Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
3303 0 пікір 11 Желтоқсан, 2020 сағат 17:56

«Ауыл» партиясы Қазығұрт тауының етегінде акция өткізді

2020 жылғы 11 желтоқсан күні Түркістан облысы Қазығұрт тауының етегіндегі "Кеме қалған" алаңында "Ауылдықтар атқа қонды, қолдайық!" атты акциясы өткізіліп, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлау науқанының символикалық түрде басталғанын паш етті.

Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар: Т.С.Рахимбеков, К. К. Айтуғанов, Б. Төлеген, З. А. Әліпбеков, Д. Кәпұлы, К. А. Аралбекова,  Н. Г. Арсютин, А. А. Сатыбалдин, Д. К. Қуатов және Б. Д. Қыстауов қатысты.

"Ауыл" партиясының төрағасы Әли Бектаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Қарлығаш Аралбекова, Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат, ақын және жазушы Дәулеткерей Қапұлы құттықтау сөз сөйледі.

"Аңыз бойынша, адамзатты су тасқынынан құтқарған Нұх кемесі осы жерге тоқтады. Адамзат баласының өсіп-өнуі  дәл осы жерден бастау алады. Сондықтан қасиетті Қазығұрт жерін жаңғыру және жаңару мекені деп атауға болады. Сол себепті "Ауыл" партиясы өзінің үгіт-насихат науқанын осы жерден бастауды ұйғарды.  

"Атқа қону" ұғымы  халқымздың мүдделерін қорғау үшін күш жұмылдыруды білдіреді. Атқа қонғандар жақсылықтың жаршысы, партияның жоспарлары мен ұсыныстарының хабаршысы болады. Сондықтан барлық кандидаттардың бірінші кезектегі міндеті партияның сайлауалды бағдарламасын әрбір ауылға, әрбір қазақстандыққа жеткізу" - деп атап өтті Ә. Бектаев.

Ақсақалдардың атынан мемлекет және қоғам қайраткері, "Ауыл" партиясының Түркістан облысы бойынша өңірлік филиалының басшысы Исмат Тұрсынқұлұлы тілек білдірді.

Қазақстандық эстрада өкілдері - Жұбаныш Жексенұлы, Мейрамкүл Тантабаева, Бәкір Бектұров, "Мегаполис" триосы, Павел Ким ауыл жайлы, Отанға деген сүйіспеншілік туралы әндер шырқады.

Іс-шара "Ауылдықтар атқа қонды"шеруімен аяқталды.

Естеріңізге сала кетейік, "Ауыл" партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасын қалыптастыру алдында "Ел аманаты"атты жалпыұлттық сауалнама жүргізіп, әрбір қазақстандықтың ұсыныстары мен проблемалық мәселелерін қарастырған болатын. Ел-жұрттан жиналғанның барлық мәселелерді "Ауыл" партиясы аманат ретінде өз нұсқаулығына алды.

"Ауыл" Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының баспасөз қызметі

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2181
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2579
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2487
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1676