Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
3589 1 пікір 18 Желтоқсан, 2020 сағат 10:02

Қырғызстан Жетим-Тоо кенін өзі өндіретін болды

Қырғызстан президенті баспасөз қызметінің жетекшісі Нұрғазы Анаркулов Жетим-Тоо кенін қытай компаниясына беру туралы мәлімдеге қатысты пікір білдірді.

Анаркуловтың айтуынша, «соңғы кездері бірқатар саясаткер Жетим-Тоо кенін қытай компаниясына берді деген мазмұнда жалған ақпарат таратып жүр».

«Жалған мәлімдемелер. Оны таратудағы мақсат – елде сайлау қарсаңында дүрбелең туғызу. Жетим-Тоо кені мемлекеттің меншігінде. Ешқандай шетел компаниясының оны барлауға және өндіруге құқы жоқ», - деді Анаркулов.

Оның айтуынша, Жетим-Тоо кенінде қара және түсті металдың бай қоры бар. Мемлекет бұл кенді өзі өндіруді көздеп отыр, деді Анаркулов.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар