Сейсенбі, 7 Мамыр 2024
Билік 3593 2 пікір 21 Желтоқсан, 2020 сағат 12:53

Конституциялық Кеңес өлім жазасын қолдануға қатысты түсініктеме берді

Қазақстан Республикасы Президентінің өтініші бойынша Конституциялық Кеңес Республика Конституциясының өлім жазасын қолдану мәселелерін регламенттейтін ережелеріне ресми түсіндірме берді.

Мемлекет басшысының өтініші Қазақстанның Өлім жазасының күшін жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге екінші Факультативтік хаттаманы (бұдан әрі - Факультативтік хаттама) алдағы уақытта ратификациялауымен байланысты болды. Өтініште Республика Конституциясы ережелерінің және Факультативтік хаттаманың ең ауыр жазаны қолдану мәселелерін реттейтін нормаларының арақатынасы туралы мәселе қойылды.

Конституциялық Кеңес Факультативтік хаттаманы ратификациялау үшін Негізгі Заңға түзетулер енгізудің қажеті жоқ деп шешті.

Бұл ретте, Кеңес Конституцияға және жалпыға бірдей танылған халықаралық актілерге сәйкес өмір сүру құқығы демократиялық қоғамның негізгі құндылығы болып табылатынын және мемлекет барлық адамдар үшін осы құқықты жүзеге асыруға кепілдік беруге міндетті екенін атап өтті.

Әлемдік қоғамдастықтың тең құқықты мүшесі ретінде Қазақстан алғашқы кезден бастап қылмыстық заңнамада өлім жазасының күшін жою үрдісін ескеріп келеді және осы жылдар ішінде елде ең ауыр жазаны қолданбаудың орнықты құқықтық режимі қалыптасты.

Осы бағытты дәйекті іске асырудағы кезекті кезеңді Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 23 қыркүйекте аталған Факультативтік хаттамаға қол қоюы ашты.

Қазақстан Конституциясында адамдардың қаза болуымен байланысты террористік қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ соғыс уақытында ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін өлім жазасын белгілеуге жол берілетінін назарға ала отырып, Кеңес өлім жазасының күшін жою туралы халықаралық шартты ратификациялау Республика Парламентінің құзыретіне кіретінін атап өтті. Бұл ретте, Негізгі Заңда осы қылмыстар үшін қылмыстық заңда өлім жазасын белгілеу немесе одан бас тарту, олардың шеңберін қысқарту туралы мәселені Парламенттің қарауына қалдырылады. Заң шығарушы өлім жазасының күшін ұлттық заңнамаға тиісті түзетулер енгізу арқылы ғана емес, сондай-ақ жазаның осы түрі белгіленуі мүмкін қылмыстарды жоюды немесе олардың санын шектеуді көздейтін халықаралық шартты ратификациялау арқылы да жоя алады.

Кеңес өз шешімінде Конституция Факультативтік хаттаманы ратификациялауға кедергі болмайтынын атап өтті. Факультативтік хаттама ратификацияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі оның талаптарына сәйкес келтірілуі тиіс.

Конституциялық Кеңес қаулысының толық мәтіні баспасөзде және Кеңес сайтында жарияланады.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1621
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1531
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1275
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1240