Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
3863 0 пікір 15 Желтоқсан, 2020 сағат 12:24

Қазақстанда кедейлік деңгейі өсті

Қазақстанда кедейлік деңгейі 2020 жылдың үшінші тоқсанында 5,7% құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,2 пайызға жоғары. 

Стратегиялық жоспарлау және реформа агенттігі Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, үшінші тоқсанда кедейлік деңгейінің ең жоғары көрсеткіші бойынша Түркістанда облысы - 11,2%, Солтүстік Қазақстан облысы - 8,3%, Жамбыл облысы - 7,2% және Қызылорда облысы - 7% болған. Ал ең төменгі көрсеткіш - Нұр-Сұлтанда (2%).

« 2020 жылғы III тоқсанда азық-түлік тауарларына жұмсаған шығыстар деңгейіндегі 10% ең аз және 10% ең көп қамтамасыз етілген халықтың арасындағы айырмашылық 5 есені, азық-түлік емес тауарларға – 6,8 есені, ал ақылы көрсетілетін қызметтерге – 6,3 есені құрады»,  - делінген хабарламада.

Бұған дейін үшінші тоқсанда республика экономикасында 8,7 миллион адам жұмыспен қамтылды деп хабарланған болатын. Жұмыспен қамтылған халықтың ішінде 6,7 миллион адам (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 76,5%) жұмысқа орналастырылған.

Ал, Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша жұмыссыздар саны  454,8 мың адамды құрап, жұмыссыздық деңгейі 5% болған.

«Үшінші тоқсанда COVID-19 пандемиясының Қазақстандағы еңбек нарығына әсері сақталды. Екінші тоқсанмен салыстырғанда уақытша жұмыссыздардың саны іс-әрекеттің тоқтатылуына байланысты 52% төмендеп, 131,7 мың адамды құрады. Оның 25% -ы сауда қызметкерлері, 21,4% -ы білім беру, 10,3% -ы басқа қызметтер (шаштараз, сұлулық салоны, тұрмыстық қызмет көрсету)», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2020 жылғы қарашада орташа айлық жалақы 211 033 теңгені құрады. Ал,  2019 жылдың соңында бір қызметкердің орташа айлығы 186 815 теңге болған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1505
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1355
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1105
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1141