Жексенбі, 19 Мамыр 2024
2987 0 пікір 29 Желтоқсан, 2020 сағат 14:41

Сенат өлім жазасына қатысты заң жобасын қабылдады

ҚР Парламент Сенаты өлім жазасының күшін жоюға бағытталған заң жобасын қабылдады.

Былтыр желтоқсанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның екінші факультативтік хаттамаға қосылу рәсімін бастауды тапсырған болатын. 23 қыркүйекте БҰҰ жанындағы еліміздің тұрақты өкілі Қайрат Омаров осы хаттамаға қол қойды.

Құжатқа сәйкес, қол қоюшы елдер өлім жазасын қолданбау және оның күшін жою үшін барлық қажетті іс-шараларды орындау міндеттемесін қабылдайды. Жалғыз ерекшелік – соғыс уақытында өлім жазасын қолдану туралы заңды түрде ресімделген ескертпе болған жағдайда рұқсат етіледі.

Жалпы өлім жазасын қолдануға экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев 2003 жылғы 17 желтоқсанда мораторий енгізген еді. Содан бері елде жоғары жаза шарасын қолданбаудың тұрақты құқықтық режимі қалыптасқан.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2145
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2549
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2355
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1659