Жексенбі, 5 Мамыр 2024
2146 3 пікір 4 Желтоқсан, 2020 сағат 16:16

ОСК ADAL партиясының тізімін тіркеді

Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауына «ADAL» партиясының партиялық тізімін тіркеу туралы қаулы қабылданды.

Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 89-бабына сәйкес, тіркеуге бір саяси партиядан оған саяси партиялар арасында бөлінетін депутаттық мандаттардың белгіленген санының 30 пайызынан аспайтын адамдар саны енгізілген бір ғана тізім жіберіледі. Партиялық тізімде әйелдер мен 29 жасқа толмаған адамдардың саны оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде 30 пайызын құрауға тиіс», - деді ҚР ОСК мүшесі Асылбек Смағұлов.

Оның айтуынша, «ADAL» партиясының партиялық тізімінде 16 адам бар, оған бес әйел және 29 жасқа толмаған азаматтар енгізілген. Яғни бұл тізімге енгізілгендердің жалпы санының 31,2 пайызын құрайды. Орталық сайлау комиссиясы уәкілетті органдармен бірлесіп, Мәжіліс депутаты болып сайлану үшін партиялық тізімге енгізілген адамдардың Конституция мен «Сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізді.

Партиялық тізімге енгізілген барлық адамдар Конституцияның және «Сайлау туралы» конституциялық заңның талаптарына сәйкес келеді», - деді ол.

Осыған байланысты Орталық сайлау комиссиясының мүшелері «2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауына «ADAL» партиясының партиялық тізімін тіркеу туралы» қаулы қабылдады.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1426
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1267
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1027
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1081