Сенбі, 18 Мамыр 2024
3294 0 пікір 22 Желтоқсан, 2020 сағат 17:43

Алматы облысында I республикалық PRESS SUMMIT өтті

18-20 желтоқсан күндері Алматы облыстық әкімдігінің ұйымдастыруымен БАҚ өкілдері арасындағы I республикалық PRESS SUMMIT өтті. 

Саммитке Талдықорғандық БАҚ өкілдерімен қатар Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан келген баспасөз хатшылары мен журналистер қатысып, өзара тәжірибе алмасты.

Кездесудің бірінші күнінде журналистер Алматы облысының Қарасай ауданына барып, ҚР Тұңғыш Президентінің «Атамекен» тарихи-мәдени орталығын, Батыр бабаларға тағзым мемориалдық кешенін және «Үшқоңыр» спорт мектебінің жұмысымен танысты.

Аталған ғимараттың жалпы ауданы 29,5 шаршы метрге жуық. Ал, нысанның бой көтеруіне 8 млрд.теңгедей қаражат жұмсалған. Қазір мұнда 1800 оқушы спорттың 18 түрімен айналысады.

Бүгінде мұндай нысан Алматы облысының Райымбек, Ескелді, Балқаш, Көксу, Ұйғыр, Қарасай, Ақсу аудандарында салынып жатыр.

Облыс әкімі Амандық Баталовтың айтуынша, жуырда тағы 7 заманауи спорт кешені ашылады.

- Өңірімізді дамыту жолында келелі істер атқарылды. Біздің басты міндетіміз - өскелең ұрпақтың салауатты рухын қолдауға ықпал ету. Жақын арада 7 заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешенін ашуды жоспарлап отырмыз. Оның төртеуі "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы аясында. Олар денсаулықты нығайтуға ықпал етіп, белсенді спортпен шұғылдануға және ДСК қабырғасында болашақ чемпиондарды тәрбиелеуге көмектеседі деп ойлаймын, - дейді Амандық Баталов.

Одан бөлек, "Жұмыспен қамтудың жол картасы" аясында ағымдағы жылы 6 спорттық нысанға жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұған дене шынықтыру - сауықтыру кешендерін күрделі жөндеу кіреді.

Сондай-ақ, журналистер Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейіне саяхат жасады. Музей меңгерушісі Салтанат Тезекбайқызы жыр алыбының өмірі мен шығармашылығынан жан-жақты мағұлматтар беріп, келген қонақтарға танымдық ақпараттар ұсынды. Және, келушілер Жамбыл Жабаев пен Нұрғиса Тілендиевтің жатқан жеріне құран оқытып, естелік суретке түсті.

Сонымен қатар, БАҚ өкілдері Жамбыл ауданының Қасымбек ауылындағы «Тексан Қазақстан Инвест» зауытының жұмысымен танысты. Бүгінде аталған зауыт шамның түр-түрін және металл құрылғыларын шығаратын бірден-бір кәсіпорын.

Зауытта бір айда кеңсе, көше, тұрмысқа қажетті 300 түрлі шам шығарылады. Қазір кәсіпорынның бес қалада бөлімшесі, ал, 12 аймақта ресми өкілдері бар.

Саммиттің екінші күнінде БАҚ өкілдері Талғар ауданының "Ой-қарағай" демалыс аймағында болды. Сонымен қатар, аталған аймақта облыс әкімінің орынбасары Рустам Алимен кездесіп, пікір алмасты.

Рустам Али, Алматы облысы әкімінің орынбасары:

- Облыстық ішкі саясат басқармасы, Жетісу медиа орталығының ұйымдастыруымен және Орталық коммуникация өкілдерінің атсалысуымен облыс орталығында Қарасай, Жамбыл, Талғар және Ұйғыр аудандарында үш күнге созылған пресс-саммит ұйымдастырылуда. Жеті өңірден баспасөз хатшылары, 10 шақты респубиликалық БАҚ өкілдері мен Министрліктің БАҚ-пен жұмыс істейтін өкілдері қатысы отыр. Мейрамнан кейін біз идеологиялық тұрғыда Елбасының Атамекен музейінен бастап, келер жылғы Жамбыл атамыздың 175 жылдық мерейтойының бастамасы ретінде Жамбыл музейін көрсеттік.  

Сонымен қатар, туристік ішкі кластерді дамыту мақсатында Талғар ауданындағы Ой-қарағай демалыс аймағына апарды. Және, қазіргі маусымға орай Шонжыдағы Ыстық суға апарады. Бұл тек қана ішкі турзим емес, ең әуелі байланыс, комуникация. 

Барлық өңірлерден келген әріптестер жаңа тенденциялар арқылы тәжірибе алмасады. Ал комуникация тәжірибе алмасу әріптестеріміз үшін аса маңызды деп ойлаймын.

Саммиттің үшінші күнінде БАҚ өкілдері Қарадала ауданындағы (Ұйғыр)  Eco Park демалыс орнында болды. Кездесуді қорытындылаған БАҚ өкілдері өзара пікір алмасып, алдағы уақытта да осындай бейресми әрі танымдық жобалар жалғасын табуына тілектес екендерін жеткізді. Ал, саммиттің өтуіне тікелей ықпал еткен «Jetisu Media» өкілдері мұндай басқосулардың қаншалықты маңызды екеніне тоқталды.

«Jetisu Media» КММ бөлім басшысы Айман Асыл: 

- Негізгі мақсатымыз – еліміздің түкпір-түкпірінен келген әріптестерімізге Алматы облысының көрікті жерлерін көрсетіп, туризмге ықпал ету болса, екіншіден өзара пікір алмасу, тәжірибе бөлісу еді. Себебі, өз ішіміде ғана қайнай бермей, жан-жақтағы әріптестеріміздің тыныс-тіршілігімен танысу аса маңызды. Сондықтан, алдағы уақытта мұндай жобаларды дәстүрге айналдыруға тырысамыз.

Нұрбике Бексұлтанқызы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2142
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2547
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2336
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1653