық, әскери дәрігерлер мен минасыздандыру орталықтарының мамандары мен нұсқаушылары бесінші бітімгершілік ротасының әскери қызметшілерімен бітімгершілік тақырыбында теориялық және практикалық сабақтар өткізуде.

Теориялық дайындыққа Біріккен Ұлттар Ұйымының негізгі принциптері мен құрылымын, сол елдің жергілікті тұрғындарының мәдениеті мен тарихын, операцияларды жүргізуге миссия мандатын, бітімгершілерге қойлатын талаптарын, халықаралық құқық пен қарулы қақтығыстардың негіздерін, күштерді қолдану ережелерін зерделеу кіреді.

Практикалық бөлімде әскери қызметшілер блок бекетте қызметті ұйымдастыру, бақылауды жүзеге асыру, патрульдеу, айдауылдау, гуманитарлық жүкті алып жүру мәселелерін және басқа да міндеттерді пысықтайды.

Бесінші бітімгершілік ротаның құрамына ағылшын тілін меңгерген, қолайсыз (ыстық) ауа райы жағдайларында қызметке жарамды, моральдық және психологиялық тұрғыдан тұрақты келісімшарт бойынша әскери қызметшілер іріктелді.

Естеріңізге сала кетсек, қазіргі уақытта Ливан Республикасында төртінші бітімгершілік рота міндеттерін атқаруда. Қазақстандық әскери қызметшілер сол елде өткізген уақыттарында өздерін жауапты мамандар ретінде танытты және Миссия басшылығының, шетелдік әріптестер мен бақылаушылардың жоғары бағасына ие болды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2146
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2551
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2364
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661