Сейсенбі, 27 Қазан 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 110684. Жазылғандар — 105766. Қайтыс болғандар — 1825
Жаңалықтар 1955 0 пікір 20 Ақпан, 2012 сағат 04:31

«Нау мен Ырыс» - қазақ жаңа жылының жаршысы

Соңғы кездері жұртшылық ұлттық мерекелердің мазмұны мен насихатына, ұйымдастыру жағына көп көңіл бөліп, сыни пікірлер айтып  жүр. Бұл мәселеде кейбір қасаңдықтың орын алып жүргенін де жасыру қиын. Жуырда ғана баспадан шыққан «Нау мен ырыс» кітабы осы олқылыққа біршама жауап қарастырыпты. Аталған еңбек - түркітану саласындағы елді елең еткізер еңбек деген ойдамыз. Авторы, белгілі публицист, мәдениеттанушы, Түркі академиясының қызметкері - Серік ЕРҒАЛИ. Автордың пайымынша, «ұлттық мерекелер тыңғылықты зерттеу нысанына айнала қоймағандықтан  да, уақыт талабына сәйкес туындайтын жайттарға  жауап берілмеуде, соның салдарынан ұлттық мейрамдар этнографиялық ғұрыптардың қалқасында қалып, азаматтық, мерекелік мазмұнға ие бола алмауда» дейді.

Соңғы кездері жұртшылық ұлттық мерекелердің мазмұны мен насихатына, ұйымдастыру жағына көп көңіл бөліп, сыни пікірлер айтып  жүр. Бұл мәселеде кейбір қасаңдықтың орын алып жүргенін де жасыру қиын. Жуырда ғана баспадан шыққан «Нау мен ырыс» кітабы осы олқылыққа біршама жауап қарастырыпты. Аталған еңбек - түркітану саласындағы елді елең еткізер еңбек деген ойдамыз. Авторы, белгілі публицист, мәдениеттанушы, Түркі академиясының қызметкері - Серік ЕРҒАЛИ. Автордың пайымынша, «ұлттық мерекелер тыңғылықты зерттеу нысанына айнала қоймағандықтан  да, уақыт талабына сәйкес туындайтын жайттарға  жауап берілмеуде, соның салдарынан ұлттық мейрамдар этнографиялық ғұрыптардың қалқасында қалып, азаматтық, мерекелік мазмұнға ие бола алмауда» дейді.

«Нау мен ырыс» кітабы  Наурыз мерекесін түркілік мейрам ретінде қарастыру жағынан алғашқы талпыныс болып табылады. Автор өз пайымдауымен бірге, тарихи-мәдени мұраларды талдай   отырып,тіпті, археологиялық жәдігерлерді сараптай келе оқырманын ғылыми түрде сендіре алатындай тұжырымдар жасаған. Кітапқа қоғам және мемлекет қайраткері, Халық жазушысы, ақын Мұхтар Шаханов алғысөз жазыпты. «Нау мен ырыс» кітабы бұрынғы Ақпарат және байланыс министрлігінің қаржыландыруымен «Қазығұрт» баспасынан шығыпты, таралымы небәрі - 2000 дана. Туындыны кітапханадан ғана оқу мүмкіндігі бар. Аталған кітап Алаш баласың өз болмысын бағамдауға жетелейтін рухани тетіктердің бірі болғай деген тілегімізбен оқырманға жағымды жаңалықты жеткізе отырып, ерекше еңбекті Д.Қамзебекұлының пікірімен таныстыруды жөн көрдік.

С.Кәкібаланов, интернет-журналист

 

БАЙСАЛДЫ  ПАЙЫМДАМА

Бүгінгі заманның ағартушылық миссиясын атқарып жүрген Серік Ерғалидың танымдық, көсемсөздік еңбектері қалың оқырманға кеңінен таныс. Өйткені, ол - қазіргі БАҚ-тың бар түріне еркін шығып, өз ойын, өз дегенін жеткізіп жүрген азамат.

Серік мырзаның бойынан негізгі екі қасиетті тануға болады. Біріншіден, ол әр нәрсеге ой көзімен қарап, тылсымына, сырына бойлауды мақсат етеді. Бұл оның ғылымға деген ынтызар көңілін аңғартады. Екіншіден, ол әлемдегі қазақ атты өзіңдік танымы, жолы бар ұлттың көрнек пен тірнек өнерін мақтанышпен асқақтатуға пейілді. Бұл ретте Серік Ерғали зерттеулерінде 70-80 жылдары ұлт руханиятын дамытқан Сәбетқазы Ақатай, Ақселеу Сейдімбек сияқты ғалымдардың жолы мен бағыты айқын көрініп отырады. «Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз» деген Абай тәмсілі Серіктің бала жастан миында сақтаған ұстанымы екені байқалады. Тіпті мына еңбектің «Наурыз» емес, «Нау мен ырыс» деп аталуында да сондай ізденіс сүреңі сезіледі.

Рас, бізде қазір Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев, С.Қышқашұлының жолы, екпіні аз байқалады. Олжас Сүлейменовтің тілдік, тарихи ізденістерінен де алатын үлгі жетерлік.

Енді Серік Ерғалидың жіктемелеріне назар аударыңыз: наурыздық тұжырым, даналық, үйлесім; наурыздық ұғымдар, рәсімдер, нышандар; наурызды жаңаша мерекелеу нұсқалары. Тақырыптық атауларын қараңыз: адамзатқа ортақ жоралғы; наурыздың теологиялық тамыры; наурыздық шежіре; түркілік дәйектер; наурыздық таным тегі; наурыздық нышандар; наурыз бен тарихи таңбалар; наурыздық мән мен дәріп; «наурыз» сөзінің тегі; түркілік наурз; наурыздық тұрғылар; бүгінгі наурыз; наурыздық тұрпат; наурызды заманға лайықтау; мерекелік жарақтар.

Ізденгіш қаламгер бәрін де өз бетінше таңдаған, бәріне де өз көзқарасымен барған. Өткеннен де, кеткеннен де, Шығыстан да, Батыстан да, ұлттан да, сырттан да дәйек бар.

Әрине, Наурыздың өте нәзік жері бәрімізді де ойлантады. Ол діни таным мен ұлт дәстүрімен байланысқан тұсы. Бұл бағытта қазақтың өткенін де, алдағысын да сараптай отырып, тарихқа саналы барлау жасау қажет. С.Ерғали еңбегінде соның елеулі негізі бар.

Автордың халықшылдығы, білім-ғылымды елдік парасатпен түсініп, кең қолтық аяда насихаттауды қалайтыны - жұмыстың бағалы жағы. «Шығыстың Наурызы» мен «Қазақтың Наурызы» - кіндіктесіп жатқанымен, әрқайсы төлтума, әр кез тың бағдарда дамыған жалпыхалықтық мейрам түрлері. Ал, енді оны тәуелсіз Қазақстанның рухани қажетіне жарату - басты мәселе. С.Ерғали бұл төңіректе де сарабдал ой айта білген.

«Нау мен Ырыс» (пайымдама)» еңбегі өз оқырмандарын табады деп есептеймін.

Дихан Қамзабекұлы,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ

«Алаш» мәдениет және рухани даму институтының директоры,

филология ғылымдарының докторы, профессор

«Абай-ақпарат»

0 пікір