Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3095 0 пікір 9 Ақпан, 2012 сағат 05:51

Қуандық Шамахайұлы. Шыңғыс хан жасампаз тұлға ма? (жалғасы)

Американдық профессор  Жак Уэтерфордтың  «Қазіргі әлемнің негізін салушы ұлы император Шыңғыс хан» атты туындысына шолуымызды жалғасын беріп отырмыз. Естеріңізге сала кетейік аталған кітап АҚШ-та 2011 жылдың әлемдік таңдаулы кітабы ретінде танылды. Кітап турасында дүниежүзінің алдыңғы қатарлы мәдени басылымдары жарыса жазып жатыр.

Автордың пайымдауынша, монғолдар жаңа техникалық жетістік ойлап таппады, жаңа дінге де бет бұрмады, азын-аулақ әдеби кітап шығарып, драмалық пьеса сахналады демесең әлемді елең еткізер бидайдың жаңа сортын да жасамады, дәстүрлі мал шаруашылығының өзінде тың тәсілдер ойлап таба алмады. Қолөнер шеберлері тым құрығанда мата, пұл да тоқымайды, темір ыдыстар жасамайды, тіпті, нан да жаппайтын жұрт болды. Қыштан құмыра жасап, кесе, табақ та дайындауды да білмеді. Сурет жобалап, құрылыс тұрғызбады. Сөйте тұра әскери күшпен өркениетті елдерді жаулап бағындырды, олардың небір шебер жандарын топтастырып дарын-қабілеттерін ғасырлар бойы молынан пайдаланды дейді.
Шыңғыс ханнан қалған елдегі мұра негізі көпірлер ғана. Сарбаздары мен зат-тауарлар, қару-жарақтар тиеген көліктерін жүздеген өзендер арқылы бөгетсіз өткізуге көпірдің атқаратын рөлі нөпір болғандықтан шығар. Осының өзінен-ақ, көшпенділер сыртқы әлеммен зат-тауардан гөрі идея алмасуды артық санағанын аңғаруға болады. 

Американдық профессор  Жак Уэтерфордтың  «Қазіргі әлемнің негізін салушы ұлы император Шыңғыс хан» атты туындысына шолуымызды жалғасын беріп отырмыз. Естеріңізге сала кетейік аталған кітап АҚШ-та 2011 жылдың әлемдік таңдаулы кітабы ретінде танылды. Кітап турасында дүниежүзінің алдыңғы қатарлы мәдени басылымдары жарыса жазып жатыр.

Автордың пайымдауынша, монғолдар жаңа техникалық жетістік ойлап таппады, жаңа дінге де бет бұрмады, азын-аулақ әдеби кітап шығарып, драмалық пьеса сахналады демесең әлемді елең еткізер бидайдың жаңа сортын да жасамады, дәстүрлі мал шаруашылығының өзінде тың тәсілдер ойлап таба алмады. Қолөнер шеберлері тым құрығанда мата, пұл да тоқымайды, темір ыдыстар жасамайды, тіпті, нан да жаппайтын жұрт болды. Қыштан құмыра жасап, кесе, табақ та дайындауды да білмеді. Сурет жобалап, құрылыс тұрғызбады. Сөйте тұра әскери күшпен өркениетті елдерді жаулап бағындырды, олардың небір шебер жандарын топтастырып дарын-қабілеттерін ғасырлар бойы молынан пайдаланды дейді.
Шыңғыс ханнан қалған елдегі мұра негізі көпірлер ғана. Сарбаздары мен зат-тауарлар, қару-жарақтар тиеген көліктерін жүздеген өзендер арқылы бөгетсіз өткізуге көпірдің атқаратын рөлі нөпір болғандықтан шығар. Осының өзінен-ақ, көшпенділер сыртқы әлеммен зат-тауардан гөрі идея алмасуды артық санағанын аңғаруға болады. 
Кезінде монғолдар неміс шахтерлерін Қытайға, қытай дәрігерлерін Парсыға апарған.  Осылайша, мәдени құндылық атаулының бармақтайының өзін әлемге паш етумен өтті. Барған жерлерінде кілем төсеуді үлгі етіп орнықтырды. Лимон мен сәбізді Парсы жерінен Қытайға, кеспе көже мен шайды қытайдан Батысқа апарып таныстырған.  Париждің ұсталарын ауасы құрғақ Қарақорым қаласына әкеліп су бұрқақтарын жасатқан. Ағылшын ақсүйектілерін ұлы жасақ сарбаздарына тілмаш етіп алып, саусақтың табын пайдаланатын қытайлық тәсілді парсыларға енгізген. Сонымен қатар қытай жерінде христиан шіркеулерін, парсы жерінде буддизм ғибадатханаларын, Ресей жерінде ислам мәдениетінен, құраннан сауат ашатын медіреселер ашып, оны қаржыландырған. Мұның бәрін автор көшпенділер әлемнің жартысын жауласа да түрлі елдер арасында мәдени-ағартушылықты таратуда да айтарлықтай тарихи үлес қосқандығымен түсіндіреді.
Шыңғыс хан құрған империяның мұрагерлері зат-тауар тасымалдау логистикасын қалыптастырумен қатар сол тұста болмаған жаңа өнімдер де жасаған дейді. Қытай, парсы, еуропа ұсталары мен шеберлерінің жасаған түрлі оқтарға қолданылатын дәрілерін араластырып, отты допшалар жасаған. Оны еуропалықтардың мыс қоңырау жасайтын тәсілдерімен қосарлап жаңа технология ойлап табуларының арқасында кейін тапаншадан бастап, қанатты зымыран жасауға дейінгі жетістіктің жолын ашқанын мысал ретінде келтіреді.  Барлық жасалған өнімдерде өзіндік сыр-сипаты болатыны белгілі. Ал, көшпенділер сол кездің өзінде өзгенің жасаған заттарының басқаша баламасын істеп, оның технологиясын жетілдірудің жолын іздеді дейді.
Монғолдар сол тұста саяси-экономикалық, рухани-мәдени кеңістікте халықаралық сипаттағы іс-қызметтер жүргізгендігіне назар аударады. Олар дүниені жаулап алумен ғана шектелмеді. Еркін сауданы өрістетті, жалпыға ортақ халықаралық заңдылықтарды қалыптастырды, барлық тілдерде оқуға, жазуға болатын ортақ қаріпке негізделген бүкіләлемдік тәртіп орнатуға тырысты.  Шыңғыс қағанның немересі Құбылай хан әлемнің әр тарабында қолдана беруге жарамды қағаз ақша жасатты, жаппай сауат ашуды көздеп, негізгі білім беретін бастауыш мектептер ашуды қолға алды. Бұрынғыдан да жетілдірілген онмың жылдық күнтізбе жасауды бастап, ірі көлемде жер картасын да дайындаған. Олар саудагерлердің көшпенділердің ұлы империясына құрғақ құрлық арқылы келулерін барынша қолдады. Сауда-саттық пен дипломатиялық қарым-қатынасын кеңейту мақсатымен теңіз жолдарымен өз барлаушыларын Африкаға дейін аттандырған.
Монғол тайпаларының барған жерлері тек қана өртке оранып, күйреуімен ғана көзге елестетіп үйренген оқырмандарды профессор  Жак Уэтерфордтың кітабы таңдандыруы да ғажап емес. Мәдени қарым-қатынас пен сауда-саттық, өрениеттік барыс-келіс Шыңғыс мұрагерлерінің арқасында кеңейді дегенді дәлелдеуден автор еш жалықпайды. Олар Еуропадағы рыцарлық жүйені бұзды. Қытай мен ислам елдерімен салыстырғанда кедейшіліктің қамытын көп киген еуропалықтарды жаулап алуды мақсат етпеді, олардың қалалары мен  қалашықтарында тонауға тұратын да айтарлықтай байлық жоқ еді, дейді, автор.
Венеция саудагері Марко Полоның отбасы арқылы орныққан қарым-қатынастың пайдасын Еуропа көрді, өзара діндарларын, саяхатшыларын алмастырып тұрды. Саудадан түскен мол табыстың арқасында еуропалықтар бұрынғы мәдениетін жандандырып, қайта дәуірлеуді бастағанымен ең бастысы, шығыстан баспа технологиясын, отты қару-жарақ, компас, шот секілділерді алып қолданды. Ағылшын ғалымы Рожер Баконның жазуына қарағанда, ХІІІ ғасырда монғолдар әскери өнерде ғана емес, ғылымда да табыстарға жеткен көрінеді.
Көшпенділердің ықпалымен орта ғасырлық қайта дәуірлеуде техника, технология, әскери-соғыс, киім-кешек, сауда-саттық, азық-түлік, өнер, әдебиет, музыка секілді салалар бойынша еуропалықтардың тыныс-тіршілігіне елеулі өзгерістер енді. Еуропалықтар көшпенділер тоқыған матадан шалбар мен күрте киіп, бұрынғы жалаңбұт жамылғыларынан құтылып, бойларын бүтіндеді, ұятты жерлерін толықтай жапты. Музыкада да бұрынғыдай саусақпен сым тартқылап қана қоймай, енді ішекті аспапты егеп үйренді (скрипка). Сурет өнерінде де жаңа леп байқалды. Еуропалықтар көшпенділердің ұран салып, бір-біріне дем беретін үрдісін де жатсынбай қабылдады. Осының бәрін жетік білгендіктен ағылшын жазушысы Жеффри Чосер «Кантрбюр тарихы» атты туындысын  Азия қыраны - Шыңғыс ханға арнаса керек.   
Қайта дәуірлеу тұсындағы білімдар ғалымдар көшпенділер жайында осылай жазып жатқанда әлемнің тең жартысы оларды әлі күнге дейін қанға қызған жабайы тайпалар деп есептейтіндігіне автор аса таңданыс білдіреді. Жеффри Чосер немесе Байрондардың британдықтардың санасына сіңірген Шыңғыс хан мен оның қалың қолы туралы бейнелеулері расында, қазіргі түсініктен басқаша. Көшпенділер сарбаздарын алтын мен ақша тонаушы, сұлу аруларды зорлаушы етіп көрсету қазіргі көркем фильмдер мен әдеби туындыларға тән үрдіс болса керек.      
Бүгінде Шыңғыс ханның портреті де көбейген. Алайда, ол көзі тірісінде еш қашан өзінің суретін салдырып, тиын-мәнеттерге атын жаздырып, қазіргі кейбір диктаторларша ескірткіштерін тұрғыздырған жоқ. Шыңғыс ханның қазіргі суреттерінен біз танымнан гөрі күдік-күмәнді көбірек көреміз. Қытайлар байсалды қарияны салса, парсы суретшілері таққа жайғасқан түрік сұлтандарынша сұсты етіп бейнелейді.    
Жалпы, Шыңғыс хан мен оның даңқты империясы жайындағы мәліметтердің аса құпия жағдайда сақталып келгендігі тарихшылар үшін елеулі қиындық тудырып келеді.  Тарихшылар үшін ол туралы зерттегенде, жазғанда негізге алатын нақты дереккөздер салыстырмалы түрде өте аз. Монғол қолдарының жаулап алған қалалары, олардың алдында тізе бүгіп, жеңілген армиялардың тізімі секілді деректер кездесуі мүмкін. Ал, дәл Тэмүжиннің ата-тегі, мінез-құлқы, арман-мүддесі, жеке өмірі туралы нақтыланған дерек тым сирек. Шыңғыс хан дүниеден озғаннан кейін оның ет жақындарының бірі әлем әміршісінің жеке өмірі жайында жазып, оны құпия түрде сақтаған деген әңгімені қытай, парсы ғалымдары кезінде көп жазған.  Алайда, оны әзірге ешбір ғалым дәлелдей қойған жоқ.
Шыңғыс хан қайтыс болғаннан кейін жүз жылдан соң парсы тарихшысы Рашид-әл-Они монғол әрпімен, көне монғол тілінде жазылып сақталған деректі шежіре бар деп мәлімдеген. Ханның қатаң бақылауындағы жазбаны көруге және монғолша түпнұсқасын оқып ұғуға қабілетті айтулы ғалым шет жұрттарда болмады.  Монғол билігі құлап, ыдырағаннан кейін әлгі құпия шежіре туралы сөз де ұмытыла бастаған. Тіпті, оны жай бір аңыз-әпсанаға балаушылар да табылды.
Суретшілер Шыңғыс хан портретін өз қиялдарымен әртүрлі етіп салғаны секілді жазушылар мен ғалымдар да сол жолмен жүрді.     Корей, Жапоннан бастап, Армян ғалымдарына дейін Тэмүжиннің өмірін аңызға айналдырып, тым әсірелеп жіберген деген қорытындыға келеді, профессор. Сенімді әрі дәл ақпарат болмаған соң өз болжамдары мен қорқыныштарын ғана айтқаннан аса алмасы анық қой. Жүздеген жылдар өткен соң Ескендір,  Цезарь, Чарли Маше, Наполеондардың жасаған жауыздықтары мен отарлаудағы жетістіктерін атқарған тарихи рөлімен  салыстырып жазғандар көп болды. Ал, Шыңғыс хан мен көшпенділер жасаған жағымды істер ұмытылып, керісінше, оның қатыгездігін, жауыздығын біржақты әсірелеген дүниелер басым. Соның салдарынан Шыңғыс хан деген қаныпезер жендет, мейірімсіз қатал, жабайы жыртқыш іспетті теріс ұғым қалыптасқан. Тек оның өзі ғана емес, ұрпақтары да, жалпы азиялықтардың бәрі мәдениет пен өркениеттен жұрдай тағы жандар секілді жалған бейне еуропалықтардың санасына сіңіп кеткен.    
ХҮІІІ ғасырдың соңында сахналанған Вольтердің «Жетім қытай» атты драмасын автор мысалға келтіреді. Шыңғыс ханның қытай жерін жаулағаны туралы баяндалатын пьесада қанға тоймайтын жауыз бәрін қырып,  Азия даласын аңыратып иен тастаған делінеді екен. Өнер туындылардың өзінде екі жаққа алма-кезек ауытқу болғанын Чосердің Шыңғыс ханды мақтауға сөз таппағанымен, Вольтердің жамандағанда жермен жексен еткендігімен түсіндіреді. 
Шыңғыс хан тайпалары «тартар», «татар» «моғал», «моғол», «моал» және «монғол» деген бірнеше атаумен айтылғанымен шын мәнінде оның құрған империясы көп ұлттар мен ұлыстан тұратын көшпенділердің біріккен мемлекеті болатын. Шет жұрт осы атаулардың бәрін жағымсыз мағынада кемсіткен сыңайда көбірек қолданды.  ХІХ ғасырда Батыс ғалымдары азиялықтар мен Америка құрлығының байырғы тұрғындары үндістерді кемсіту үшін «монголоид» деген атауды ғылымға енгізді. Өздерін ақ нәсілді, асыл текті «еуропеид» деп атады. Егер әлдебір «еуропеид» әйел жарымес немесе мүгедек бала тапса оның арғы тегінде монғолдың қаны бар, Шыңғыстың сарбазы зорлап кеткен деген «диагноз» қояды екен. Мейлі, оның түр келбеті «монголоид» болған күннің өзінде бәрі Аллаға ғана аян дүние ғой.
Сионистер мен ұлтшыл-шовинистер де монғолдарды парсыша «моғол» деп атап кемсітіп келгені аян. Жалпы сәтсіздіктің бәрін монғолдардан көретін үрдіс бір кездері әлемде қалыптасқан. Орыстар батыстық техника мен жапондық армияның қуаттылығына жете алмағандығын Шыңғыс хан мен татар шапқыншылығынан көрген.  Парсылар да көрші елдерден артта қалып қойғандығына монғолдар ашқан соғыстың салдарына жапқан. Сол сияқты қытайлар жапон мен еуропалықтарға жете алмағандарына, үндістандықтар ағылшындардан жеңілілгеніне, ХХ ғасырда араб саясаткерлері американдықтардан бұрын атом қаруын жасай алмай қалғандықтарына тағы да монғолдарды кінәлі санаған. Егер монғол сарбаздары араб кітапханаларын өртемегенде, қалаларды күйретпегенде олар бәрін жасап тастағандай екен.
Американдықтар 2002 жылы бомбаның астынан алып талибандарды  Ауғанстаннан қуып шыққанға дейін тәлібтер сол өлкені сегіз ғасыр бойы мекендеп келе жатқан хазарларды Шыңғыс ханның тұқымы болғандықтары үшін аямай жазалаған. Саддам Хуссейн ирак халқына арнаған соңғы сөзінде американдықтарды монғолдарға ұқсатып, айыптаған. 
Саясат пен ғылымда, жалпы зерттеушілердің пайымында Шыңғыс ханның шынайы тарихының беті ашылмай құпия күйінде қала бергені кітапта жан-жақты көрініс тапқан. «Монғолдың құпия шежіресі» атты кітап түріндегі жазба ескерткіш те  атына заты сай болып жылдар бойы жасырын сақталды. Шыңғыстың кейбір құпиясын ашып,  ол туралы деректердің шет жағасын суыртпақтауға ХХ ғасырда зор мүмкіндік туды. Ол, ханның өмірдерегін баяндаған қолжазбаның табылуы. Негізі ғалымдар арасында монғолдарды менсінбейтін, теріс түсініктегі жандар болғанымен Шыңғыс хан туралы тарихи жазба бар дегенді ешқайсы жоққа шығармайтын.
Ақыры, ХІХ ғасырдың соңында қытай ханжысымен таңбаланған жазба Бейжіңде табылады.  Ғалымдар қытай жазуын танып оқығанымен сөздерін мүлде түсіне алмады. ХІІІ ғасырдағы көшпенділер сөйлескен тілді қытай қарпіне түсіргендіктен ұғу мүмкін болмады.  Ғалымдар әр тарау сайын кездесетін қытайша түйіндемелерін ғана оқиды, ал, кітаптың мазмұнына толық ене алмайды. Сондықтан оған құпия шежіре деп ат қойған.    
Құпия шежірені монғолдардың өзі Сталин тұсында зерттеуге бара алмады. Себебі, бәрін билеп-төстеген компартия оны ғылыми-коммунизмге жат мазмұнға теліген. 1953 жылы Сталин өлген соң жылымық орнады және 1961 жылы Монғолия БҰҰ-ға мүше болды.  1962 жылы Шыңғыс ханның туғанына 800 жыл толды. Мемлекет басқаруындағы екінші тұлға болып табылатын Д. Төмөр-Очир мерейтой құрметіне ұлы қағанға арнап Онон өзені жағасына ескерткіш соғу туралы шешім қабылдайды. Шыңғыс ханның 9 тұғырлы ақ туларын бейнелеген почта маркасын басып шығарады. (Тоғыз тудың ішінде қазіргі қазақ руларының да байрақтары бар)   
Көшпенділер империясының тарихи рөлін, жағымды және жағымсыз тұстарын талдаған ғылыми конференция ұйымдастырылады. Оған бүкіл монғол зор тебіреніспен қуанып, рухы көтерілді. Ал, орыстар үрке қарады. Кеңестік Ресей көршісінің бұл әрекетін ұлтшылдықты, жауыздықты дәріптеу деп сөкті. Кеңес одағы өзінің соңынан ерген Монғолияның дербес саясат ұстанып, Қытай жағына шығып кететіндігінен қатты қорықты. Компартия басшылары Д.Төмөр-Очирды ұлтшыл деп айыптап алдымен лауазымнан босатып жер аударды. Кейін КГБ жендеттерін жіберіп балтамен шауып өлтіртті.  Партия ішіне тазалаулар жүргізген монғол коммунистері кейін ғалымдар арасынан «анти-коммунистерді», «қытай тыңшыларын», «бүлікшілерді» топ-тобымен тауып, белгілі археолог-ғалым Х.Пэрлээні  Төмөр-Очирдың ұстазы әрі Шыңғыс империясының тарихын құпия зерттеуші деп айыптап, абақтыға жапты.    
Шыңғыс хан тарихына қатысты қандай бір ілік тапса болды, олар ұстаздарды, тарихшыларды, суретшілерді, ақындарды, әншілерді аяусыз жазалап жатты. Олардың көбіне жанама түрде жаза қолданды. Айталық, лауазымды қызметтерінен алып тастайды, мүлде жұмыссыз тентіретіп жібереді, қыстың қақаған аязында отбасымен пәтерден қуып шығарады, тіпті дәрігерлік көмек те көрсетілмейді. Қаладан шығарып, ең шалғайдағы ауылдарға жер аударады. Осы «тазалық» кезінде шашақты байрақтың біржолата жоғалғанына автор еш шүбә келтірмейді. Ал, соған қарамастан Ресейдің өзінде, АҚШ-та, Германияда, Францияда және Мажарстанда ғалымдар «Монғолдың құпия шежіресін» зерттеуді, оны көне көшпенділердің белгісіз тілінен қазіргі монғолшаға аударуды  жалғастыра берген.
Осылайша, 1970-жылдары көне монғол тілін зерттеуші, Австралия ғалымы Игор де Рахевилцтің жетекшілігімен жанкешті зор ғылыми талдау еңбектің нәтижесінде құпия шежіренің бірінші тарауы монғол және ағылшын тілдерінде жарық көреді. Осы тұста АҚШ ғалымы Фрацис Уэдман және Кливес тағы аударма нұсқасын жасағанын 1982 жылы Гарвард университетінің баспасы кітап етіп шығарды. Олар шежіренің кілт сөздерін аударумен қатар деректерге түсініктеме жасаған. Аталмыш ғалымдар осындай күрделі еңбекті жасау үшін алдымен ХІІІ ғасырдағы көшпенділер мәдениетімен терең сусындаған. Соның арқасында шежіренің тарихи мазмұнымен қолжазбаның қыр-сырын бүге-шігесіне дейін түсініп аударған екен.  Оны аудару үшін әлем ғалымдары оқиға болған ұлы далаға келіп, оны көзбен көріп жүрекпен тануды әрдайым естен шығармауды ескертумен келеді.
Ал, профессор Жак Уэтерфордтің «Қазіргі әлемнің негізін салушы ұлы император Шыңғыс хан» атты кітабын оқып шыққан сәтте-ақ, оның кейіпкерін расында, жасампаз тұлға екен-ау деген ойда қаласың.

(Соңы)
«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2150
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2557
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2387
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661