Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
8916 17 пікір 21 Желтоқсан, 2020 сағат 11:36

Түрік жастары: Қазақстаннан тарт қолыңды, Ресей!

Түрік жастары Ресей депутаттарының даулы мәлімдемесіне қарсы бейнеүндеу жасады. Оны белгілі қоғам белсендісі Оғыз Доған Youtube арнасында жариялаған. 

Жастар өз наразылықтарын «Қазақстан жалғыз емес, Ресей, Қазақстаннан қолыңды тарт», «Кім Қазақстанға қарсы болса, Түркияға да қарсы!» деген ұрандар арқылы білдірген.

Айта кетейік, бұған дейін Путин басқаратын «Единая Россия» партиясының мүшесі, Думаның «Білім-ғылым комитетінің» төрағасы Вячеслав Никонов Ресейдің мемлекеттік телеарнасынан «Қазақстан территориясы Ресей мен Совет одағының берген үлкен сыйлығы» деп сөйледі.

Артынша «Единая Россия» партиясының тағы бір өкілі, депутат Евгений Федоров: «Ресей Қазақстаннан территорияны қайтаруын талап ету керек» деді.

Осыған байланысты ҚР Сыртқы істер министрлігі Ресей Федерациясының уақытша сенімді өкілі Александр Комаровқа қарсылық нотасы табысталған болатын.

;feature=share&fbclid=IwAR3EchUs94NCq2nQrzlIv6wRJEbrjcfCgo5qQj4NR7_YGe18l7vetfHcw0s

Abai.kz

17 пікір