Сенбі, 27 Сәуір 2024
Әдебиет 23071 72 пікір 22 Желтоқсан, 2020 сағат 12:26

Қош бол, Ресей, кірлеген!

(М.Лермонтовтан аударма)

Прощай, немытая Россия,
Страна рабов, страна господ,
И вы, мундиры голубые,
И ты, им преданный народ.

Быть может, за стеной Кавказа
Укроюсь от твоих пашей,
От их всевидящего глаза,
От их всеслышащих ушей.

Ұлықбек Есдәулет: Қазақ даласындағы ежелгі мәдениеттердің бәріне ие болуымыз керек

Ұлықбек Есдәулет

Қош бол, Ресей, кірлеген,
Байдың елі, құл менен.
Қош бол,
көкшіл шендер де,
Шенқұмар жұрт,
сендер де!

Кавказ асып, жырақ мен,
Қашам қаңқу сөздерден,
Бәрін естір құлақ пен
Бәрін көрер көздерден.

Светқали Нұржан. Сәби шақтың сәулелі елестері

Светқали Нұржан (Айтман)

Құлдар менен құдайлардың отаны,
Қош, Ресей, батқан батпақ, сорға анық.
Қош болыңдар, көк шекпендер оқалы
Һәм оларға құлақкесті қор халық.

Қап тауында, бәлкім, еркін сезінем,
Қалады артта кілең тақсыр қырағы -
Қалады оның бәрін көргіш көзі мен
Бәрін естіп қойғыш кәрлі құлағы.

2003 ж.

Сейсенбі Қараша 27th, 2018 – Мерейлі мекен

Мерей Қарт

Қош Ресей, ластанған шаhaры,
Құлдар мен Байлардың отаны.
Сіздер де, халық та жанкешті,
Әскер де аянбас оқалы!

Шоқпарға мойымай, тік қарар,
Сөздерден, көздерден сұқтанар,
Тым қағыс еститін құлақтан,
Кавказдың қырлары құтқарар!

Айбек Ережеп

Қош, Ресей, кешкен сор, күнәні,
Зорлар мен құлдардың тұрағы,
Сендерде көгілдір оқалар,
Байғұс ел- ләппай ұраны.

Пана іздеп Кавказдың өзінен,
Бәлкім, мен бәрінен безінем,
Олардың тіміскі көзінен,
Тік құлақ, және жел сөзінен.

Abai.kz

72 пікір