Жұма, 17 Мамыр 2024
3542 0 пікір 10 Желтоқсан, 2020 сағат 14:27

ҚР Үкіметі: Қатаң локдаун енгізу жоспарда жоқ

«Қазақстанда 14 желтоқсаннан бастап аймақтар карантинге жабылады» деген ақпарат жалған,- деп хабарлайды Stopfake.kz.

Қазақстандықтар мессенджерлерде ел аймақтарында 14 желтоқсаннан бастап карантин енгізіліп, блокбекеттер қойылатыны туралы жалған ақпаратпен бөлісуде.

«Хабарлама ҚР премьер-министрінің атынан облыс әкімдеріне жолданған құжаттың фотосуреті түрінде ұсынылған. Бұл – бұрмалау» деп жазады сайт.

ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды:

«Бұл хабарлама шындыққа жанаспайды, құжаттың фотосуреті – фейк. Қазақстанның аймақтары мен қалаларында блокбекеттер орнатып, 14 желтоқсаннан бастап қозғалысты шектей отырып, қатаң локдаун енгізу жоспарда жоқ. Қазақстандықтарды ресми дереккөздерден алынған ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз» делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2119
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2528
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2233
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1634