Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
2755 0 пікір 15 Желтоқсан, 2020 сағат 10:39

Әлем бойынша 400 журналист түрмеде отыр

Әлем бойынша 400-ге тарта БАҚ өкілі кәсіби қызметі үшін түрмеде жазасын өтеп жатыр. Осылай деп "Шекарасыз тілшілер" журналистер құқығын қорғайтын ұйым мәлімдеді.

Олардың дені - Қытай, Сауд Арабия, Египет, Вьетнам және Сирияда.

2020 жылы 50-ден астам журналист із-түссіз жоғалып кеткен немесе Сирия, Ирак пен Йеменде кепілдікте отыр.

Былтырғы жылмен салыстырғанда биыл түрмеге түскен әйел журналистер саны 35 процентке өскен.

"Шекарасыз тілшілер" 1995 жылдан бері журналистерге көрсетілетін қысым мен қуғындау туралы мәліметті жыл сайын жариялап келеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1468
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1329
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1079
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1125