Жұма, 26 Сәуір 2024
3132 6 пікір 5 Желтоқсан, 2020 сағат 13:17

Президенттік кадр резервінің екінші іріктеуі болады

2021 жылы Президенттік кадр резервінің екінші іріктеуі болады. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова мәлімдеді. 

Іріктеуден 50 адам өтеді. Үміткерлерге қойылатын талаптар күшейтілген. Резервті жасақтау кезінде қоғамдық мүдделерді негізге алатын тұлғаларға өзгерістер жөнінде нақты тәжірибесі бар заманауи азаматтарға басымдық беріледі. Мұны Президенттің қабылдауында болған Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев ең үздік үміткерлерді таңдау үшін іріктеу жұмыстарын сапалы әрі ашық өткізудің маңызды екенін атап өтті.

Сонымен қатар Анар Жайылғанова мемлекеттік қызметке іріктеу жүйесін жетілдіру ісіне де тоқталды.

Оның айтуынша, осы бағытта басшылық және атқарушылық қызметтерге қойылатын құзыреттерді анықтау үшін тестілеу емес, сұхбат өткізу ұсынылып отыр. Бұл іріктеудің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2021 жылдың басында өтетін Президенттік кадр резервінің екінші іріктеуіне дайындық жұмыстары туралы ақпарат берілді. Іріктеуден 50 адам өтеді. Анар Жайылғанова үміткерлерге қойылатын критерийлер мен біліктілік талаптарының күшейтілгені туралы айтты. 4

Резервті жасақтау кезінде қоғамдық мүдделерді негізге алатын тұлғаларға басымдық беріліп, өзгерістер жөнінде нақты тәжірибесі бар заманауи басшыларды анықтауға мән беріледі.

Abai.kz

6 пікір