Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2253 0 пікір 14 Ақпан, 2012 сағат 07:55

Махан Бет. Ауылшаруашылығы министрлігі керек емес!

Қазақстан аграрлық әлеуетті ел болса да, оны Канада секілді аграрлық елге жатқыза алмаймыз. Оған қанша жыл керек екенін бір Алла білер. Себебі, ішкі жалпы өнімнің болмашы мөлшерін ғана құрайтын ауылшаруашылық өнімдерінің әлі күнге дейін өңдеу саласы мардымсыз.
Елдің ауыл шаруасында қандай жағдай қалыптасып отыр? Ауыл шаруашылығының әлеуеті саналатын басты объект - жер мен капитал, оның субъектісі саналатын диқан мен малшылардың қолынан сусып кеткелі 20 жыл болып қалды. Бұл саладағы құнарлы жер мен басты аграрлық жабдықтар мемлекет пен санаулы байлардың қолында. Қалыптасқан бұл жағдай, мемлекеттің ауылшаруашылық саясат көрпесін аталған басты  «субъектілер» пайдасына шешіп қойған. Жер мен тірлішілк көзінен айырылған бұқара өткен ғасырдың 30-жылдарындағыдай қалаға босты.

Қазақстан аграрлық әлеуетті ел болса да, оны Канада секілді аграрлық елге жатқыза алмаймыз. Оған қанша жыл керек екенін бір Алла білер. Себебі, ішкі жалпы өнімнің болмашы мөлшерін ғана құрайтын ауылшаруашылық өнімдерінің әлі күнге дейін өңдеу саласы мардымсыз.
Елдің ауыл шаруасында қандай жағдай қалыптасып отыр? Ауыл шаруашылығының әлеуеті саналатын басты объект - жер мен капитал, оның субъектісі саналатын диқан мен малшылардың қолынан сусып кеткелі 20 жыл болып қалды. Бұл саладағы құнарлы жер мен басты аграрлық жабдықтар мемлекет пен санаулы байлардың қолында. Қалыптасқан бұл жағдай, мемлекеттің ауылшаруашылық саясат көрпесін аталған басты  «субъектілер» пайдасына шешіп қойған. Жер мен тірлішілк көзінен айырылған бұқара өткен ғасырдың 30-жылдарындағыдай қалаға босты.
Мұндай жағдайда ауылдық мекендерде шағын және орта бизнес дамыту мүмкін болмай отыр, басты инвестициялық қауқар «капиталистер» мен мемлекеттік холдингтерден ауыспайды. Ал, олар не жұмыс бермейді, не пайдамен бөліспейді. Мемлекеттік тараптан болып жатқан ауылшаруашылығын инвестициялау, индустрияландыру саясатының ауқымында жүргізілгендіктен, малды асылдандыру, жер өңдеу саласына лизингпен жабдық беру жағының бәрі де орныққан, қалыптасқан, сатылған, қолды болған ірі кәсіп субъектілері мен қылшық қолды қожайындардың серіктестігінің пайдасында. Қолында кепіл заты жоқ әрі көтерем шаруалы фермерлер мен ауыл тұрғындарына банк тарапынан несие алу қиямет-қайым әрі оны өтеу мүмкін емес. Сөйтіп, ауыл тұрғындарының қолына ақша түсіру аса күрделі мәселеге айналып отырғанда, ауылшаруашылығы дамиды деген үміт ауылдықтардың өзін былай қойғанда, жоғарғы биліктегілерде де жоқ.
Тіпті, ауылдық ұсақ, орта шаруашылықтардың ел экономикасын өркендетуді былай қойғанда, өзін өзі әлеуметтік тұрғыдан қамти алатын салаға жатқызу мүмкін болмай отыр. Нәтижесінде ауыл зейнетақы мен мұғалімдердің жалақысы есебінен ғана күн көріп отыр. Бұл жағдай ауылдықтар есебінен  мемлекетке қараған мұсалдаттық топтың қатарын молайта түсуде. Бас көтеретін жастар жағы қалаға шұбырып, ондағы баспанасыздар мен жұмыссыздар, қылмыскерлер, жезөкшелер «әскерінің» қатарын толтыруда.
Ал, ең болмаса, өз малының есебінен күн көруге мұқтаж ауыл жұртының бүгінде су мен өріске зәрулігі өзекті мәселеге айналған. Ауылдық жарамды жердің барлығы байлар мен лауазымдылардың қосалқы шаруашылығына айналды. Одан қалғаны түрлі жер қойнауын қопаратын өнеркәсіптердің меншігіне өтті.
Қысқасы, мемлекет тарапынан жасалып отырған ауылшаруашылығына деген қамқорлық тек қана мұсалдаттық топқа деген  «садақа» түріндегі сипаттан арыла алмай отырса, керісінше, «жекешеленіп», қалыптасқан санаулы іріленген компаниялар мен холдингтерге индустрияландырушы объект ретінде қарау көзқарасы бар. Ендеше, Қазақстанның Ауылшаруашылық министрлігі ауыл шаруасын дамытумен емес, индустрияландыру саясатын жүргізуші органға айналған, ал оның ауыл тұрғындары есебінен азық өндіруді дамыту жөніндегі құжаты да жоқ, болса, бәрі қағаз жүзінде. Бұл министрлік әуелден-ақ, колхоз-совхозды, шаруашылықтарды таратумен шұғылданды, ауылдықтар соның кесірінен малдан да, жерден де қағылды. Енді баяғы қызыл империя жасаған істі қайтадан қолға алып, серіктестіктерді құрмаса, жағдай ауыр!
Ауыл тұрғындарының тағдыры елді зейнетақымен қамтитын Халықты әлеуметтік және еңбекпен қамту министрлігінің қолына өткізілген. Сол себепті де Ауылшаруашылық министрлігін шаруашылықты дамытушы, үйлестіруші мемелкеттік орган ретінде қарастыруға тіптен болмайды. Бұл - жүйелі де тыңғылықты саясаттың жалғасы емес, зорлап, жасанды түрде әрі көрнекі идеологияға негізделген саяси технологияның салдары. Сондықтан бұл «индустрияландыру саясатын» елдегі одан басқа тағы бір Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі қиналмай-ақ қосып жүргізе алады, соның құрамына комитет ретінде өткізе салу керек. Бұл министрліктің ауылдың қарапайым фермерлері мен диқандарына, шаруаларына қатысы жоқ, ол тек қана ауылшаруашылығы есебінен байыған шонжарлар мен алып мемлекеттік құрылымдарға қатысты.
Ал, аграрлық әлеуетті елге қазір не керек болып отыр? Ауылдық мекендердегі әлеуметтік әлжуаз топқа айналған халықтың 40 пайызын ұсақ, шағын шаруашылық субъектілеріне айналдыру саясаты керек! «Егемен елдің ауылы» дейтін саясат қажет-ақ. Ауылға кәсіп пен пайданың көзі ретінде қарайтын Ауылшаруашылық министрлігі емес, оның әлеуметтік мұқтажымен тікелей айналысатын Ауыл министрлігі қажет. Ол министрлік ең әуелі халықтың тең жартысы аса ауыр күйде  тұрып жатқан ауылдық тұрмысты әуелгі кезекте  қалпына келтіретін, келесі кезекте ауылшаруашылық бағыттағы ұсақ, орташа кәсіп пен өндірісті құрып, дамытуға септік етерлік міндетті атқарар еді.
Н.Назарбаевтың биылғы жолдауында есті жиғызар мынадай сөйлемдер бар:
«Үшінші. Өңірлерді дамыту мәселесі.
Қуатты Қазақстан дегеніміз - бұл ең әуелі өңірлердің қуаттылығы болып саналады».
Алайда, қыруар қаржы бөлініп, қанша жылдан бері Аумақты дамыту комитетінің жұмыс істеп жатса да, өңірлердің құлпыратын түрі жоқ. Өйткені, ондағы өмір сүріп жатқан жұр үшін қарапайым ғана әлеуметтік мәселені шештіндей нақты шара жоқ! Жолдауда «...әлеуметтік инфрақұрылым қарқынды дамуы қажет» делінген, бірақ бұл сөйлем қашан ауылда таза су мен ең болмаса азын-аулақ мал жаятын мүмкіндік ашар екен?
Жолдауды оқыған президент болғанмен, оған әзірлеп берген сол пәрменді атқарушы министрлер екені бесенеден белгілі.  «Үкімет елді-мекендер шоғырын (агломерация) дамыту жөнінде бағдарлама қабылдауы тиіс» делінген сол құжаттың жобасын әзірлегендер агломерацияны қалайша дамытуды ойластырды екен? Егер де Кеңес өкіметі секілді колхоз-совхоздар ашса, бір жөн! Қазір тіпті, жаңадан салынған жүздеген километр теміржолдар мен тасжолдардың бойы иесіз жапан дала. Ең болмаса, соның бойындағы бекеттерге үй салып қоныстануға жұртқа пайызсыз құрылыс материалын несиеге бере ала ма? Қалаға тентіреген ауыл жұртының  өз беттерімен кері қайтып, орналасып, кәсіп етуге мүмкіндік жасай ала ма? Сол жұртқа жылыжай, мал бордақылау пункттерін салып іске қосып берсе, ірі қалалардағы азық бағасы түсіп, жұмыссыздарға жұмыс табылар еді ғой. Ұланғайыр даланың бойына қан жүгіріп, экспортты былай қойғанда, елдің ішкі базары өз азығымыздың сатылуына мүмкіндік болмас па еді?! Ең болмаса «Жаңа ауыл» бағдарламасын қолға алсақ қайтер еді?!
Жолдау «Үкіметке бір салалы шағын қалаларды дамыту туралы арнайы бағдарлама жасауды тапсырамын» дейді. Айтпақшы, елде 29 мемлекеттік бағдарлама болып, нәтижесі болмағасын, оны жетеуге дейін азайтып едік қой. Енді соны көбейтуге тағы кірісеміз бе?  Бөлінген ақша суға сіңгендей қолды болып жатса, ол қалалар өзінен өзі қалай дамымақ? Кеше ғана жылусыз қалған Кентау қаласы жылу ошағын жекеге сатып жібергендіктен аязға ұрынған жоқ па? Яғни, жергілікті тіршілік көзі жекшеленіп, оны бақылайтын жергілікті халық билігі болмағасын, барлық жерде апаттың құлағы қылтия бастады. Қоғамдық назар болмаса, оны билік бақылай ма? Қаңыраған кеңестік үйлерде амалсыз тұрып жатқан кешегі ауылдықтар жайында нақты неге жоба жоқ? Ең болмаса, сол шағын қалалардың айналасына көкөніс, азық өндіру  кешендерін тұрғызуға болар еді ғой.  
Міне, осы жайлар жолдауда былайша көрініс тапқан: «Жергілікті өзін өзі басқаруды жетілдіріп, барша жергілікті даму мәселелерін шешуге азаматтардың қатысуын кеңейту аса маңызды. Биылғы 1 шілдеге дейін Үкімет Жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы  жобасын  жасап бітіруі тиіс». Алайда, оны бекітетін заң жобасына халық қатыспаса, кешегі депутат болып тағайындалған шенеуніктер халықтың өзін өзі басқаруына мұрсат бермек пе?!
Жолдауда елдің апайтөс даласын игеретін орасан жоба туралы айтылып отыр: «Важное значение имеет завершение строительства  казахстанского участка международного автомобильного коридора «Западная Европа - Западный Китай». Это действительно народная стройка века. Где еще за три года было построено 2700 км. качественной автомобильной дороги? Мы должны в следующем году эту работу закончить.
Важно приступить к строительству двух новых железнодорожных линий - Жезказган-Бейнеу протяженностью 1200 километров и Аркалык-Шубарколь.
Эти проекты придадут мощный импульс развитию Жезгазган - Аркалыкского региона».  Бірақ әлемде жол салғанда, оның бойына халықты қоныстандыру саясаты қоса жоспарланады, инфрақұрылым қоса жүреді. Бізде бұл жөнінде әзір әрекет байқалмайды. Ендеше, ол соны салып берген бұралқыларға әзірлеп жатқан инфрақұрылымымыз емес пе?!
Жолдауда: «Десятое. Развитие сельского хозяйства.
Аграрный сектор Казахстана обладает большими экспортными возможностями и высоким потенциалом для внедрения инноваций.
Потребность в продовольствии с каждым годом в мире будет возрастать. Эту возможность нам упускать нельзя» - делінеді. Ал, соны өндіретін халық турасында ойландық па? Әлде ол шаруамен тек қана кекірейген аудан, облыс әкімдері мен солардың жақын-жуықтары ғана «айналыса ма»?
Міне, осы сұрақтарға жауап беру үшін де, әлгі ел қазынасын рәсуә ететін органдарды қысқартып, тікелей халықтың мұқтажымен айналысатын Ауыл министрлігі құрылсын! Ол ауылдық ұжымдық шаруашылықтар мен өндірістерді салып, құрып, қалыптастырып, әбден жүрген кезде ғана сол ауылдықтарға сатуды қолға алсын. Әлгі жолдауды жүзеге асыратын бірден бір тетік - осы! Әлде халықтың 40 пайызын қамтыған сала үшін бір министрлік ашу қолдан келмей ме?
«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1477
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1336
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1086
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1127