Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
3039 1 пікір 16 Желтоқсан, 2020 сағат 12:42

Алматыда партия мүшелері Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды

Алматыда саяси партия мүшелері Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды.

Салтанатты шараға «Nur Otan», «Jas Otan» жастар қанаты, Қазақстан халық партиясы, «Ақ жол», «Ауыл», «Adal» партияларының өкілдері қатысты.

«Jas Otan» жастар қанаты өкілдері хормен «Менің елім» әнін орындап, монументке гүл шоқтарын қойды.

«Барша қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Қазақстан бойынша « Jas Otan «-ның 10 мыңнан аса мүшесі желтоқсан оқиғасында қайтыс болғандардың рухына тағзым етіп, Тәуелсіздік күнімен құттықтайды. Азат елде тұрып, тәуелсіз елдің ауасын жұтқанымыздың барлығы әрбір қазақстандық азамат үшін басты құндылық екенін ұмытпауымыз керек», - деді «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Елнұр Бейсенбаев.

Кейін әр партия өкілдері монументке гүл шоқтарын қойды.

«Тәуелсіздік – ол біздің еліміз, жеріміз, тіліміз бен діліміз. Тәуелсіздік - біздің өз жолымызды өзіміз таңдау мүмкіндігіміз, келешек ұрпақтың болашағы үшін біздің жауапкершілігіміз. Әр ұлт, әр халық үшін тәуелсіздіктен артық қасиетті де қымбат ештеңе жоқ. Еліміз алып, құқықтық, дербес демократиялық мемлекет ретінде әлемге танылды. Лайым осы биіктен көріне беруге жазсын. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай! Өркениет көшіне ілескен халқымызға гүлдену мен көркею тілейміз. Тәуелсіздік күні құтты болсын!», - деді «Ақ жол» партиясының өкілдері.

Акцияға қатысушылар саны көп болғандықтан, маска режимі мен әлеуметтік қашықтық қатаң сақталды.

Мұның алдында бұл ескерткішке қала әкімі Бақытжан Сағынтаев, қоғам белсенділері, ардагерлер кеңесі, үкіметтік емес ұйымдар гүл шоқтарын қойған болатын.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1505
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1355
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1105
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1141